Дауысты дыбыстар қанша

Сабақтың мақсаты

  1. Оқушыларға мемлекеттік тілді білудің маңызы туралы түсіндіру, оны құрметтеуге баулу; өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтау арқылы ой-өрісін кеңейтіп, білім деңгейін арттыру.
  2. Қазақ тілі туралы мақал-мәтел, өлең, тақпақ, нақыл сөздер арқылы оқушының сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту.
  3. Адамгершілікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу; тілдің байлығы мен маңызын түсінуге және құрметтеуге үйрету.

Сабақтың түрі

Сайыс сабағы

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, түрлі тапсырмалар

Формат

3 топпен жұмыс

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар 3 топқа бөлінеді.

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Құрметті ұстаздар, оқушылар! 22 қыркүйек — Тілдер мерекесі. Бүгін біз осы мерекеге орай «Тіл мәртебесі — ел мәртебесі» атты сайыс сабағымызға жиналдық.

Тіл — қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі құндылық. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге дарып, бойға сіңеді. Тіл байлығы — елдің ұлттық мақтанышы. Халықтың мәңгі ғұмыры — оның тілінде. Шыңғыс Айтматовтың «Әрбір тіл өз халқы үшін — ұлы» деген сөзі осыны айқындайды. Сондықтан әр адам өз ана тілін қорғап, құрметтеуге міндетті.

Ортаға 6 «В» сынып оқушыларын шақырамыз!

Тіл туралы өлең жолдары

Сүйемін туған тілім — анам тілім,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнін.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар!
Туған тілім — тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім — мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім — мен де бірге өшемін.
Ана тілін білмеген — ақылы жоқ желікбас,
Ана тілін сүймеген — халқын сүйіп жарытпас.

Әділқазылар алқасы

Әділқазылар алқасымен таныстыру.

Сайысымыздың беташарын бастайық. Сайыскерлер өздерін таныстырсын, ал біз өнеріне ду қол соғып қолдайық.

I кезең — «Бәйге»

Әр топ берілген сұрақтарға тез әрі нақты жауап береді.

I топ

  1. Қазақстан қандай мемлекет? (Бай, кең-байтақ)
  2. ҚР-ның мемлекеттік тілі қандай? (Қазақ тілі)
  3. Жыл мезгілі нешеу?
  4. Қазақстан туының түсі қандай? (Көгілдір)
  5. Наурызда пісірілетін басты тағам? (Наурыз көже)
  6. Тұрлаулы мүшелерге нелер жатады?
  7. Ешкінің иесін қалай атайды? (Шекшек ата)
  8. Күздің бірінші айы қайсы?
  9. Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар? (42)
  10. Абай Құнанбаевтың шын аты? (Ибраһим)

II топ

  1. Қазақ тілінде сөз таптары нешеу? (9)
  2. «Бұл», «мынау» сөздері есімдіктің қай түріне жатады? (Сілтеу есімдігі)
  3. Бір тәулікте қанша сағат бар?
  4. Зат есімде неше септік бар?
  5. Тәуелсіз ел болғанымызға қанша жыл болды? (20 жыл)
  6. Абай Құнанбаев кім? (Ақын, жазушы, әнші, философ, данышпан)
  7. Түйе иесін қалай атайды? (Ойсылқара)
  8. Қазақ тіліне тән дыбыстар нешеу? (9)
  9. Тамақты бұзбайтын салқын жәшік? (Мұздатқыш)
  10. Дауыссыздан басталып, д-дан з-ға дейін аяқталатын буын түрі? (Бітеу буын)

III топ

  1. Заттың, нәрсенің атын білдіретін сөз табы? (Зат есім)
  2. Тілдер мерекесі қай күні аталып өтеді? (22 қыркүйек)
  3. Қазақтың үш дана биі кімдер? (Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)
  4. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (Түркі тілдер тобы)
  5. Неологизм дегеніміз не? (Жаңа сөздер)
  6. Абайдың неше қара сөзі бар? (45)
  7. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі қашан жарияланды? (1991 жыл)
  8. Есімдік мағынасына қарай неше топқа бөлінеді? (7)
  9. Сингармонизм заңының қазақша мағынасы қандай?
  10. Мемлекеттік елтаңбаның авторлары кімдер? (Ж. Мәлібекұлы, Ш. Уәлиханов)

II кезең — «Тіл — өнер» (Полиглот)

Мақал-мәтелдегі жасырын сөзді тауып, оны қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтыңдар.

I топ

  1. Бірлігі жарасқан бұзылмас. (Ел — страна — country)
  2. Татулық — табылмас . (Бақыт — счастье — happiness)

II топ

  1. — ұлы қару. (Сөз — слово — word)
  2. Адамды үйретеді. (Өмір — жизнь — life)

III топ

  1. — таптырмас байлық. (Еңбек — труд — work)
  2. — байқап сөйлер. (Жақсы — хорошо — good)

III кезең — «Кім жылдам?»

Синоним сөздерді сәйкестендіріңдер.

Ертеде

баяғыда

Алыс

шалғай

Үлкен

дәу

Кішкентай

ұсақ, шағын

Сұлу

әдемі, көрікті

Таңертең

азанда

Тамақ

дәм, ас

IV кезең — Тұрақты сөз тіркестері

Берілген тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын сәйкестендіріңдер.

I топ

  • Төбесі көкке жету — қуану.
  • Қырық пышақ болу — араздасу.
  • Ит өлген жер — алыс.

II топ

  • Тіс жармау — үндемеу.
  • Қыздың жиған жүгіндей — әдемі, жинақы.
  • Жерден жеті қоян тапқандай — шаттану, қатты қуану.

III топ

  • Ат ізін салмау — хабарласпау, келмеу.
  • Айы оңынан туу — жолы болу.
  • Екі құлағы езуіне жету — мәз болу, қатты қуану.

V кезең — Тура мағына

Төмендегі сөз тіркестерінен тура мағынада қолданылған сөздерді табыңдар.

1) Адамның тілі, орыс тілі, ана тілі

2) Жұмыстың аяғы, құстың аяғы, жиналыстың аяғы

3) Өткір ой, өткір мінез, өткір пышақ

VI кезең — Антонимдер жарысы

ақ — қара үлкен — кішкентай жақсы — жаман биік — аласа жас — кәрі суық — жылы таза — кір кең — тар ащы — тәтті ұзын — қысқа жиі — сирек

VII кезең — Грамматиканы қайталау

Қайталау сұрақтарына жауап беріңдер:

  1. Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді?
  2. Бір-біріне мағынасы жақын сөздер қалай аталады? (Синонимдер)
  3. Мағынасы қарама-қарсы сөздер қалай аталады? (Антонимдер)
  4. Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді?
  5. Дауысты дыбыстар нешеу?
  6. Қазақ тілінде қанша септік бар?
  7. Тұрлаусыз мүшелерді атаңдар.
  8. Етістік құрамына қарай қандай түрлерге бөлінеді?
  9. Сан есім мағынасына қарай неше түрге бөлінеді?
  10. «Мен, сен, сіз, біздер, олар» сөздері есімдіктің қай түріне жатады? (Жіктеу есімдігі)

Қорытынды

«Жеңіске жетер — нағыз мықты» дегендей, сайыскерлеріміздің нәтижесін шығару үшін сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.