Орны ауыстырылған сөздерден сөйлем құрастыру

Дауыссыз қ мен ғ: 2-сыныпқа арналған сабақ жоспары

Бұл сабақта оқушылар қ және ғ дыбыстарының сөз құрамында өзгеруі (қ → ғ) қашан және не үшін болатынын түсінеді, ережені жазуда және сөйлеуде қолдануға дағдыланады.

Сабақтың мақсаттары

Білімдік

Оқушыларға қ пен ғ дыбыстарының өзгеріске ену себебін түсіндіру, алған білімін қолдануға үйрету.

Тәрбиелік

Сауатты жазуға, ұқыптылыққа және шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық

Ойлау, сөйлеу және есте сақтау қабілеттерін дамыту; оқушыларды өздігінен және топта шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
  • Психологиялық дайындық.

II. Өткен сабақты пысықтау

Түсіндіру және мысалдар

қ дыбысының ғ-ға айналуына тоқталу.

Мысалдар: орақ — орағы, шақ — шағы, құлақ — құлағы.

Шығармашылық тапсырма (топтық жұмыс)

Көп нүктенің орнына қ немесе ғ әрпін қойып, сөздерді дұрыс оқыңыз. Кейін осы сөздерді қатыстырып бірнеше сөйлем құрастырыңыз.

топыра..., тама..., қайма...ы, жоры...,
қуырша...ы, ая..., ла...ы

III. Жаңа сабақ

Ереже

  • Ғ әрпі сөз соңында жазылмайды.
  • Қ-ға аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, қ дыбысы ғ-ға айналады.

Мысал: қабақ — қабағы, сабақ — сабағы.

Оқулықпен жұмыс

Ережені дауыстап оқыту.

103-жаттығу

Мәтінді оқыңыз. Қарамен жазылған сөздердегі ы әрпін алып тастап айтып көріңіз. Сөз соңындағы өзгерістің себебін түсіндіріңіз.

Ақсары — бүркіт тұқымдасына жататын құс. (Қысқаша мәлімет беріледі.)

аяғы — аяқ
дағы — дақ

Дәптермен жұмыс

Көркем жазу:

Қ — қ Ғ — ғ

104-жаттығу

Сөз соңындағы ы, і әріптерін алып тастап, сөздерді өзгертіп жазыңыз.

жарығы — жарық
балығы — балық
қорығы — қорық

Сергіту сәті

Ормандағы аю, қонжық,
Ұялардан бал іздейді.
Мойындарын оңға бұрды,
Мойындарын солға бұрды.
Ағаштарды шайқап көрді,
Қуанғаннан билей берді.

105-жаттығу

қорық, жорық, қазық сөздерін қатыстырып сөйлем құрастырыңыз.

Шығармашылық тапсырмалар

1) Жаңылтпаш

Жаңылтпашты жатқа айтыңыз. Кейін ы әрпін алып тастап оқып көріңіз.

Құлақ — құлағы.
Құлағы үсіп кетті,
Үсіп, ісіп кетті.

2) Жұмбақ

Өлеңді оқып, шешуін табыңыз. Бұл қандай бұйым?

Қайқылау бас жағы сәл,
Аса ыңғайлы сабы бар.
Сұйық тамақ ішкенде,
Ыстық тамақ ішкенде,
Ол қолыңнан табылар.

Жауабы: қасық

Қ дыбысына аяқталған сөзді табыңыз.

3) Сөйлем құрастыру (топтық жұмыс)

Орындары ауыстырылған сөздерден дұрыс сөйлем құрастырыңыз.

Емшісі, орман, тоқылдақ, болады.

Аяғынан, қарлығаш, жараланыпты.

Соң, кемпірқосақ, шығады, жаңбырдан.

Бетінде, жапырақ, шық, етеді, жылт-жылт.

Қ дыбысына аяқталған сөздерге дыбыстық талдау жасаңыз.

IV. Қорытынды

Сұрақ-жауап

  • Қ қандай дыбыс?
  • Ғ қандай дыбыс?
  • Ғ әрпі сөз соңында жазыла ма?

Анаграмма (Қ әрпі)

  1. Ұлт: қазақ
  2. Сан: қырық
  3. Ыдыс: қасық
  4. Су көлігі: қайық
  5. Көзді лас нәрседен қорғайтын: қабық
  6. Пайдалы тағам: айран немесе қатық

Үй тапсырмасы

106–107-жаттығулар.

Бағалау

Оқушылардың жұмысы жауаптарының толықтығы мен ережені қолдануына қарай бағаланады.

Автор туралы мәлімет

БҚО, Теректі ауданы, Подстепный ауылы, Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі.
Бастауыш сынып мұғалімі: Бейбитова Т. М.