Суреттермен жұмыс жасау

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Тақырыбы

Отбасы (сөз)

Сабақ түрі

Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Әңгімелеу
  • Көрнекілік

Көрнекіліктер

Суреттер, отбасы бейнеленген сурет.

Сабақтың мақсаттары

Дамытушылық

Оқушылармен отбасы туралы әңгімелесу; баланың отбасына қатысты сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелік

Оқушыларды өзара сыйластыққа, бір-бірін тыңдауға және құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сабақтың басында оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру және жұмысқа дайындау.

  • Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.
  • Сабаққа қажетті оқу құралдарын әзірлетемін.
  • Партада дұрыс отыруын қадағалаймын.

II. Өткенді қайталау

Алдыңғы сабақта меңгерілген ұғымдарды нақтылау және белсенді әңгіме жүргізу.

Пысықтау тапсырмалары

  • Оқушылардың алдыңғы сабақтан алған түсініктерін пысықтаймын.
  • Астана қаласы туралы әңгімелетемін.
  • Қазақстанның қалалары жөнінде сұрақтар қоямын.

Сергіту сәті

Көжегім, тұршы,

Бетіңді жуғышы.

Айнаға қарашы,

Шашыңды тарашы,

Киіміңді киюші,

Мектепке қарай жүрші.

Орныңа отыршы,

Сабағыңды оқышы.

III. Жаңа сабақ

Кіріспе әңгіме арқылы қызығушылық оятып, оқулық материалымен жұмыс жүргізу.

Кіріспе

Оқулықтың 8-бетіндегі суреттерді тірек ете отырып, оқушыларды әңгімеге тартамын. Мақсат — ынтасын арттырып, жаңа тақырыпқа қызығушылығын ояту.

Өлең жолдары

Анаң — үнің, жүрегің,

Әкең — өмір тірегің.

Сен — бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын.

Әжең — асыл ардағың,

Атаң — дана қорғаның.

Сен — бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын.

Оқулықпен жұмыс

  • Суреттер бойынша сөйлемдер құратамын.
  • Әнұранды жатқа айтқызамын.

Дәптермен жұмыс

  • Дәптердің партада дұрыс орналасуын түсіндіремін.
  • Қарындаш пен қаламды дұрыс ұстау және қолдану ережесін көрсетемін.
  • Дәптердегі берілген суреттерді боятады.
  • Дәптердің 4-бетіндегі тапсырмаларды орындатады.
  • Жазу кезінде саусақ бұлшықеттерін шынықтыру жаттығуларын орындатады.

Ойын

«Менің туыстарым» ойынын ойнатамын. Оқушылар туыстарының қызметі мен тұратын жері туралы қысқаша әңгімелейді.

IV. Сабақты қорыту

Жаңа тақырыпты бекіту, орындалған жұмысты талдау және кері байланыс беру.

  • Оқушылар жұмысының дұрыстығы мен ұқыптылығына қарай сәйкес белгілерді боятады.
  • Жаңа сабақ бойынша сұрақтар қоямын.

Рефлексия сұрақтары

Бүгінгі сабақтан қандай білім алдың?

Нені үйрендік?

V. Үй тапсырмасы

Суреттермен жұмыс: берілген иллюстрациялар бойынша қысқаша сөйлемдер құрап келу.

VI. Бағалау және мадақтау

Оқушылардың белсенділігі, жауаптарының толықтығы және жұмысының ұқыптылығы ескеріле отырып, бағалау жүргізіледі. Ынталандыру мақсатында мадақтау сөздері айтылады.