Жеті түрлі жолақты түстен кемпірқосақ құрастырып, артына жазылған тапсырмаларды орындау

Оқу іс-әрекетінің жалпы мәліметі

Бағыты

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру

Тақырыбы: 7 санымен таныстыру және құрамын анықтау

Мақсаты

  • Білімділік: 7 санымен таныстыру, құрамын анықтау және 7-ге дейінгі сан қатарын ретімен ауызша жаттықтыру; логикалық ойын-есептер арқылы балалардың білім-біліктілігін арттыру.
  • Тәрбиелік: жұмбақ-есеп пен санамақ туралы түсінік қалыптастыру, қызығушылықты арттыру.
  • Дамытушылық: танымдық, шығармашылық және логикалық ойлау дағдыларын дамыту.

Әдіс-тәсілдер мен ресурстар

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап
  • Көрсету
  • Ойын
  • Санау
  • Сергіту сәті
  • Бағалау және қорыту

Қажетті көрнекіліктер

  • «Жеті шал» әңгімесіне қатысты суреттер
  • Сан таңбалары
  • Кемпірқосақтың жолақты түстері
  • Әліппе-дәптер және қосымша материалдар

Сөздік жұмыс

бірлік жеті

Оқу іс-әрекетінің барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • «Жылулық шеңбері» арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.
  • Оқу іс-әрекетіне психологиялық дайындық жасау.

II. Өткен сандарды еске түсіру

Балалармен бірге бұрын үйренген сандарды ұжыммен қайталау, санауды жүйелеу.

III. Жаңа сабақты меңгерту: 7 саны

Әңгімелесу арқылы кіріспе

Балалар, біз қай мектепте оқимыз? Біз М. Әуезов атындағы №7 орта мектепте оқимыз.

Мектепке аптасына неше күн келеміз? Бес күн келеміз. Ал неше күн демаламыз? Екі күн демаламыз.

Сонда бір аптада барлығы жеті күн болады.

Апта күндерін айту

Жеті күнді кім атап береді?

Дильназ:

Апта деген атайдың,
Жеті бірдей ұлы бар.
Біріншісі — Дүйсенбі,
Екіншісі — Сейсенбі,
Үшіншісі — Сәрсенбі,
Төртіншісі — Бейсенбі,
Бесіншісі — Жұма,
Алтыншысы — Сенбі,
Жетіншісі — Жексенбі.

Сергіту сәті: қысқа қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындау.

Оқиға желісі: «Жеті шал»

Тақтадағы суретке назар аударайық. «Жеті шал» әңгімесін еске түсірейік. Әңгімедегі басты кейіпкер Жабақ жеті жасқа келгенше атасының арқасынан түспегені есімізде ме?

Бүгін бізге қонаққа Жабақ келді. Ол жаңа сан әкеліпті, бірақ ол санды бірден айтпайды. Санның қандай екенін білу үшін тапсырмаларды орындаймыз.

Жұмбақ-есептер мен тапсырмалар

I тапсырма

Талда 6 алма, қолымда 1 алма. Барлығын қосқанда неше алма болады?

Жауабы: 7 алма

II тапсырма

1-ден 7-ге дейінгі сандарды тура және кері санау.

0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7

III тапсырма

Қай сан жоғалды?

0   2   4   6

Демек, бүгін танысатын санымыз — 7. 7 саны халқымызда қасиетті сан ретінде де аталады.

жеті қазына жеті шелпек жеті ата жеті күн жеті мүше Жетіқарақшы

Дәптермен жұмыс

  1. 1 7 цифрын ауада жазып көру.
  2. 2 7 цифрын дәптерге дұрыс әрі әдемі жазу.

Ойын: «Кемпірқосақ»

Жеті түрлі жолақты түстерден кемпірқосақ құрастырып, әр жолақтың артындағы тапсырмаларды орындау.

Қорытынды және бағалау

Қорытынды сұрақтар

  • Бүгінгі сабақ ұнады ма?
  • Нені білдік?
  • Нені үйрендік?

Мадақтау

Балалардың белсенділігін атап өту, жақсы қатысқан балаларға жұлдызша беру.

Жұлдызша Мадақ сөз Белсенді қатысу