Толғауды жаттау
Сабақтың тақырыбы
Дулат Бабатайұлы — «Аягөз, қайда барасың?!» толғауы.
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
- Ақын өмірі туралы мәлімет беру арқылы шығармаларының маңызын таныту.
- Толғаудың тақырыбы мен идеясын, көркемдік-стильдік ерекшелігін анықтау.
Дамытушылық
- Оқушының сөйлеу мәдениетін дамыту, ойын еркін әрі жатық жеткізуге дағдыландыру.
- Мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру.
- Өз бетімен ізденуге, қосымша материалды іріктеуге және ой қорытуға үйрету.
Тәрбиелік
- Туған жерінен, атақонысынан айырылған халықтың күйін суреттеген ақынның жанайқайын ұғындыру.
- Туған жерге сүйіспеншілікке, адамгершілікке, қасиетті құндылықтарды қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі
Жаңа білімді меңгерту.
Пәнаралық байланыс
Қолданылатын ресурстар мен әдістер
Көрнекі құралдар
- Ақын өмірі туралы слайдтар
- Видеоролик
- Ғалымдардың Дулат туралы пікірлері
Оқыту әдістері
- Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту
- Блум таксономиясы
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу, түгендеу.
- Сынып тазалығын тексеру.
2) Үй тапсырмасын тексеру
1-сұрақ: Төле, Әйтеке, Қазыбек билердің шешендік сөздеріндегі идеялық ортақ ойды салыстырып әңгімелеңдер.
2-сұрақ: Шешенге тән қасиеттер қандай?
3) Жаңа сабақ кезеңі (слайдтар бойынша)
1-слайд • «Мағынаны тану»
Слайдтан XIX ғасырдың тарихи көріністері көрсетіледі. Оқушыларға: «Мына көріністер нені еске түсіреді?» деген сұрақ қойылады. Жауаптар негізінде сабақ тақырыбы хабарланып, дәптерге жаздырылады. Ақын туралы мәлімет Блум таксономиясы бойынша түсіндіріледі.
2-слайд • «Біліңіз»
Дулат Бабатайұлының өмірі туралы мәлімет беріледі. Ақынның туған жері және оның орналасуына қысқаша сипаттама жасалады.
3-слайд • «Түсініңіз»
«Аягөз, қайда барасың?!» толғауын оқушылар мәнерлеп оқиды.
4-слайд • «Оқыңыз, талдаңыз»
Толғау мазмұнымен жүйелі жұмыс жүргізіледі. Талқылауға ұсынылатын сұрақтар:
- Сіз не байқадыңыз?
- Аягөз өзені қайдан бастау алады?
- Ақын өзенді қалай суреттейді?
5-слайд • «Қолданыңыз»
Өлеңдегі кейбір тармақтардың мағынасы ашылады. Талқылауға арналған тірек жолдар:
«Аягөз кімнің жері еді? Не деп жауап береді?
Жезден қарғы тағынды? Майырға болды жағымды.
Ел екіге жарылды. Дуан салып жайланып.
Қонысынан мал тайса, Құты кетіп жұт болмақ.»
6-слайд • «Салыстырыңыз»
Абай мен Дулат шығармаларындағы ой үндестігі анықталады. Үлгі ретінде келесі үзінділер салыстырылады:
Дулат
«Орыстың көрсе ұлығын,
Қыздан-дағы қылықты.
Майырдың алса бұйрығын,
Борбайға қысып құйрығын,
Ел пысығы жортады-ай...»
«Жыршының аты жыршы ма,
Әркімнен өлең жаттаса.
Сөз — жібек жіп, жыр — кесте,
Айшығы айқын көрінбес,
Өрнексіз қылып баттаса...»
Абай
«Күштілерім сөз айтса,
Бас изеймін шыбындап.
Әлсіздің сөзін салғыртсып,
Шала ұғамын қырындап...»
«Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы...»
7-слайд • «Пайымдау»
Өлеңнің идеясы анықталады. Талқылау сұрақтары:
- Ақын жырларының басты тақырыбы қандай?
- Ақынның арманы не?
4) Сабақты қорытындылау
8-слайд • Ойтолғаныс
«Елімнің еркіндігі — тәуелсіздік» тақырыбында ойтолғау жазу/айту.
9-слайд • «Ашығын айтсақ...» қысқаша ток-шоу
- Дулат бейнелеген кейіпкерлер арқылы болашаққа қандай қорытынды жасадыңыз?
- Дулат жырлаған жер мәселесінің бүгінгі ахуалы қандай?
- Отаршылдық қысымында қалған жерлер туралы не айта аламыз?
10-слайд • Дәйексөз
«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық мемлекетінің нығайып, көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!»
11-слайд • Видеоролик
Б. Тілеухановтың «Елім менің» әні арқылы сабақты түйіндеу.
5) Үй тапсырмасы және бағалау
Үйге тапсырма: толғауды жаттау; шығармашылық жұмысты аяқтау.
Бағалау: сабақ барысындағы жауап беру белсенділігі, талдау сапасы, ойтолғаныс мазмұны бойынша жүргізіледі.