Қайып тігу
Сабақ жоспары №13
Сабақтың тақырыбы
Машина тігістері
Сабақтың түрі
Ашық сабақ
Сабақтың әдісі
СТО технологиясы, сарамандық жұмыс
Сабақтың мақсаты
Машина тігісінің түрлері мен терминологиясы туралы білім беру.
а) Білімділік
Тұрмыстық тігін машинасымен жұмыс істеуді үйрету, машинатануға қатысты танымын және түсінігін қалыптастыру.
ә) Дамытушылық
Оқушыларды жинақылыққа, ойды тұжырымдай білуге, тиянақтылық пен әсемдікке баулу.
б) Тәрбиелік
Басталған жұмысты жауапкершілікпен, шыдамдылықпен және ұқыптылықпен орындауға үйрету, тазалыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
- Оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады.
- Ойлау және есте сақтау қабілеті артады.
- Сабаққа қызығушылығы өсіп, білімін толықтырады.
Көрнекілігі
- Слайд көрсету
- Нұсқау карта
- Түрлі түсті қиындылар
- Мата қиындылары
Пәнаралық байланыс
- Математика
- Әдебиет
- Сызу
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру
1 минут
- Сәлемдесу.
- Оқушыларды түгендеу.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Оқушы білімін тексеру (өткен тақырыпты қайталау)
10 минут
Сұрақтар
- Ең алғаш тігін машинасының жобасын ұсынған кім?
- Тігін машинасының түрлерін атаңыз.
- Астыңғы жіп реттеуіштің құрылысын түсіндіріңіз.
- Үстіңгі жіп реттеуішті атаңыз.
- Қол жұмысы кезінде қолданылатын құралдарды атаңыз.
Сөзжұмбақ (қызығушылықты ояту)
- Өлшем алу құралы
- Тоқыма біз атауы
- Киімге түсетін із
- Ою атауы
- Табиғи талшық
- Әжелердің киімі
- Қазақша «клей» атауы
Қайталау тесті
Өткен сабақтар бойынша қысқаша тест тапсырмалары орындалады.
III. Жаңа сабақ (мағынаны ашу)
10 минут
Жетелеуші сұрақтар
- «Машина тігістері» деген ұғымды естігеніміз бар ма?
- Қандай тігіс түрлерін білеміз?
- Күнделікті қолданатын тігіс атауларын атаңыз.
Негізгі ұғымдар
- Машина тігісі
- Бір немесе бірнеше қабат материалды тігім арқылы қосқанда алынатын тігіс.
- Тігіс
- Бөлшектердің жіппен жалғасқан орны.
- Тігім
- Инешаншымдардың қайталану қатары.
- Инешаншым
- Иненің екі шаншымы арасындағы жіп бөлігі.
Біріктіруші тігістер
Машина тігістері бірнеше түрге бөлінеді. Бұл сабақта киім бөлшектерін біріктіруге арналған тігістерге басымдық беріледі. Біріктіруші тігістер әдетте бөлшектің екі жағында жатады (мысалы, бүйір, иық және басқа бөлшектерді біріктіру).
Біріктіруші тігіс 4 түрге бөлінеді:
- Қайып тігу
- Жапсырып тігу
- Өбістіріп тігу
- Тұйықтап тігу
1) Қайып тігу
Киімнің иық, бүйір және басқа да қиықтарын өзара біріктіруде қолданылады. Бөлшектердің оң жақтары ішке қаратылып беттестіріледі, қиық шеттері теңестіріледі де қайып тігіледі.
Өлшемдік талаптар
- Тігіс ені: сетінегіш маталарда — 1,5 см.
- Тігіс ені: сетінемейтін маталарда — 1 см.
2) Жапсырып тігу
Орындау ерекшелігіне қарай ашық қиықты және жасырын қиықты болып бөлінеді.
Ашық қиықты жапсыру
Киімнің төсемесін (прокладка) бір-біріне жалғастыруда қолданылады: төсеменің екі шеті айқастырылады да, машинамен қайып тігіледі.
- Айқаспа тігіс ені: 0,6–1 см.
- Төсем шеті мен тігіс аралығы: 0,3–0,5 см.
