Ауыл жылдары

Кіріспе

Мұғалім: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді Білім күнімен құттықтаймын! Бүгін назарларыңызға «Нышандарды құрметтеу — халықты құрметтеу» атты тәрбие сағатын ұсынамыз.

Салтанатты сәт: Әнұран орындалады. Одан кейін сабақтың мақсаты мен жоспары таныстырылады.

Мемлекеттік рәміздер: құқықтық негіз және мәні

Егемен еліміз 1992 жылғы 4 маусымда Мемлекеттік рәміздерді — Ту, Елтаңба, Әнұранды бекітті. 4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні болып белгіленген.

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды. Конституцияның 9-бабында мемлекеттік рәміздердің сипаттамасы мен ресми пайдалану тәртібі конституциялық заңмен бекітілетіні көрсетілген. 34-бапта әркім республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті екені айтылады.

Мемлекеттік рәміздер — белгілі бір елдің өмір салтын, болмыс-бітімін, арман-аңсарын және әлеммен байланыс мұраттарын бейнелейтін қасиетті нышандар. Сондықтан әрбір азамат олардың мәнін терең түсініп, қастерлей білуі керек.

Түйін ой

Елтаңба, Ту, Әнұран — тәуелсіздіктің айқын белгісі. Қасиетті рәміздерді құрметтеу — елді құрметтеу.

I бөлім: «Еліміздің рәміздері»

Ой қозғау

Рәміз дегенді қалай түсінесіңдер? Рәмізге нелерді жатқызар едіңдер?

Конституция Астана Ту Әнұран Елтаңба Президент

Ту

1-топ

Мөлдір, бұлтсыз ашық аспан күмбезің,
Бейнелеген алтын шапақ күн көзін.
Адалдық пен пәктік — көңіл нышаны,
Көріп жүрмін көк Туымды күнде өзім.

Көгілдір түс — мөлдірлік пен тазалық,
Бейбітшілік, тыныштықтың нышаны.
Қазағымның ұлттық «қошқар мүйіз» өрнегі
Көңілімде қастерлі бір мұрадай.

Қыран құстай маңғаз әрі қырағы —
Бейбіт күннің айбыны мен тұрағы.
Сондықтанда көк Туымда қалықтап,
Қыран бүркіт қанат жайып тұрады.

Елтаңба

2-топ

Көгілдір түс аясында шаңырағым шарықтап,
Қанатты пырақ қалықтайды — асқақтап.
Алтын уық — күн сәулесіндей шаншылып,
Қасиетті Елтаңбам тұр жарқырап.

Түп төрінде жарқырайды жұлдызым —
Бағдар берген биік мұрат, нұрлы ізім.
Ортасында «Қазақстан» деп жазылған,
Жүрегіме қуат берген бір сезім.

Шаңырақ — елдік арқау, берік бірлік белгісі,
Пырақ — еркіндік рухы, өрлік пенен сертісі.
Міне, осындай айқын бейне — Елтаңба,
Жадта мәңгі сақталар ел өрнегі.

Әнұран

3-топ

Мемлекеттік Әнұран — еліміздің музыкалық-поэтикалық эмблемасы, халық жүрегінің лүпілін тұмар қып түйген рухани құжат.

Жеңістерге қолбасындай,
Ерліктердің жолдасындай
Еліміздің Әнұраны
Жүректерде жаңғырады.

Әйгілісің әуеніңмен әлемге,
Әнұраным, пәктігіңді дәлелде.
Қазағыма қайсар шабыт бергендей,
Ұран болып айтыла бер әр елде.

Әрлі әуенің шартарапты шайқайды,
Күш-қуатын күллі халық байқай да.
Шабыт берген Әнұранды әрқашан
Маңғаз елім мақтанышпен айтады.

Рәміз авторлары туралы қысқаша дерек

Мемлекеттік Тудың авторы
Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков — ҚР Мемлекеттік Туының авторы, Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері. 1938 жылы 12 қарашада Тараз қаласында дүниеге келген. Ленинград жоғары көркем-өнер училищесін бітірген, Алматы қаласының бас суретшісі болған.
Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары

Жандарбек Мәлібекұлы — сәулетші, 1942 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында туған. Ташкент политехникалық институтының сәулет факультетін бітірген.

Шотаман Ыдырысұлы Уәлихан — Қазақстанға еңбегі сіңген сәулетші, 1932 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында туған. Мәскеу архитектуралық институтын тәмамдаған.

Мемлекеттік Әнұранның авторлары

Әні

Шәмші Қалдаяқов — «Менің Қазақстаным» әнінің авторы, халық жүрегінде мәңгі сақталған ұлы сазгер.

