Өткен дыбысты қайталау, зейінін бақылау
Оқу іс-әрекетінің мақсаты
Қайталау және зейін
Өткен дыбысты қайталау, балалардың зейінін бақылау.
Жаңа дыбыспен танысу
Жаңа С с дыбысын меңгерту; сөздер мен сөйлем құрауға үйрету, буынға дұрыс бөлінуін қадағалау.
Талдау және жазу
Дыбыстық талдау жасауға және көркем жазуға жаттықтыру.
Дамыту
Ой-өрісін, шығармашылығын дамыту; сөздік қорын және сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Тәрбиелік бағыт
Ұғымталдыққа, ұқыптылыққа, әдемілікке және тазалыққа тәрбиелеу.
Мотивациялық-қозғаушылық
Ұйымдастыру кезеңі
«Жылулық шеңбері» арқылы сабаққа көңіл күй қалыптастыру және балалардың назарын оқу іс-әрекетіне аудару.
Бір, екі, үш —
Сынып іші тып-тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабағымызды бастаймыз.
Өткен сабақты пысықтау
- Өткен сабақта қай дыбыспен таныстық? (Б б)
- «Б» дыбысы қандай дыбыс?
- «Б» дыбысына сөздер ойлау: бас, бала, балапан, бақа, балық, бақыт, таба, сабын, қарбыз, арба, дорба, жаңбыр.
- Дыбыстың сөздің қай жерінде кездесетінін анықтау (басы, ортасы, соңы).
Жаңа сабақ: «С с» дыбысы
Күнтізбелік сұрақтар
Мезгіл
Қыс (zima, winter)
Ай
Желтоқсан (December)
Апта күні
Сәрсенбі (sreda, Wednesday)
Сәрсенбінің сәтті күнінде сабақтарыңа сәттілік!
Жұмбақ арқылы кіріспе
Кіруге адам батпайды,
Аман-есен сақтайды.
Жауабы: сандық
Жаздай інге тығылып жатқан қызыл түлкіні,
Құйрығымен суырып әкелді әжем бір күні.
Жауабы: сәбіз
Жұмбақтардың шешіміндегі сөздерден бірінші болып қандай дыбыс естіледі? «С»
Дыбыстың сипаты және артикуляциясы
- «С» дыбысын хормен қайталату.
- «С» — дауыссыз дыбыс; көк текшемен белгіленеді.
- Айтылу кезінде тілдің ұшы астыңғы тіске тіреліп, кедергі арқылы шуылдап шығады.
- «С» дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі.
Суретпен жұмыс: сөз мағынасын ашу
Асық
Асық — ешкі, қой, сиыр сияқты малдың асығы. Үлкен-кішілігі әртүрлі болғанымен, пішіні ұқсас келеді. Асықпен «Ханталапай», «Үштабан», «Шеңбер» сияқты ойындар ойналады.
Ойында асықтың атаулары болады: сақа, алшы, топай, т.б.
Мақал-мәтел: «Асығың алшысынан түссін»
Сандық
Сандық — киім-кешек пен тұрмыстық заттарды сақтауға арналған ағаш бұйым. Ол ертеден қолданылып келе жатқан жиһаз түрлерінің бірі.
Көбіне сыртынан темір немесе мыс жапсырмалармен, ою-өрнекпен көркемделіп безендіріледі.
Күнбағыс
Күнбағыс — майлы дақылдардың бірі. Күнбағыс майы тағам дайындауда кеңінен пайдаланылады.
Күлте жапырақтарынан дәрі жасалады, ал шемішке күнбағыстан алынады.
Оқулықпен жұмыс
Мағынасын түсіндіру, буынға бөлдіру және дұрыс оқу дағдысын қалыптастыру.
Буын және сөздер
Сергіту сәті
Бір, екі, үш —
Қолға жинап күш.
Қолға қалам аламыз,
«С» дыбысын жазамыз.
Дәптермен жұмыс
Жазу дағдысы
- «С с» дыбысын тақтаға жазып, жазылу үлгісін түсіндіру.
- Оң қолды көтеріп, ауада жазу арқылы қимылды бекіту.
- Әліппе дәптеріне баспа түрін жазып шығу.
Шашыраған әріптерден сөз құра
Кеспе әріптер және текшелер арқылы мына сөздерді құрастырып жаздыру: бас, сана, аспан.
Бекіту: сұрақ-жауап
«Сиқырлы сандар»
Осы сандар арқылы тәуелсіздік тақырыбына қысқаша тоқталып, балалардың танымдық қызығушылығын арттыру.
«С» дыбысы бар жауаптарды тап
- Қыздар құлағына не тағады?
- Сырға.
- Қыздар басына не киеді?
- Сәукеле.
- Қыздар қолына не тағады?
- Сақина.
- Мектепте не оқимыз?
- Сабақ.
- Уақытты не көрсетеді?
- Сағат.
- Ақ, дәрумені көп, пайдалы сусын?
- Сүт.
- Сызуға арналған құрал?
- Сызғыш.
- Кітаптарды қайда саламыз?
- Сөмкеге.
Бағалау
Оқушылардың қатысу белсенділігіне қарай бағалау жүргізіледі.
Рефлексия және қорытынды
Қорытынды сұрақтар
- Бүгін сабақта нені үйрендіңдер?
- Қандай жаңа ақпарат алдыңдар?
- Қай тұсы түсініксіз болды?
Күтілетін нәтиже
Нені біледі
«С» дыбысымен танысады; сөз құрайды; буын ішінде бекітеді; дыбыстық талдау жасайды.
Қандай түсініктерді игереді
Есте сақтау мен ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған тапсырмалардың мәнін түсінеді.
Меңгерген дағдылары
«С» дыбысы бар сөздер мен сөйлемдер құрастырады; дұрыс жазу дағдысын бекітеді.
Автор туралы мәлімет
Білім беру ұйымы
Қызылорда қаласы, Ы. Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицей
Мұғалім
Бастауыш сынып мұғалімі Ақмырзаева Айсәуле Қайратқызы