Үлгілі Ана Көркем қыз
Сабақтың тақырыбы
Қош келдің, Наурыз!
Мақсаты
- Оқушыларды халқымыздың салт-дәстүрі, тойлары мен әдет-ғұрыптарымен таныстыру.
- Тәрбие сағаты арқылы ата-бабадан қалған мұраны қадірлеуге, біліп-үйренуге тәрбиелеу.
- Сөздік қорын молайту, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Көрнекілігі
- Нақыл сөздер мен қанатты сөздер
- Дастарқан, ұлттық тағам үлгілері
- Киіз үй жабдықтары (мүмкіндікке қарай)
Іс-шара құрылымы
1) Мерекелік концерт
Өлең, ән, хор, би, көріністер.
2) «Шаңырақ» сайысы
Аналар мен қыздар қатысатын шығармашылық-дәстүрлік бөлім.
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Наурыздың 22-сі — барша мұсылман жұрты үшін жаңа жылдың бастауы. Наурыз — жыл басы. Парсы тілінен аударғанда «жаңа күн» деген мағына береді. Бұл мереке ежелден тойланып келеді.
Ерте кезде адамдар бұл күнге ерекше дайындалып, айналаны тазартып, үйдегі ыдыс-аяқтарды сүтке, айранға немесе бұлақ суына толтырған. Бұл — береке мен молшылықтың белгісі.
Наурызда жұрт екі қолдап қол алысып, бір-біріне ақ тілегін айтады: «Наурыз құтты болсын!», «Ақ мол болсын!»
Бұл күні киіз үй тігіліп, ұлттық дәстүрмен ағаш егіледі. Наурыз көже пісіріледі. Халық сенімінде: «Наурыз көжені тойғанша ішсең, тоқшылық болады» деген ырым бар.
Атам қазақ: «Ұлыс күні қазан толса — ол жылы ақ мол болар. Ұлы кісіден бата алса — сонда олжалы болар», — деген. Ендеше, мерекемізді бастамас бұрын үлкендерден Наурыз батасын алайық.
Қашанда құт-береке орнасын деп, тойларда шашу шашу салты бар.
Уа, халайық! Теріп ал несібеңді,
Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!
Мерекелік концерт бағдарламасы
Басталуы
Концерт «Наурыз келді, алақай!» әнімен ашылады.
Өлеңдер мен тілектер
Нұржан
Ұлыс күні кәрі-жас
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай
Жамырасын өрістен.
Б. Саят
Армысыңдар, ағайын!
Бармысыңдар, ағайын!
Ұлыс бақты болсын!
Әр күніміз жақсы болсын!
Гүлзар
Күттіріп келген жыл басы,
Бізбен бірге жырлашы.
Дастарқанға елімнің
Береке, ырыс сыйлашы.
Ануар
Уа, халайық, халайық,
Әсем әнге салайық.
Наурыз тойын көңілді
Бірге қарсы алайық.
Көктем, береке, жаңару
Асет
Жыл басы — Наурыз, мереке!
Ақ нұрға әлем боянды.
Наурыз тойы — береке,
Тіршілік жаңа оянды.
Жанайдар
Наурыз тойы — береке,
Наурыз тойы — мереке.
Наурыз тойы — жыр-аңыз,
Қызық думан құрамыз.
Ақниет
Жаса, Наурыз, жаса, көктем,
Жаса, достық, күн, тіршілік!
Болсын ұмыт мұңдар өткен,
Мейірімділік күлсін шығып!
Аққу
Наурызда жаңа жыл басталады,
Жаңа жыл — жақсылыққа бастар әні.
Жер-ана да бусанып қозғалады,
Ақ көрпесін сыпырып тастағалы.
Өнер шашуы
Жұлдыз
Ән мен күйді шалқытып,
Інжу-маржан шашайық!
Жиналған халық таң қалсын,
Өнерден күмбез жасайық.
Малика
Ұлыс күні қар еріп,
Сай-салалар гүрілдер.
Көк шөбі шығып желкілдеп,
Дүние біткен күлімдер.
Хор
«Наурыз тойы»
Дастарқан мен татулық
Миранда
Ашық болсын қабақ,
Таспен атқанды аспен ат.
