Төрт түліктің пайдасын білуге үйрету
Мақсат-міндеттер
Мақсаты
- Сөздік қорын молайту.
- Ауыз әдебиетіне қызығушылығын арттыру.
- Есте сақтауын күшейтіп, жүйелі әңгімелеуге дағдыландыру.
- Төрт түліктің пайдасын түсіндіріп, қадірін білуге үйрету.
Білімділік • Дамытушылық • Тәрбиелік
Білімділік: төрт түліктің пайдасын білуге үйрету.
Дамытушылық: баланың есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: төрт түлікті аялауға, қамқорлық жасауға, баптап-бағуға тәрбиелеу.
Құралдар мен дайындық
Қолданылған құралдар:
- Жасыл шөп үстіндегі төрт түлік бейнелері.
- Мал пірлері мен түлік иесі кейіпкерлері.
- Кейіпкерлердің киімдері.
- Малдан алынатын өнімдердің үлгілері.
Алдын ала жасалған жұмыстар:
- Мал базарына саяхат жасап, төрт түлікті бақылау.
- Түрлерін, қорегін, баптау жолдарын түсіндіру.
- Оқу іс-әрекетінде өнімдер туралы әңгімелеу.
- Сүзбеден құрт жасау (тәжірибелік жұмыс).
Барысы
Ерте, ерте, ертеде төрт түлік мал өзара таласып, әрқайсысы адамға пайдасын айтып дауласыпты.
Қойдың сөзі
Қорасында маңыраған, қозысымен жамыраған.
Аппақ қою сүті бар, ақ шағала құрты бар.
Ақтылы қой жануармын.
Сиырдың сөзі
Даусым бар қазандай, мүйізім бар жылтылдақ.
Буыным бар сыртылдақ, оқыра тисе жөңкеймін.
Зеңгі баласы сиырмын.
Түйенің сөзі
Көзім жарық жұлдыздай, мойным иір қобыздай.
Құйрығым ұзын қамшыдай, салтанатты көшірткен.
Көшкенде жолды шаңдатқан — түйе деген мен болам!
Жылқының сөзі
Қоғалы көлді жайлаған, қоғалының басын шайнаған.
«Ер қанаты — өзім», ел қуанып айдаған.
Жылқы деген жануармын.
Аяулымның тоқтамы
Түйеден жығылсам — түйе шудасын төсейді.
Аттан жығылсам — ат жалын төсейді.
Сиырдан жығылсам — сиыр мүйізін төсейді.
Қойдан жығылсам — қой жабағысын төсейді.
Сендер бәрің де адамға керексіңдер, таласпаңдар. Міне, өз пірлерің де келді.
Төрт түліктің пірлері
Рамазан: «Ойсылқара» — келенің бурасы екен, буралығын білдірген шудасы екен.
Амина: «Шопан ата» — саулықтың қошқары екен, егіздетіп жылда төл қосқан екен.
Махаббат: «Зеңгі баба» — сиырдың бұқасы екен, ет пен майға өң бойы тұтас екен.
Али: «Қамбар ата» — үйірдің айғыры екен, құлын-тайы көбейген байлығы екен.
Тәрбиеші мен балалардың диалогы
Тәрбиеші: Мал баласын қалай сүйеді?
Балалар: Қой сүйеді баласын «қоңырым» деп, ештеңені білмейтін «момыным» деп.
Балалар: Сиыр сүйеді баласын «торпағым» деп, қараңғыда баспаған «қорқағым» деп.
Балалар: Түйе сүйеді баласын «боташым» деп, жәудіреген көзіңнен «тоташым» деп.
Балалар: Жылқы сүйеді баласын «құлыным» деп, тұлпар болып жүгірер «жұлыным» деп.
Тәрбиеші: Енді төл иесі бата береді.
Жаннұр:
Шопан ата баласы, қойлар бассын үйіңді.
Қойлар басса үйіңді, қоймай бассын үйіңді!
Сиыр берсең — сүтті бер.
Зеңгі баба баласы, сиыр бассын үйіңді!
Қуғандарға жеткізбей, қашқандарды қоймаған,
Қамбар ата баласы, жылқы бассын үйіңді!
Шудаларын шаң басқан, төрт аяғын тең басқан,
Шешіп үйін жүктеген Ойсылқара баласы —
Түйе бассын үйіңді!
Еттің сіңімділігі туралы
Төрт түліктің еті адамға әртүрлі сіңеді:
- Жылқы еті — төсек салып жатқанша.
- Сиыр еті — таң сарғайып атқанша.
- Қой еті — келесі күн батқанша.
Төрт түліктің пайдасы
Дәстүрлі түсінік бойынша:
- Түйе
- байлық.
- Қой
- мырзалық.
- Жылқы
- сән-салтанат.
- Сиыр
- ақтық (сүт-береке).
Қонақтарға тілек
Қазандарың майлы болсын!
Береке-ырыс арта берсін.
Шайларың сүтті болсын!
Дастарқандарың мол болсын.
Төрт түліктерің сай болсын!
Қуаныш-құт үйден кетпесін.