Жасырын қиықты жапсыру
Фигуралы немесе түзу пішілген иінішті және жапсырма қалтаны негізгі бөлшекке біріктіруде қолданылады. Жасырылатын қиық сәндік тігіс енінен 1–1,5 см артық алынып, екінші бөлшектің қиығының үстіне дәл орналастырыла отырып қайып тігіледі.
3) Өбістіріп тігу
Киімнің астараралық маталарын өзара бекітуге қолданылады. Бекітілетін маталардың шеттері түйістіріле қойылып, әр шетінен 0,5 см аралықта жапсырып тігіледі. Кейде қатар тігістердің арасы машинамен иректеп қосылады.
Бұл тігіс көбіне сыртқы киімдерде қолданылады.
4) Тұйықтап тігу
Жасырын тігіске ұқсас. Бұл тәсілде бөлшек шеттері тұйықтала бекітіледі, ал бөлшектің екі жағынан да өзара параллель түскен тігістер көрініп тұрады.
IV. №12 — Сарамандық жұмыс
15 минут
Тақырыбы
Машина тігістерінің орындалуы
Мақсаты
Оқушыларға тігін машинасында тігіс орындау жолдарын меңгерту және қол тігіс дағдыларын бекіту.
Құрал-жабдықтар
- Үтік
- Қайшы
- Қол тігін машинасы
- Бор
- Сызғыш
- Ине-жіп
- Қалам, қарындаш
Тігін машинасымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері (ТҚЕ)
- Шаш машинаның айналасына ілініп кетпеуі үшін шашты жинақы ұстау немесе орамал тағу.
- Мата табан астына дұрыс бекітілмей тұрып машинаны жүргізуге болмайды.
- Жұмыс кезінде қолды дұрыс ұстау: дұрыс ұстамау саусақты инемен шаншып алуға әкелуі мүмкін.
- Тігу кезінде матаны қолмен тартпау: ине сынып кетуі мүмкін.
- Жұмыс барысында қозғалыстағы бөлшектерге жақын еңкеймеу.
- Сырып тігу алдында тігіс бойында инелер мен түйреуіштердің қалмағанын тексеру.
- Жұмыс басталар алдында реттегіш бұрандасының орнықтылығын және иненің ине тесігіне дәл келуін тексеру.
- Кәсіптік үстелдің аяқ жағына резеңке төсеніш төсеу.
- Маховик айналып тұрған кезде қасында қайшы, ине-жіп қалдырмау.
- Қажетті құрал-жабдықтарды арнайы қорапшада сақтау.
Жеке тапсырмалар
Оқушыларға технологиялық нұсқау карталары таратылады. Әр картада жеке тапсырма беріледі:
- Қайып тігу
- Жапсырып тігу
- Өбістіріп тігу
- Тұйықтап тігу
Сергіту сәті: «Кім ұшқыр?» (мақал-мәтелді жалғастыру)
- Бүгінгі істі … қалдырма.
- Жеті рет өлшеп, … кес.
- Ақыл көпке жеткізер, Өнер … жеткізер. (көкке)
- Өнер қуып ой түзе, Жұмыс … қылып бой түзе. (қылып)
- Өнерлі жігіт өрде озар, Өнерсіз жігіт … соғар. (жер)
- Өнерліге … . (есік ашық)
- Өнерлі адам … . (ешкімге жалынбайды)
V. Бекіту (ой толғаныс)
5 минут
- Қол тігістерін атаңыз.
- Әжелеріміз кесте тіккенде қандай тігісті жиі қолданған?
- Тақтадан тігін машинасының түрлерін көрсетіп, айырмашылығын түсіндіріңіз.
Тігін машинасының түрлері
- Қолжетекті
- Аяқжетекті
- Электржетекті
VI. Сабақты қорытындылау
3 минут
Нұсқау карта бойынша орындалған жұмыстар талданып, орындалу реті мен нәтижесі түсіндіріледі.
VII. Оқушыларды бағалау
1 минут
Оқушылардың теориялық жауаптары мен сарамандық жұмыстағы орындау сапасы бойынша бағаланады.
Үй тапсырмасы
- «Машина тігістері» тақырыбын оқу.
- Сарамандық жұмысты аяқтау.