Берейін бата асыңа, Амандық берсін басыңа
Бата – негізінен, намаздың соңында қол жайып айтылатын дұға. Қазақ баталары соның үлгісінде айтылатын бір түрі. Батаның қысқасы да, ұзыны да болады. Түрлері де әртүрлі. Мұның бәрі бата берушінің шешендігіне, ақыл - ой, парасатының дәрежесі - не тығыз байланысты. Егерде сөздері асыл болса, ол ақ ниетпен айтылса, қысқа батаның да, ұзын батаның да қадір - қасиеті, құдіретті күші бірдей. Тек оның қабыл болу – болмауы жалғыз ғана Ал - лаһ Тағалаға аян.
Шайың қызыл болсын,
Ғұмырың ұзын болсын.
Несібең таса берсін,
Дұшпаның қаша берсін,
Құдайым ұзақ ғұмыр жаза берсін!
Құдайым осынау үйге дуа берсін,
Тіл - аузын дұшпанның буа берсін.
Келіннің балағынан бала саулап,
Салпы ерін сары ұлдар туа берсін.
Асың, асың, асыңа,
Береке берсін басыңа!
Бөденедей жорғалап,
Қырғауылдай қорғалап,
Қыдыр келсін қасыңа!
Сенен байлық өтпесін,
Тәңірі берген берекең
Тепкілесе кетпесін.
Желіңнің екі шетіне,
Тай шаптырса жетпесін!
Кешке келіп жамырасқан,
Шуылдасып маңырасқан,
Қошақанның анасы,
Салық бассын үйіңді!
Бақайлары сыртылдап,
Мүйіздері жылтылдап,
Бұзаулардың анасы
Сиыр бассын үйіңді.
Шудаларын шаң басқан,
Артқы өркешін қом басқан,
Ботақанның анасы
Інген бассын үйіңді!
Шіңгір - шіңгір кісінескен,
Сүйістікпен иіскескен,
Құлыншақтың анасы
Бие бассын үйіңді.
Берейін бата асыңа,
Амандық берсін басыңа.
Бөденедей жорғалап,
Қыдыр келсін қасыңа,
Бар екем деп тасыма,
Жоқ екем деп жасыма.
Еңбек етсең ерінбей,
Дәулет келер қасыңа.
Көре алмаған дұшпанның,
Жуа бітсін жолына.
Бақытың жетсін төтелеп,
Дүние малды жетелеп,
Аузыма түскен батаның
Жатырмын бәрін түгендеп!
Көтердік міне білекті,
Ақтардым түгел тілекті,
Мынау тұрған балаңыз,
Батыр болсын жүректі.
Аумин десең маған,
Құдай берсін саған.
Алтыннан – жағаң,
Күмістен – тағаң.
Оң жағыңнан кетпесін
Күрпілдек қара сабаң.
Жортсаң жолың болсын,
Жолдасың қыдыр болсын.
Тілеуің қабыл,
Мұратың асыл болсын.
Ішкенің қымыз,
Жегенің сырбаз,
Кигенің түлкі болсын,
Жүрген жерің ойын - күлкі болсын!
Бата сөзінің зерттелуі
Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы ақпарат
Бата сөздерінің ғұрыпқа байланысты жіктелуі
Мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеудегі салт- дәстүрлердің алатын орны
Халық ауыз әдебиетінен- педагогикалық практикалық жұмыс
Тыйым сөздердің жалпы сипаты, олардың ерекшеліктері
Бала тәрбиесі - бесіктен
Бала тәрбиесіндегі салт - дәстүрлер
Төле бидің сөзге тоқтауы
Бата туралы түсінік
Философия және саясаттану факультетінің 2006 жылы 19 желтоқсандағы Ғылыми кеңесінің мәжілісінің № 3 хаттамасынан
АҚПАРТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ МАМАНДЫҚТАРДА «МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ» БӨЛІМІН МЕҢГЕРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
Басым мамандықтар тізбесі
Болашақ мамандыққа көзқарас
Д.Бабатайұлының өмірі
Жыныс қатынасынан жұғатын аурулар
Мамандық шеберлігін игеру
Дулат Бабатайұлының тәлімдік-ағартушылық көзқарасы
Елбасынан үлгі алам
Мектеп жасына толмаған бала