Сабақтың ережесімен таныстыру
Сабақтың мақсаты
Мәтінді оқу және жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауға, талқылауға үйрету; шығармашылықпен жұмыс істеуге ынталандыру.
Сабақтың міндеттері
- Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту.
- Мәтіннің мазмұнын түсініп, негізгі идеясын ашу.
- Өзара жолдастық көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер
СТО стратегиялары, сызбалармен жұмыс, әңгімелеу, пікір алмасу.
Сабақ түрі
Жаңа сабақ.
Көрнекіліктер
Интерактивті тақта, бағалау парақтары, бейнематериалдар, аудио.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру
Сыныптың назарын сабаққа шоғырландыру, жұмысқа дайындық.
2) Психологиялық ахуал
Айналаға алақанмен,
Жылулықты шашайық.
Сәттілік тілеп күлімсіреп,
Біз сабақты бастайық.
Сабақ ережелері
- 1 Сабақта бір-бірімізді тыңдаймыз.
- 2 Біреудің айтқанын қайталамаймыз.
- 3 Уақытты үнемдейміз, босқа өткізбейміз.
- 4 Белсенді қатысып, жақсы нәтижеге ұмтыламыз.
3) Үй тапсырмасын тексеру
Оқиға желісі бойынша сұрақтарға жауап беру:
4) Қызығушылықты ояту
Сөзжұмбақ және есептер
Есептерді шығара отырып, сабақтың тақырыбын анықтау.
Талқылау сұрақтары
- Дос дегеніміз кім?
- Нағыз дос қандай болу керек?
Кластер: «Дос» ұғымы
Оқушылардың ойларын жинақтау арқылы достық туралы ортақ түсінік қалыптастыру.
Бүгінгі сабақта жалпы достық туралы әңгімелейміз.
Болжам кестесі
Берілген сөздер арқылы оқиға желісін алдын ала болжау.
Не болады?
Оқушылар оқиға қалай өрбитінін болжап жазады.
Не болды?
Мәтінді оқығаннан кейін болжамды нақты оқиғамен салыстырады.
Алдымен кестенің бірінші бөлімі («Не болады?») толтырылады.
Мәтінмен жұмыс: «Екі дос» (ел аузынан)
Оқу түрі: кідіріс жасап оқу (әр бөлімнен кейін сұрақтар арқылы талқылау).
1-бөлім
Ертеде ел ішінде жаугершілік жиі болған кезде қазақтың екі жауынгері төс қағыстырып, дос болады. Бірде әскерлер өзен бойына қонып, қос тігіп дамылдайды. Кенеттен жаудың қалың қолы шабуыл жасап, малды айдап, мүлікті тиеп әкетеді. Қолға түскен азаматтарды айдап кетеді. Екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының тұтқынға түскенін естіген екінші батыр күздің қара суығына қарамай, өзенді кешіп өтіп, жау жатқан жағалауға барады. Сол сәтте жау әскері оны бірден ұстап алады. Жауынгер өзін қолбасына апаруды өтінеді.
Сұрақтар
- 1 Екі дос қандай жағдайға тап болды?
- 2 Жауынгер не істеуді өтінді?
- 3 Қалай ойлайсыңдар, ол қолбасына не айтады?
2-бөлім
— Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің айырбастап берер мал-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін: ол — өз өмірім. Досымды босатыңдар, ол үшін менің өмірімді алыңдар, — дейді.
Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады: — Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады, — дейді.
— Ол не? — дейді досын құтқаруға асыққан жігіт.
— Маған сенің көздерің керек. Екі көзіңді ойып аламын, — дейді қолбасы.
— Ол да болсын. Көзімді ал да, досымды тезірек босат, — дейді жауынгер.
Сұрақтар
- 1 Жауынгер қолбасына нені ұсынды?
- 2 Қолбасы оны қалай сынамақ болды?
- 3 Бұл жағдайда жауынгер қандай шешім қабылдайды деп ойлайсыңдар?
3-бөлім
Жігіт бұл сыннан сүрінбей өтеді. Тұтқыннан босаған досының иығына қолын салып, зағип күйде қуанып, күлімдеп келеді. Мұны көрген жаудың қолбасы: «Мұндай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиын», — деп түйеді. Сөйтіп, өз әскеріне шегінуді бұйырады.
Сұрақтар
- 1 Қолбасының әскерін алып кетуіне не себеп болды?
- 2 Жігіт сыннан өтті ме? Неліктен?
Оқылым (жеке жұмыс)
Оқушыларға мәтін таратылады. Олар мәтінді өздері оқып шығып, маңызды тұстарын белгілейді.
Түсініксіз сөздермен жұмыс
Топтық жұмыс және талдау
Оқушылар топтарға бөлініп (қажет болса, топ құрамын ауыстырып), тапсырмаларды орындайды.
1-топ
Мәтін бойынша жоспар құру.
2-топ
Мәтіннің негізгі ойын анықтау.
3-топ
Оқиғаны жалғастырып, өз нұсқасын ұсыну.
4-топ
Достық туралы мақал-мәтелдер айту.
Болжауды нақтылау
Оқушылар орындарына отырып, болжам кестесінің «Не болды?» бөлігін мәтін мазмұнына сүйене отырып толтырады.
Қосымша әңгіме (бейне/аудио)
Оқушылар бейнетаспадан тыңдап, оқиғаны қысқаша мазмұндайды.
Талқылау сұрақтары
- Бұл әңгімеде қандай оқиға болды?
- Баланың досы не істеді? Оның әрекеті дұрыс па?
- Достықты сатуға бола ма?
Салыстыру: Венн диаграммасы
Екі мәтіндегі ұқсастық пен айырмашылықты Венн диаграммасы арқылы салыстыру.
1-мәтін (Екі дос)
Негізгі ойлар мен дәлелдерді белгілеу.
Ортақ
Достық, адалдық, жауапкершілік тақырыптарын біріктіру.
2-мәтін (қосымша)
Кейіпкер әрекетін бағалау, өмірмен байланыстыру.
Қорытынды, бағалау және үй жұмысы
Мұғалімнің қорытынды сөзі
Бейбітшілік менде,
Бейбітшілік сенде,
Бейбітшілік барлық елде.
Бақыт менде,
Бақыт сенде,
Бақыт барлық елде.
Тыныштық менде,
Тыныштық сенде,
Тыныштық барлық елде.
Біз өз-өзімізге тілейміз:
бейбітшілік, бақыт, тыныштық.
Оқушыларға «бейбітшілік құсы» үлестіріледі.
Бағалау және үй жұмысы
Бағалау
Бағалау парақтары арқылы жеке және топтық жұмыс нәтижесі қорытындыланады.
Үй жұмысы
Достық тақырыбында қысқаша ойтолғау жазу немесе мақал-мәтелдер жинақтау.