Ахмет кім

Сабақ жоспары Жаңа білімді меңгерту Аралас сабақ

Бұл сабақ Ж. Жабаевтың «Алатау» өлеңін меңгертуді мақсат етеді: ақынның өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу жасау, шығарманың мазмұны мен идеясын талдау, оқушылардың мәнерлеп оқу, сыни ойлау және топта жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

Негізгі екпін

  • Білімділік: Жамбылдың өмірі мен шығармашылығын таныту, «Алатау» өлеңінің мазмұны мен идеясын меңгерту.
  • Тәрбиелік: өнер мен білімге қызығушылықты арттыру; адамгершілікке, отансүйгіштікке, туған жерді қадірлеуге тәрбиелеу.
  • Дамытушылық: топтық жұмыс, мәнерлеп оқу, сөздік қорды байыту, шығармашылық ойлау және сөйлеу мәдениетін дамыту.

Әдіс-тәсілдер

  • Сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары
  • Мағынаны ашу
  • Жоба қорғау технологиясы
  • Ойтолғаныс
  • АКТ
  • Түсіндіру, сұрақ-жауап

Көрнекілік және байланыс

Көрнекіліктер

Интербелсенді тақта, маркер, слайд, плакат, оқулық, тақта, бор және т.б.

Пәнаралық байланыс

Музыка, география, бейнелеу өнері.

Күтілетін нәтиже

Оқу нәтижелері

  • Топтық жұмыс арқылы білім алмасады, бір-бірінен үлгі алады.
  • Көркем әдеби тілде сөйлеуге ынтасы артады.
  • Сыни көзқарасын білдіру арқылы сөздік қоры молаяды.

Дағдылар

  • Өлеңді мәнерлеп оқуға талпынады.
  • Өз бетінше ізденіп, жоба қорғауға үйренеді.
  • Ойлау және сөйлеу мәдениеті қалыптасады.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

  • Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
  • «Шаттық шеңбері»: оқушылар бір-біріне жылы лебіз, жақсы тілектер айтады.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақ-жауап әдісі арқылы пысықтау сұрақтары:

  1. Үйге қандай тапсырма берілді?
  2. А. Байтұрсынұлы қай жылы, қай жерде дүниеге келді?
  3. Ахмет кім?
  4. Қандай өлеңдер жинақтары жарық көрді?
  5. Кімнің шығармаларын аударды?
  6. Ахметке қандай айып тағылды?
  7. Ахметтің мысалдары қандай тәрбиеге шақырады?
  8. «Аққу, шортан һәм шаян» мысалын кім жатқа айтады?

III. Жаңа сабақ

Топқа бөлу

Оқушылар қызыл және жасыл гүлдерді таңдау арқылы екі топқа бөлінеді: қызыл гүл таңдағандар — бір топ, жасыл гүл таңдағандар — екінші топ.

Таныстырылым

Сабақ тақырыбы жарияланып, тақтаға жазылады. Интербелсенді тақта арқылы Жамбылдың өмір жолы мен шығармашылығына қатысты бейнесюжет көрсетіледі.

Мәтінмен жұмыс

  • Оқулықтан «Алатау» өлеңін мұғалім мәнерлеп оқиды.
  • Оқу барысында Құрманғазының «Алатау» күйі тыңдалып, Алатау туралы слайдтар көрсетіледі.

Сөздікпен жұмыс

Жыр алыбы
гигант поэзии
Суырыпсалма ақын
поэт-импровизатор
Ну тоғай
нетронутый лес
Мұнар
мгла, марево
Сілеусін
рысь
Шалғын
луг
Балғын
молодой, зеленый
Миуалы
плодоносный, плодовый
Қазыналы
богатый

Оқулықпен жұмыс

Оқушылар «Алатау» өлеңін кезекпен мәнерлеп оқиды.

Топтық жұмыс: 1-топ

Постер қорғау
  • Өлең мазмұнын сурет арқылы бейнелеу.
  • Суретте қандай бояулар басым болады? Неліктен?
  • Алатаудың табиғаты қандай деп сипаттайсыңдар?
  • Мәтін бойынша Алатаудың жемістері, жануарлары, жәндіктері, өсімдіктерін атау.
  • Тауда тағы қандай жануарлар мен өсімдіктерді білесіңдер?
  • Алатауды әсем қалпында сақтау үшін қандай әрекет қажет?
  • Қазақстанда тағы қандай таулар бар?

Топтық жұмыс: 2-топ

Талдау
  • Өлеңнің тақырыбы мен идеясын анықтау.
  • Өлеңнің құрылымын талдау: тармақ, шумақ, жол саны.
  • Ұйқас түрін анықтау.
  • Өлеңнің 6-шумағын мәнерлеп оқу және ондағы «Алматы» сөзін түсіндіру.

Шығармашылық жұмыс

«Менің туған өлкемнің табиғаты» тақырыбына шағын ойтолғау жазу.

Сабақты бекіту

  1. Жамбыл кім?
  2. Қай жылы дүниеге келді?
  3. Неше жасында дүниеден озды?
  4. «Ленинградтықтарға» арнаған өлеңі туралы не айта аласың?
  5. Бүгінгі сабақта ақынның қай өлеңімен таныстық?

Музыкалық бөлім

Хормен «Алатау» әнін орындау.

Екі жақты күнделік

Сабақтан алған әсерім

Оқушының қысқа рефлексиясы.

Пікірім

Өз ойы мен дәлелі.

Қорытынды

Нені үйренді, нені түсінді.

Үй тапсырмасы

  • Жамбылдың өмір жолы мен шығармашылығы бойынша қысқаша түсінік айту.
  • «Алатау» өлеңін жаттау.

Бағалау

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды марапаттау.

Автор туралы мәлімет

Атырау қаласы, Ф. Досымова атындағы №12 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі — Бисенова Динара Темірбекқызы.