Сөзі

Жұмекен Нәжімеденов — ұлттық бояуы қанық қаламгер, 1959 жылы «Менің Қазақстаным» әніне сөз жазған.

Сөзін толықтырған

Нұрсұлтан Назарбаев — бірлік пен татулық идеясын ұлықтаған мемлекет қайраткері.

II бөлім: «Тұғыры биік Қазақстан» (сайыс)

Бұл бөлім жарыс түрінде өтеді. Мақсат — Қазақстан туралы білімдеріңді жинақтап, нақты жауап беруге дағдылану.

А) «Қазақ елі — менің Отаным»

  1. Тәуелсіздікті қай жылы алды?
  2. Егемендік туралы Декларация қай жылы қабылданды?
  3. Қазақстан неге «Еуразияның кіндігі» деп аталады?
  4. Жер көлемі бойынша Қазақстан нешінші орында?
  5. Еліміздің жер көлемі қанша?
  6. ҚР шекарасының жалпы ұзындығы қанша?
  7. Солтүстіктен оңтүстікке дейінгі қашықтық қанша шақырым?
  8. Қазақстанда қанша облыс бар?
  9. Қазақстанда қанша ұлт өкілі тұрады?
  10. Қазақстан неше мемлекетпен шектеседі?
  11. ҚР-ның тұңғыш Президенті кім?
  12. ҚР-ның жаңа астанасын атаңыз.
  13. Ұлттық валюта теңге қашан айналымға енгізілді?
  14. ҚР-ның қазіргі Конституциясы қашан қабылданды?
  15. ҚР-ның мемлекеттік рәміздерін атаңыз.

Ә) «Жылдар жемісі»

Слайдта берілген жылдар бойынша оқиғалардың мағынасын ашып, тарихи тізбекті құрастыру.

1991

16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы заң қабылданды. 21 желтоқсанда ТМД құрылды. 1 желтоқсанда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тұңғыш рет Президент болып сайланды.

1992

Қазақстан БҰҰ-ға мүше болды. Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері қабылданды. Қазан айында тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.

1993

Тұңғыш Конституция қабылданды. 12 қарашада төл теңге дүниеге келді.

1995

30 тамызда жаңа Ата заң қабылданды. Абай Құнанбайұлының 150 жылдығы ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтті.

1997

Елорда Астанаға көшірілді. «Қазақстан — 2030» жолдауы жарияланды. Жалпыұлттық татулық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы.

2003–2005

Ауыл жылдары.

2006

Тәуелсіздікке 15 жыл. 7 қаңтарда жаңа Әнұран қабылданды. Қазақстандағы Ресей жылы.

2010

ЕҚЫҰ саммиті.

2011

Қысқы VII Азия ойындары өтті. 3 сәуірде кезектен тыс Президенттік сайлау өткізілді.

Б) «Қазақстанға саяхат» (картамен жұмыс)

Топтарға Қазақстанның өзендері, көлдері, облыстары, таулары мен жазықтарының атаулары беріледі. Картадан көрсету қажет.

Мұнайлы өлке

Батыс Қазақстан

Қазақтың ұшақ шоқысы

Сарыарқа

Күріш өсіретін аймақ

Қызылорда облысы

Ең ірі өзен

Ертіс

Елорда орналасқан өзен

Есіл

Ең ірі тау жүйесі

Тянь-Шань

В) «Бәрін білгім келеді»

Слайдтағы сұрақтарға жылдам әрі нақты жауап беру. Мақсат — дерек, жыл, оқиға байланысын дұрыс құрастыру.

III бөлім: Қорытынды

Сайыс тапсырмасы: «Менің қиялымдағы рәміз»

Әр топ өз қиялындағы рәміз жобасын жасап, оны қорғап шығады. Топ басшыларына қосымша тапсырма беріледі:

Сұрақ: Мемлекеттік рәміздерді қандай сөздермен мақтар едіңдер?

Қорытынды сөз

Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз — барша халықты біріктіріп, рухтандыратын құндылықтар. Тәуелсіз елде ержеткен ұрпақ үшін рәмізді құрметтеу — елдік сананың өлшемі.

Құрметті оқушылар! Еліміздің тағдыры мен Қазақстанның ертеңі — өз қолдарыңда. Қазақстанды дамыған елдер қатарына қосатын да — сендердің білімдерің, еңбектерің және бірліктерің. Ол үшін терең әрі жан-жақты білім алуға ұмтылу қажет.

Тәрбие сағаты аяқталды. Сау болыңыздар!