Нұрлы көктем

Анамызды аялайық!

Бұл мерекелік іс-шараның мақсаты — балаларға 8 наурыздың Халықаралық әйелдер күні екенін түсіндіру, сондай-ақ аналарын, әжелерін, әпкелерін және сіңлілерін сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Жүргізушінің сөзі

Қайырлы күн, балалар! Бүгін — 8 наурыз, Аналар мерекесі. Сіздерді көктемнің шуақты мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.

Бүгін біз аналарымыз бен әжелерімізге, әпкелеріміз бен сіңлілерімізге жылы лебізімізді білдіретін күн. Тек құттықтап қана қоймай, олардың айтқанын тыңдап, қол ұшын созатын күн.

Шаттық шеңбері

Балалар, айтыңдаршы: аналарың мен әжелерің сендерді қалай еркелетеді? (Балалардың жауаптары)

Дүниедегі ең қымбат жан — Ана. Ана әрдайым баласына қамқор болады. Сондықтан біз ананы үнемі сыйлап, құрметтей білуіміз керек.

Ендеше, бүгінгі мерекеде аналарымызды тағы бір мәрте құттықтайық!

Өлең жолдары

Көктем, сені күттім мен, Көк шалғынды сағынып. Жүретін әсем гүліңді, Шаштарыма тағынып.

Хор: Нұрлы көктем!

Аналарға арналған арнау

Баласы үшін анасы, Күндері аз ғой көз ілген. Аяулы ана, қарыздармын өзіңе, Жүрегіңнен күн мейірімі төгілген.

Енді аналарымызға және әжелерімізге арналған тақпақтарымызға кезек береміз.

Тақпақтар

1 — Саят

Аналарды сүйеміз, Сөзін ойға түйеміз. Әжені де ардақтап, Әдеппен бас иеміз.

2 — Айару

Алақаны — ақ самал, Мәпелеген жан ана. Көкте күнім батса да, Өзің күнсің балаңа.

3 — Әбіш

Теңдесі жоқ данасың, Арқа тұтар панасың. Еңбегіңді ақтайын, Аман болшы, анашым!

4 — Балайна

Жанымызды жайнатқан Сіздерсіз ғой, аналар. Зор денсаулық, мол бақыт Тілейміз біз, балалар.

5 — Інжу

Біз доспыз гүлдермен, Текке оны жұлмаймыз. Той күні бір-бірден, Әжелерге сыйлаймыз.

6 — Арлан

Гүл-гүл жайнап бәріміз, Кіреді біздің сәніміз. Аналарды тойымен Құттықтаймыз бәріміз.

7 — Мансұр

Әйбат анам, ай анам, Сені көрсем қуанам. Сен керексің қайда да, Жүре берсем қасыңда. Әйбат анам, ай анам, «Ботам» деген даусыңнан Мен мәз болып оянам. Періштеңіз жолдайды Алғысын сізге арнаған.

8 — Әли

Той пердесін ашайық, Тойға шашу шашайық. Аналарды құрметпен Ән маржанын шашайық.

9 — Аян

Сенен өскен балалар — Батырлар мен даналар. Құттықтаймыз мерекемен, Құрметті біздің аналар.

10 — Жантөре

Құшағыңа кіргенде Жылынамын бір демде. Не жетеді көзіңе Мейірімді күннен де? Үн қатасың бал тілмен, Еркелеймін әр күніммен. Құттықтаймын, анашым, Сегізінші Наурызбен!

11 — Бақжан

Аналарды сүйеміз, Сөзін ойға түйеміз. Әжені де ардақтап, Әдеппен бас иеміз.

12 — Назерке

Жарқын жүзді жан анам, Сендей болсын бар адам. Сендей болса бар адам, Шаттық кетпес баладан.

Сұрақ-жауап және әндер

Жұмбақ

«Бала, бала, бала!» деп, Түнде шошып оянған. Түн ұйқысын төрт бөліп, Бесік таянған. Қаймақты сүттей қалқытқан, Суық болса жөргегі — Қорғасындай балқытқан. Айналасына ас қойып, Өзенді көлдей шалқытқан. Қолын қатты тигізбей, Кірлі көйлек кигізбей, Иісін жұпар аңқытқан... Бұл кім?

Балалардың жауабы: Ана! Ана! Ана!

Ән

«Анашым!» — орындайтын: Ахмұқан, Арлан

Ән

«Әке, ана» — орындайтын: Қайырсапа, Мансұр