Бейтаныс та, таныс та —
Бүгін төрде бас қонақ.
Бекбол
Арпа, бидай, тары бар,
Қатық, малта, ағы бар.
Ішілетін, жейтінің —
Наурыз көжеде бәрі бар.
Құмар
Қыс өтіп, қар кетті,
Жырлайық, жаз жетті.
Мейрамы ежелден —
Құтты болсын Наурыз!
Қосымша өлеңдер
Нұрәділ
Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді.
Наурыз келді — салтымыз,
Қуанышта ел енді.
Жайнагүл
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Наурыз тойы — жыр-аңыз,
Наурыз тойы — береке.
Аида
Әлемнің көктем — шалқар мерекесі,
Танытар ырыс-құттың берекесін.
Наурызда думанын ұластырып,
Мәңгілік аялаған ел еркесі.
Данияр
Наурыз тойы — салтымыз,
Аман болсын халқымыз.
Көңілдері жадырап,
Жүрсін аман қартымыз.
Әділ
Наурыз айы тамаша,
Жар салайық жаңаша!
Мереке көп Наурызда —
Қуанайық балаша!
Ерсұлтан
Ұлы күні ұлыстың
Күн мен түнді теңеген.
Тәтті дәмін ырыстың
Таттық Наурыз көжеден.
Көріністер мен билер
Көрініс
«Алдаркөсе мен бай баласы»
Би
«Қара жорға»
Көрініс
Қазақ биі «Шашбаулым»
Өлең жолдары
Жаңғырғаны сананың — ұмытылмас мұны кім?
Ата салтын бабамның алып келген осы күн.
«Шаңырақ» сайысы
Құрметті ата-аналар мен оқушылар, мерекелік іс-шарамыздың екінші бөлімі — аналар мен қыздар қатысатын сайыс. Әсемдік пен шеберлік, дәстүр мен өнер тоғысатын бұл бөлімде қатысушылар өз өнерлерін көрсетеді.
Сайыс шарттары
- 1 Таныстыру
- 2 Ою ойып, түйме қадау
- 3 Қазақтың салт-дәстүрінен көрініс көрсету
- 4 Шеберқол өнері (үйден дайындалған бұйым)
Таныстыруға шақыру
Ана — біздің күніміз,
Қыздар — біздің гүліміз.
Таныстырар өздерін,
Тамашалап көріңіз.
Ортаға сайыскерлерімізді өздерін таныстыруға шақырамыз.
Ойын: «Ханталапай»
Шарты: дорбадағы асық нөмірі бойынша сұрақтарға жауап беру.
Шеберлік кезеңі
1-жүргізуші: «Ою ойғанның ойы ұшқыр. Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» — ортаға аналарымызды ою оюға, қыздарымызды түйме қадауға шақырамыз.
Ойын: «Арқан тартыс»
Күш пен ұйымшылдықты сынға салатын ұлттық ойын.
Ойын: «Қыз қуу»
Шарты: жігіт қызды қуып жетсе — бетінен сүйеді, жете алмаса — қыз оны қамшымен ұрады.
Шеберқол өнері
1-жүргізуші: «Шеберлерім — өнер тамған қолынан, жаңылмаған ата-баба жолынан. Шеберқолдар өз өнерін көрсетсін, біз айтайық төрелігін соңынан», — деп, сайыскерлердің үйден өз қолдарымен жасаған бұйымдарын тамашалаймыз.
2-жүргізуші: әділқазы әділ төрелігін айтқанша, аналарымыздың «Дастарқан» әнін қабыл алыңыздар.
Қорытынды бөлім
Ресми сөз
Тәрбие жұмысының орынбасары А. Т. Ержігітоваға сөз беріледі.
Әділқазылар алқасына сөз беріледі.
Номинациялар
- Үлгілі ана — Көркем қыз: Миранда
- Мейірімді ана — Сұлу қыз: Малика
- Өнерлі ана — Ақылды қыз: Аида
- Шебер ана — Сүйкімді қыз: Гүлзар
- Парасатты ана — Өнерлі қыз: Аққу
Осымен Наурыз мерекесіне арналған тәрбие сағатымыз аяқталды. Баршаңызды мерекелік дастарқанға шақырамыз.