Жердің серігін ата
Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
Оқып-үйренудің негізгі мақсаты — оқушылардың отбасы мүшелері туралы білімін кеңейту. Сонымен бірге отбасының әкесі мен анасы, олардың балалары және ата-әжеден тұратынын түсіндіру.
Оқушылар отбасындағы өз құқықтары мен міндеттері туралы да түсінік қалыптастырады.
Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасы «20 сұрақ» әдісі арқылы пысықталады.
-
1
Аспан денелерін ата.
-
2
Жердің серігін ата.
-
3
Күнді айналып жүретін ғаламшарды ата.
-
4
Күн дегеніміз не?
-
5
Адамдар күннің қуатын қалай пайдаланады?
-
6
Тұңғыш рет ғарышқа ұшқан кім?
-
7
Ғарыш айлағы қайда орналасқан?
-
8
Қазақ ғарышкерлерін ата.
-
9
Күн мен түн қалай алмасады?
-
10
Тәулік дегеніміз не?
-
11
Бір тәулікте неше сағат бар?
-
12
Күн қай кезде жақсы жылытады: көкжиектен төмен тұрғанда ма, әлде биікте тұрғанда ма?
-
13
Жер Күнді қалай айналады?
-
14
Жердің үлгісі қалай аталады?
-
15
Жыл мезгілдерінің ауысуы немен байланысты?
-
16
Адамдар Жердің өз білігінен айналатынын неге сезбейді?
-
17
Күн болмаса, Жер бетінде не болар еді?
-
18
«Күн гүлі» деп қандай гүлді атайды?
-
19
Жер орбитасы деген не?
-
20
Осы жылы ақпан айы неше күннен тұрады?