Геометриялық пішіндерді ажырата отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
«Балдырған» балалар бөбек бақшасының ІІ санатты тәрбиешісі Жуманова Гүлжан Сағымбайқызы өткізген ҚМТҚ пәнінен ашық сабақ (ортаңғы топ).
Топ және бағыт
Тобы
Ортаңғы №1 топ
Білім беру саласы
Қатынас
Бөлімі
ҚМТҚ
Тақырыбы
Сандарды қайталау
Мақсаты
- 1-ден 5-ке дейінгі сандарды қайталау.
- Геометриялық пішіндерді ажырата отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
- Есте сақтау, қабылдау және ойлау қабілеттерін дамыту.
- Сөздік қорын молайту.
Әдіс-тәсілдері
- Сұрақ-жауап.
- «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің желісі бойынша.
- Ойындар арқылы.
- Үлестірмелі материалдармен жұмыс.
Көрнекілігі
- «Мақта қыз бен мысық» ертегісі кейіпкерлерінің суреттері.
- Сандар, геометриялық пішіндер, суреттер.
Мотивациялық-қозғаушы кезең
Шаттық шеңберӨлең жолдары
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып.
Құтты қонақ келіпті,
Төріме міне еніпті.
Үлкенге де «Сіз»,
Кішіге де «Сіз»,
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз «Біз»!
Әңгімелесу және сұрақтар
- Сәлеметсіздер ме! Бүгінгі күндерің сәтті өтсін.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілінде неше ай бар?
- Ол қандай айлар?
- Бір аптада неше күн бар?
Ұйымдастырушылық-ізденіс кезең
Бүгін бізде қарапайым математикалық ұғымдар бойынша ашық оқу іс-әрекеті өтеді. Тақырыбымыз — «Сандарды қайталау».
Есік қағылады: «Мақта қыз бен мысық»
Есік қағылып, Мақта қыз бен мысық кіріп келеді. Екеуі ренжісіп қалған: Мақта қыздың қолында мысықтың құйрығы болады. Екеуі балалармен амандасады.
Сұрақ-жауап
— Сендерге не болды? Неге ренжісіп жүрсіңдер?
— Балалар, мысық мен айтқан тапсырмаларды орындауы керек. Әйтпесе, мен оның құйрығын қайтармаймын.
— Балалар, мысыққа көмектесеміз бе? Мақта қыздың тапсырмаларын орындаймыз ба?
Ертегіні еске түсіру
Мысықтың тапсырмаларын орындау үшін алдымен ертегіні есімізге түсірейік. Мен сендерге жұмбақ жасырамын. Жұмбақты шешсеңдер, мысықтың кімге баратынын табамыз.
Жұмбақ
Екі найзасы бар,
Екі айнасы бар.
Төрт жылтырмағы бар,
Бір шыбыртқысы бар.
Келесі тапсырма
Енді сиырдың тапсырмасын тыңдайық: 1-ден 5-ке дейінгі сандарды тура және кері санау.