Домендік жүйесіне сипаттама бер

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Өңір

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы

Оқу орны

Бейнеу политехникалық колледжі

Пән мұғалімі

Информатика пәні мұғалімі: Умирзакова Анар

Сабақтың тақырыбы

Желі қауіпсіздігі және қорғау

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Желі қауіпсіздігі мен қорғау туралы түсінік қалыптастыру және оны практикада қолдануға машықтандыру.

Дамытушылық

Жаңа тақырып бойынша алған білімді жүйелеу арқылы студенттерді өз бетімен ізденуге, ойды тұжырымдауға және көзқарасын дәлелді жеткізуге баулу. Шапшаңдық пен тапқырлықты, танымдық және шығармашылық қабілеттерді, жылдам ой қорыту дағдыларын жан-жақты дамыту.

Тәрбиелік

Кабинетте өзін-өзі дұрыс ұстауға, техника қауіпсіздігі ережелерін сақтауға және ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ форматы мен ресурстар

Ұйымдастыру

  • Сабақтың түрі: аралас
  • Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау

Көрнекіліктер

  • MS PowerPoint бағдарламасында дайындалған слайдтар
  • Бейнеролик

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. 1 Амандасу және кабинеттегі тәртіпті ретке келтіру.
  2. 2 Студенттерді түгендеу.
  3. 3 Сабаққа дайындығын тексеру (дәптер, қалам).
  4. 4 Құрылғымен жұмыс дәптерін толтыру және жұмыс орнын дайындау.
  5. 5 Кіріспелік нұсқау: кабинетте техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Тақырып: «Желіні әкімшілендіру және DNS-серверлер».

1-сұрақ

Суретте неше желі бейнеленген?

Жауап: 5

2-сұрақ

IP-адрестеу дегеніміз не?

IP-адрес — желіге қосылған құрылғының бірегей мекенжайы. Оны үйіңіздің мекенжайымен салыстыруға болады: қалай әр үйдің нақты адресі болса, интернетте де әр қолданушыға немесе құрылғыға қайталанбас IP-адрес беріледі.

Интернет провайдері әр пайдаланушыға IP-адрес тағайындайды, ал сіз интернетке осы адрес арқылы шығасыз. Желіге қосылған әрбір компьютердің өзіне тән адресі болады.

Құрылымы

IP-адрес нүктемен бөлінген 4 ондық саннан тұрады. Әр сан 0-ден 255-ке дейінгі аралықта болады. Желідегі компьютер дәл осы сандар арқылы анықталады.

192.168.10.43
128.29.15.124

Дәлірек айтқанда, IPv4 адресі — 32-разрядты екілік сан (яғни 4 байт). Бұл адрестеу шамамен 4,3 млрд адреске дейін қамти алады.

3-сұрақ

Домендік адрестер дегеніміз не?

Физикалық (сандық) адресті пайдалану әрдайым ыңғайлы емес, өйткені адамдарға цифрлар тізбегін есте сақтау қиын. Сондықтан IP-адреске символдық (домендік) атау сәйкестендіріледі. Домендік атаулар мағынасы бар сөз тіркестерінен тұрады.

Жазылу үлгісі

протокол://машина_аты.домен_аты/[каталог/ішкі_каталог/файл_аты]

4-сұрақ

Домендік жүйесіне сипаттама бер.

Домендік атаулар жүйесі (DNS, Domain Name System) — интернеттегі IP-адрестерді адамға түсінікті домендік атауларға (мысалы, www.ip.com) автоматты түрде түрлендіретін механизм. Бұл түрлендіру арнайы DNS-серверлерде орындалады.

DNS-сервер — тиісті хаттама бойынша келіп түскен сұрауларға жауап беретін қызмет. Кейде «DNS» сөзі осы қызмет іске қосылған хостты (серверді) да білдіреді.