Ақпаратты жазу және санау

Сабақтың тақырыбы

Ақпаратты жазу және санау. Ақпаратты тасымалдаушылар.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға қоршаған ортадағы ақпарат түрлері, ақпаратты жазу және санау, ақпарат тасымалдаушылар туралы түсінік беру.

Дамытушылық

Есте сақтау мен зейін қабілеттерін дамыту, пәнге қызығушылықты арттыру.

Тәрбиелік

Ұқыптылыққа, өз бетінше жұмыс істеуге, ойын еркін әрі ашық айтуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі және көрнекілігі

Сабақтың түрі

Практикалық жұмыс.

Көрнекілігі

  • Интерактивті тақта
  • Компьютер
  • Оқулық
  • Мозайка
  • Флешка
  • Смайлик

Сабақтың жүру барысы

  1. I Оқушылардың сабаққа қатысын түгендеу.
  2. II Құрал-жабдықтарын тексеру.
  3. III Назарын сабаққа аудару.
  4. IV Үй тапсырмасын тексеру: объектілерді іздеу; көшіру, орнын ауыстыру және жою; алмасу буфері.
  5. V Жаңа сабақты меңгерту, оқу материалдарымен таныстыру.
  6. VI Тапсырмаларды орындау.
  7. VII Сабақты бекіту.
  8. VIII Үйге тапсырма беру.
  9. IX Оқушыларды бағалау.

Топқа бөлу (ынталандыру кезеңі)

Оқушылардың назарын сабаққа аудару үшін мозайка бөліктерінен сурет құрастырып, сол арқылы топтарға бөлу ұсынылады.

Үй тапсырмасын тексеру

Өткен тақырып: объектілерді іздеу, көшіру, орнын ауыстыру, жою және алмасу буфері.

Пысықтау сұрақтары

  1. 1 Объектілермен жұмыс істеуде қандай амалдарды білесіз?
  2. 2 Объектіні көшіру мен жылжытудың айырмашылығы неде?
  3. 3 Алмасу буфері деген не?
  4. 4 Жойылған объектілер сақталатын арнайы бума қалай аталады?
  5. 5 Қоржындағы жойылған объектілерді қайта қалпына келтіруге бола ма?

Жаңа сабақ: ақпаратты жазу және санау. Ақпарат тасымалдаушылар

Ақпарат ұғымы

Жаңа тақырыпқа кіріспе ретінде «ақпарат» ұғымына анықтама беріледі. Ақпарат сөзі латын тіліндегі informatio — «түсіндіру», «баяндау», «білу» деген мағыналардан шыққан. Ақпарат — қоршаған орта және онда болып жатқан түрлі құбылыстар туралы мәліметтердің жиынтығы.

Бейнелі ақпарат

Табиғат көріністері мен кескіндерді қабылдау, сондай-ақ дәм, иіс сияқты сезім мүшелері арқылы алынатын ақпарат.

Таңбалы ақпарат

Адамның сөйлеу және жазу арқылы алатын ақпарат түрі. Бүгінгі тақырыптағы жазу мен санау осыған жатады.

Ақпарат тасымалдаушылар және практикалық бөлім

Оқушыларға ақпаратты тасымалдаушы құрылғылар таныстырылады және ақпаратты сол тасымалдаушыларға жазу тәсілдері практикалық жұмыс арқылы көрсетіледі.

Таңбалы ақпаратты біз күнделікті кітап, газет-журнал сияқты құралдардан аламыз.