Құтты болсын апатай, Құтты болсын мерекең

Құттықтау

Аяулы аналар, апайлар! 8 наурыз мерекелеріңіз құтты болсын!

Көктемнің шуақты күндеріндей, сан алуан гүлдеріндей құлпырып, жайнап жүре беріңіздер! Жүздеріңізден шаттық, көңілдеріңізден қуаныш арылмасын!

Құрметті қонақтар, сіздерді ересек «Жұлдыз» тобының «Аяулы анашым» атты ертеңгілігін тамашалауға шақырамыз.

Салтанатты ашылу

Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Аналарды құттықтап,

Ән маржанын шашайық.

Поздравление (рус.)

Дорогие мамы, бабушки! Поздравляем вас с праздником 8 Марта.

Вот и славно — все готовы? Можно праздник начинать!

Поглядим, как наши дети могут петь и танцевать, мам и бабушек с весною, с Восьмым марта поздравлять.

Тақпақтар

Аяулым

Ақ тілекті ағытып, бір тастайық,

Аналардың мерекесін бастайық.

Көздеріңнен көрем шаттық арайын,

Өтсін солай әрбір күнің, әр айың.

Диас

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп, талай үн қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең шуағың аясындай гүл бақтың.

Лера

В добрый день 8 марта

Мамам нашим шлем привет!

Мама — слово дорогое,

В слове этом — жизнь и свет.

Мы готовились, старались,

Песен много изучали,

И сюрпризик есть у нас —

Вы увидите сейчас.

Николь

Много мам на белом свете,

Всей душой их любят дети.

Только мама есть одна,

Всех дороже мне она.

Кто она? Отвечу я:

Это мамочка моя.

Кайра

Құшағыңа кіргенде,

Не жетеді көзіңе —

Жылынамын бір демде,

Мейірімді күннен де.

8 наурызбен құттықтаймын, анашым!

Ақбота Ж.

Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

Аружан

Ақ жүректе сақтаған,

Жарқын күлкің — бақ маған.

Ақ бетіңнен сүйемін,

Келші, келші, ақ анам.

Аяжан

Анам, анам, ақ анам,

Мен де өзіңдей ақ болам.

Айтқан тіліңді аламын,

Жұмсағанда барамын.

Ақ төсекке жатқызсаң,

Көзіңді жұма қаламын.

Максим

Маму я свою люблю,

Ей подарок подарю.

Я подарок сделал сам —

Из бумаги с красками.

Ән мен би

Ән

«Ана — біздің гүліміз»

Жүргізуші

Тұлымшағы желкілдеп,

Би билейік кештерде.

Ақ көйлегім желпілдеп,

Биші болам өскенде.

Би

«Шығыршықтармен би»

Көрініс: Сайқымазақпен диалог

Сайқымазақ

Сәлеметсіздер ме? Мұнда не болып жатыр?

Қандай әдемі болып кеткенсіңдер!

Қандай тамаша! Мен де анамды жақсы көремін. Сендермен бірге тойласам бола ма?

Ал, менің анам ұйықтар алдында ән айтып, ертегі айтып береді, ал оянғанда жүрегіме жылу беретін сөздер айтады.

Жүргізуші

Сәлеметсіз бе, Сайқымазақ! Балалар, Сайқымазақпен амандасайық.

Сайқымазақ, біз аналар мерекесін тойлап жатырмыз.

Әрине, болады. Білесің бе, Сайқымазақ, ана деген — керемет, асыл жан. Менің анам кішкентай кезімде не айтсам, соның бәрін алып беретін, түн ортасында шөлдесем, тұрып су беретін.

Арнаулар

Д. Аяжан

Бізді өсірген апатай,

Еңбегінде зор екен.

Құтты болсын, апатай,

Құтты болсын мерекең.

Н. Мадияр

Ақ анашым, аппақым,

Өзің жайлы тақпағым.

Өзің жайлы әнім де —

Арнадым саған бәрін де.

Дерек

Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ертіс ауылы

ЖШС «Раиса» балабақшасы

Тәрбиеші: Қабытаева Хадиша Барбасқызы