Тапсырмалар топтамасы

Мектебі

№7 орта мектебі

Пән

Қазақ тілі мен әдебиеті

Мұғалім

Куламанова Арайлым Муратовна

Сынып

5-сынып

Тақырып

Антонимдер

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Шығармашылық жұмыстар арқылы мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздердің антоним болатынын ұғындыру. Антоним сөздерді салыстыра отырып, анықтаманы оқушылардың өздері ой қорытып шығаруына бағыт беру.

Дамытушылық

Оқушының білімін және танымын кеңейту, ақпаратты тез қабылдауына жағдай жасау. Өз пікірін толық жеткізе білуге баулу, ойлау қабілетін арттыру.

Тәрбиелік

Сыныпта ынтымақтастық орната отырып, ауызбіршілікке тәрбиелеу. Бір-бірінің пікірін тыңдап, сыйлауға дағдыландыру және сөз өнерін қадірлеуге жетелеу.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап
  • Топпен жұмыс

Көрнекілік

Интербелсенді тақтадағы слайдтар, кеспе қағаздар.

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, бейнелеу өнері, өзін-өзі тану.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу.
  • Сыныпты түгелдеу.
  • Оқушылардың сабаққа зейінін аудару.
  • Оқушыларды аяқ киім өлшемі бойынша топқа бөлу: 28–30 — I топ, 30–32 — II топ, 32–34 — III топ.
  • Топ ережесін құру: әр топ өз ережесін жасап, А3 қағазына жазып қояды.

Сонымен бірге, өзін-өзі тану сабағындағы «5Т» ережесін бүгінгі сабаққа да енгіземіз.

Тәртіп
Талап
Тыныштық
Тазалық
Татулық

II. Жаңа сабақ

Интербелсенді тақтадан суреттер көрсетіледі. Сол арқылы бүгінгі тақырып ашылады:

  • Суреттен не көріп тұрсыңдар?
  • Олар қандай сөздер?
  • Антоним дегеніміз не?

Антоним сөзі грек тіліндегі anti — «қарсы» және onoma — «атау» деген сөздерден шыққан. Олай болса, қорытынды:

Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер антонимдер деп аталады.

Антонимдер басқа пәндерде

Математика

  • ҚосуАлу
  • КөбейтуБөлу
  • ҮлкенКіші

Биология

Өлі табиғат — тірі табиғат.

Әдебиет

Мақал-мәтелдер мен жұмбақтарда антонимдер жиі қатар қолданылады.

Мысал: «Әдепті бала — арлы бала, әдепсіз бала — сорлы бала.»

Антоним және болымды/болымсыздық мағынасы

Антоним мен жұрнақ арқылы жасалатын болымды-болымсыздық мағыналар бірдей емес. Төмендегі салыстыру соны айқындайды:

Антонимдер

Жақсы
Жаман
Ал
Бер
Сулы
Құрғақ
Көңілді
Қапалы

Болымды — болымсыздық мағыналары

Жақсы
Жақсы емес
Ал
Алма
Сулы
Сусыз
Көңілді
Көңілсіз

Антонимдер ойды әсерлі әрі бейнелі жеткізудің ең ұтымды құралдарының бірі. Сондықтан мақал-мәтелдер мен жұмбақтарда олар жарыса қолданылады.

III. Тапсырмалар топтамасы

I топ: Мақал-мәтелдердегі антонимдер

  • «Күштімен алысқан әлсіз өз қолын сындырады.» (Сәйф Сарайи)
  • «Дұшпанға тастай қатты бол, досыңа балдай тәтті бол.»

II топ: Жұмбақтардағы антонимдер

«Түнде бармын, күндіз жоқпын.»

Жауабы: жұлдыз

III топ: Жаңылтпаштардағы антонимдер

  • «Ақ тайлақ ақ па? Қара тайлақ ақ па? Күн бе, түн бе, пілге мінбе.»
  • «Екеуінің жасы шамалас: бірінің шашы — қара шаш, екіншісінің шашы — ақ шаш аралас.»

IV. Сергіту сәті

«Әріптер таңдау» ойыны: оқушылар кеспе қағаздардағы әріптерді таңдап, берілген сұрақтарға сай сөйлемді жалғастырады.

Қайдан келдіңіз?

Неге келдіңіз?

Немен келдіңіз?

Кіммен келдіңіз?

Немен бөлісесіз?

V. Оқулықпен жұмыс

I топ: 96-жаттығу

Биік, ашық, жаңа, сұлу, жас сөздеріне әртүрлі қолданыста бірнеше антоним сыңар тауып жазыңдар.

Үлгі: биік тау — аласа тау, ...

II топ: 97-жаттығу

Құрамында антоним сөздер кездесетін мақал-мәтелдер мен жұмбақтар тауып жазыңдар. Сонымен бірге олардың қатар қолданылу себебін анықтаңдар.

III топ: 100-жаттығу

Синонимдік қатарлардың бірін көшіріп жазыңдар. Ондағы әр сөздің антонимін табыңдар. Антонимдердің неге әртүрлі болып шыққанын түсіндіріңдер.

1) Батыр, батыл, қаһарман, ержүрек
2) Қорқақ, қауқарсыз, сужүрек

VI. Бекіту кезеңі

«Даналық ағашы»: оқушылар бүгінгі сабақтан түйген ойын айтып, стикерлерін ағашқа жапсырады.

VII. Бағалау

«Жұлдызды сәт»: әр топ өз тобындағы оқушыларды жұлдыз тағу арқылы бағалайды.

VIII. Үй тапсырмасы

98-жаттығу

Ақын Қадыр Мырза Әли өлең кітаптарын оқыңдар. Антоним сөздер кездесетін 1–2 шумақты таңдап, дәптерлеріңе көшіріп жазыңдар.

Жазба жұмысында антонимдерді астын сызып, олардың мағыналық қарама-қарсылығын қысқаша белгілеңдер.