Күміс жаңбыр

Сабақ тақырыбы

Қазақ тілі: «Етістікті қайталау»

Мақсаты

  • Етістік туралы түсініктерін кеңейту, білімдерін жинақтау және бекіту.
  • Шығармашылық жұмыс арқылы ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін дамыту.
  • Сауатты жазу дағдысын қалыптастыру.
  • Түрлі тапсырмалар арқылы негізгі құзыреттіліктерді дамыту.

Тәрбиелік бағыты

  • Тапқырлыққа, әсемдікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
  • Топпен жұмыс істей білуге үйрету.

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап
  • Талдау және жинақтау
  • Көрнекілік

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, математика.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

  1. 1Ұйымдастыру кезеңі
  2. 2Психологиялық дайындық
  3. 3Сабақ ережесімен таныстыру
  4. 4Оқушыларды топқа бөлу (берілген сандардың бірінші әріптерін алу арқылы)

Топқа бөлу

1) 9 6 1 ы 8

«Табыс» тобы

2) 3 1000 і 9

«Үміт» тобы

3) Ш 6 ру 6

«Шаруа» тобы

Бүгінгі сабағымызда көктем мезгіліне сай үш қожалық болып жарысамыз: «Табыс» қожалығы — бидай өнімін молайту үшін, «Үміт» қожалығы — қой өнімін арттыру үшін, «Шаруа» қожалығы — құс өнімін көбейту үшін. Берілген тапсырмаларға нақты әрі толық жауап берсек, әр қожалық көздеген нәтижесіне жетеді.

Сабақ бөлімдері

1-бөлім

Білгенге маржан, білмеске арзан

2-бөлім

Ой қозғау

3-бөлім

Ойға түстім, ойландым

4-бөлім

Сәулең болса кеудеңде

5-бөлім

Пантомима ойыны

6-бөлім

Ой түбінде алтын бар, ойлай берсең табарсың

Мағынаны ашу: тапсырмалар жүйесі

1-бөлім: «Білгенге маржан, білмеске арзан»

Әр топ бір-біріне 4 сұрақтан қояды. Жауаптар толық әрі нақты болуы тиіс.

Ескерту

Сұрақ қоя білу және дәл жауап беру — топтық жұмыстың негізгі өлшемі.

2-бөлім: «Ой қозғау»

Тақтадан шыққан әріптерді таңдап, сол әріптер бойынша етістікке мысал келтіреміз. Бұл — топтық жарыс: әр топ мүшесі бір етістік жазуы керек.

Е

екті

Ж

жауды

Қ

қарады

К

келді

Т

толды

А

ақты

3-бөлім: «Ойға түстім, ойландым»

Жұмбақты жатқа айтып, жазамыз. Қай топ бірінші болып дұрыс жазып, оқып берсе — ұпай алады.

Асын ішіп, бетін жуады. Ұйқы қысып, көзін жұмады. Іші пысып, торғай қуады.

Жауабы:

Мысық

Ой сергіту жаттығуы

Берілген зат есімдерге етістік тіркестіріп, кідірмей айтыңдар:

жел күн найзағай жаңбыр қоңырау палуандар

4-бөлім: «Сәулең болса кеудеңде»

Әр топқа сурет беріледі. Тапсырмалар:

  • Сурет бойынша сөйлем құрау.
  • Суретке сәйкес мақал-мәтел айту.

5-бөлім: «Пантомима ойыны»

Әр топ басшысына сөйлем беріледі. Басшы сөйлемді қимылмен көрсетеді, ал қалған оқушылар шешімін табады.

Сөйлем 1

Таңертең ұйқыдан тұрып, жаттығу жасап, төсегімді жинадым.

Сөйлем 2

Бет-қолымды жуып, тамақ ішіп, сабаққа киіндім.

Сөйлем 3

Балаларға телефон соғып, футбол ойнауға шақырдым — олар қуанды.

6-бөлім: «Ой түбінде алтын бар, ойлай берсең табарсың»

Шығармашылық тапсырма: көктем мезгіліне байланысты берілген ұйқастарды сақтай отырып, төрт жол өлең құрастыру. Соңында етістікті тауып, оған сұрақ қою.

Өлең үлгісі

Көктем қандай ...........

Күміс жаңбыр ..............

Мөлдір аспан ................

Күннің көзі .................

Қорытынды

Сабақты қорытындылау

Оқушылардың жауаптарын жинақтап, негізгі ұғымдарды пысықтау.

Ой түйіндеу және бағалау

Жұмыс нәтижесін талдау, бағалау, үздіктерді марапаттау.

Үй тапсырмасы

«Көңілді көктем» тақырыбында шағын әңгіме жазып келу.