Символдар стратегиясы
Сабақ туралы мәлімет
Сынып
5-сынып
Сабақтың тақырыбы
Қажымұқан — өнер иесі
Сабақтың мақсаты
Оқушыларға француз күресінен әлем чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмірі, спорттағы жолы және елеулі жетістіктері туралы түсінік беру.
Сабақтың түрі
Жүйелеу сабағы
Әдіс-тәсілдер
Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары
Көрнекіліктер
- Қажымұқан Мұңайтпасұлының портреті
- Бейнежазба
- Үлестірмелі парақтар
Күтілетін нәтижелер
1) Таным
Оқушылар Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмірімен танысады.
2) Ізденіс
Қажымұқан туралы қызықты деректер мен бейнематериалдарды көре отырып, өздігінен ізденуге талпынады.
3) Дәлелдеу
Балуанның спорттағы жетістіктерінің мәнін түсініп, нақты мысалдар арқылы көз жеткізеді.
Қолданылатын стратегиялар
Символдар стратегиясы
Көрнекі белгілер арқылы ойды жүйелеу және мәтін құрастыру.
Жуан және жіңішке сұрақтар
Талдауды тереңдететін және нақтылайтын сұрақтармен жұмыс.
Семантикалық карта
Негізгі ұғымдар мен байланыстарды көрнекі түрде көрсету.
Концептуалдық кесте
Ақпаратты салыстыру және қорытындылау үшін құрылымдау.
Екі жақты күнделік
Дәйексөз бен жеке пікірді қатар жазып, рефлексия жасау.
Сабақтың барысы
I. Қызығушылықты ояту
Символдар стратегиясы
Тақтаға ілінген төрт сурет бойынша (кір тасы, медаль, кубок, ту) үш топ оқушылары шағын мәтін құрастырады. Әр топ өз мәтіндерін топ ішінде оқып, ең сәтті деген 1–2 нұсқаны сыныпқа ұсынады.
Нәтиже
Оқушылар құрастырған мәтіндер арқылы келесі сабақтың тақырыбына өздері болжам жасап, ортақ оймен тақырыпты ашады.
Кілтті ұғымдар: күш, жеңіс, ел намысы, спорт.
II. Мағынаны тану
1) Жуан және жіңішке сұрақтар
Сұрақтар үш топқа да бірдей ұсынылады.
- 1. Мұқанның балалық шағы қайда және қандай жағдайда өтті?
- 2. Отыз пұт май қатырған кеспекті бала шанаға қалай салды?
- 3. Мұқан бір шана шөпті байдың үйіне қалай жеткізді? Бай мұны қалай бағалады? Ал сендер не дер едіңдер?
- 4. Мұқанның ерекше күшін байқап, оған достық көмегін бергендер кімдер? Лебедевке жазылған «Добрый — Рабый» хатынан нені түсіндіңдер?
- 5. Лебедев мектебі Мұқанға нелерді үйретті? Әсіресе, кімнің қандай көмегін ерекше атап өтуге болады?
- 6. Отан даңқын, абыройын арттыруға Мұқан қандай үлес қосты?
2) Бейнематериал
«Күш атасы — Қажымұқан» атты бейнетаспаны көрсету. Көргеннен кейін негізгі ойды 2–3 сөйлеммен түйіндеу.
3) Топтық жұмыс
I топқа тапсырма
Шығарманың әр тұсынан Мұқанның сыртқы келбеті мен мінез-құлқын сипаттайтын үзінділерді іріктеңдер. Балуанның өсу жолына жоспар құрып, жазбаша түрде мінездеме беріңдер.
Ескерту: Қажет болса, семантикалық карта мен концептуалдық кестені тірек ретінде қолданыңдар.