Қайроштың досының есімі кім

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың тақырыбы

Машқар Гумеров — «Бақшада»

Көрнекі құралдар

  • Слайд
  • Доп
  • «6 қалпақ» әдісіне арналған қалпақтар
  • Рефлексияға арналған стикерлер

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, дене шынықтыру, өзін-өзі тану.

Сабақ кезеңдері

  1. 1 Ұйымдастыру кезеңі
  2. 2 Топтық жұмыс
  3. 3 Рефлексия
  4. 4 Бағалау

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Өсімдік аурулары туралы мағлұмат беру және оларды емдеу жолдарымен таныстыру.

Дамытушылық

Пәнге қызығушылықты арттыру, ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, танымдық және шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.

Тәрбиелік

Өсімдіктерді қорғауға, күтіп-баптауға және қажет жағдайда емдей білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер

  1. 1 Жаңа тақырып бойынша түсінік қалыптастырады.
  2. 2 Тақырыптың мағынасы мен мазмұнын түсінеді.
  3. 3 Өз пікірін жеткізе отырып тапсырмаларды орындай алады.
  4. 4 Өз ойын еркін жеткізіп, сыни тұрғыдан ойлап талдай алады.
  5. 5 Өзін-өзі бағалауға дағдыланады.

Қамтылатын модульдер мен тәсілдер

Оқытудағы негізгі бағыттар

  • 1-модуль: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер (топтық жұмыс)
  • 2-модуль: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету («6 қалпақ» әдісі)
  • 3-модуль: Бағалау (басбармақ әдісі)
  • 4-модуль: АКТ қолдану (интербелсенді тақта, видео)
  • 7-модуль: Көшбасшылық

Ұйымдастыру логикасы

Сабақ құрылымы оқушының белсенді қатысуына негізделеді: алдымен қызығушылық ояту, кейін мағынаны ашу, одан соң пікір алмасу, соңында рефлексия және бағалау жүргізіледі.

Негізгі екпін

Диалог, топтық талдау, дәлелді ой.

Нәтиже

Түсіну, талдау, өзін бағалау.

Сабақ барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

  1. Оқушының зейінін сабаққа шоғырландыру.
  2. Үй тапсырмасын сұрау және бекіту.
  3. Оқушыларды топқа бөлу.
  4. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  5. Тапсырмалар беру және бағыттау.

Оқушының іс-әрекеті

  1. Назарын сабаққа аударады.
  2. Үй тапсырмасын орындайды және жауап береді.
  3. Түстер арқылы топтарға бөлінеді.
  4. Жаңа сабақты меңгереді.
  5. Топпен бірлесіп тапсырмаларды орындайды.
  6. Кері байланыс беріп, басбармақ арқылы өз деңгейін көрсетеді.

І кезең: Қызығушылықты ояту

5–10 минут

Психологиялық дайындық

Оқушылар көңіл күйін анықтау үшін алдарындағы смайликтердің ішінен өзіне сәйкес келетінін көтереді. Осы тәсіл арқылы сыныптың жалпы ахуалы белгіленеді.

Үй тапсырмасын тексеру

«Эссе жазу» стратегиясы және «Автор орындығы» әдісі арқылы 2–3 оқушыдан Ғабит Мүсіреповтің «Ана құшағында» мәтінінің мазмұны сұралады.

Үй тапсырмасын бекіту

«Серпілген сауал» ойыны: мұғалім допты лақтырып, сұрақ қояды; допты ұстаған оқушы жауап береді. Ойын осылай жалғасады.

Сұрақтар

  1. 1 Анасы Қайрошты қайда іздеп келеді?
  2. 2 Қайроштың досының есімі кім?
  3. 3 Қайрош неге анасымен бірге кетіп қалмады?
  4. 4 Егер сен Қайроштың орнында болсаң, не істер едің?

ІІ кезең: Мағынаны ашу

20–25 минут

Миға шабуыл (диалогтік оқыту)

  • Қазір қай жыл мезгілі?
  • Көктемде қандай еңбек жұмыстары қыза түседі?
  • Бүгін Машқар Гумеровтің «Бақшада» әңгімесімен танысамыз.

Топқа бөлу және «6 қалпақ»

Оқушылар түстер бойынша топтарға бөлінеді: ақ, қызыл, сары, қара, жасыл, көк. Әр топ өз түсіне сәйкес қалпақты киіп, тапсырманы орындайды.

Ақ Қызыл Сары Қара Жасыл Көк

1-тапсырма: «6 қалпақ» бойынша талдау (АКТ қолдану)

Ақ қалпақ

Мәтіндегі ақпарат, фактілерді жинақтау.

Қызыл қалпақ

Ішкі сезім, әсер, жеке ойды айту.

Сары қалпақ

Жағымды тұстарды логикалық тұрғыдан негіздеу.

Қара қалпақ

Мүмкін тәуекелдер мен кемшіліктерді талдау.

Жасыл қалпақ

Шығармашылық ұсыныстар, жаңа идеялар айту.

Көк қалпақ

Талқылауды басқару: анализ, синтез, бағалау.

Сергіту сәті

«Қызыл өрік» қимыл-қозғалыс жаттығуы.

2-тапсырма: «Жас тілші» (диалогтік оқыту)

Әр топтан бір оқушы шығады: біреуі тілші рөлінде болады, қалғандары студияға келген қонақтар ретінде жауап береді. Тілші мәтін бойынша сұрақтар қойып, пікір алмасуды жүргізеді.

Рефлексия және бағалау

Рефлексия

Оқушылар тақтадағы басбармақ үлгілеріне өз деңгейін стикерге жазып, сәйкес басбармақтың астына жапсырады. Бұл тәсіл арқылы сабақтан алған білім деңгейі көрінеді.

Бағалау

«Басбармақ» әдісі арқылы қалыптастырушы бағалау жүргізіледі; қорытынды баға рефлексия нәтижелерімен жинақталады.