Қыздың тапсырмасы
Сабақтың тақырыбы
Өтілген әріптерді қайталау.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Ертегі желісі арқылы оқушылардың әліппе пәнінен алған білімін тексеру, тиянақтау және дыбыстарды еске түсіру.
Дамытушылық
Түрлі тапсырмалар арқылы сөздік қорды байыту, өз бетінше жұмыс істеу дағдысын дамыту.
Тәрбиелік
Пәнге деген сүйіспеншілікті арттыру, қызығушылықты күшейту.
Сабақтың форматы мен әдістері
Сабақтың түрі
Ертегі-сабақ.
Сабақтың әдістері
- Сұрақ-жауап
- Интерактивті тақтамен жұмыс
- Электрондық оқулық
- Суреттер арқылы тапсырмалар
Сабақтың барысы
Бүгінгі әліппе сабағымыз ерекше әрі қызықты өтеді: «Шалқан» ертегісін тыңдай отырып, кейіпкерлердің тапсырмаларын бірлесе орындаймыз.
Ұйымдастыру кезеңі
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанамыз бәріміз
Арайлап атқан күнге.
1) Шалдың тапсырмасы
Үй тапсырмасын тексеру және дыбыстар мен әріптерді қайталау
- Біз қандай дыбыстар мен әріптерді білеміз?
- Дыбысты не істейміз?
- Әріп дегеніміз не?
- Дауысты дыбыстарды ата.
- Дауысты дыбыстар қандай түспен белгіленеді, ал дауыссыздар ше?
- Дауысты да, дауыссыз да бола алатын қай дыбыс?
- Дыбыстардың түрлерін ата: дауысты/дауыссыз, жуан/жіңішке, қатаң/ұяң/үнді.
- Қосарланған дыбыстарды ата.
- Орыс тілінен енген дыбыстарды ата.
- Қандай таңбаларды білеміз?
- Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?
Атаға көмек керек — енді әжені шақырамыз.
2) Әженің тапсырмасы
Әріптік және сөздік диктант
Бас әріптер
А, Б, Ғ, Ш, Ж, С, Ы, Ө, Ф
Кіші әріптер
ә, в, г, у, о, й, ь, ю, я
Сөздер
Апа, аға, шеге, ағаш, шағала, кесте, балға.
Әже көмекке қызын шақырады.
3) Қыздың тапсырмасы
Шығармашылық жұмыс: буындарға ұйқас құрастыру
ба-ба — Нұрбақыт мінген арба.
ла-ла — Мадияр жақсы бала.
зы-зы — Жайылып жүр қозы.
ян-ян — Орманда жүр қоян.
ыз-ыз — Әнел жақсы қыз.
я-я — Беті-ауызы сия.
ық-ық — Осыменен болдық.
Қыз көмекке итін шақырады.
4) Иттің тапсырмасы
Өткен әріптер бойынша мәтіндермен жұмыс
- «М» әрпіне қатысты мәтінді оқу.
- «Жарыс» мәтінін жалғастыру.
- «Өркешті» мәтінін жатқа айту.
- «Кім кінәлі?» мәтінін жатқа айту.
- «Кітапхана» мәтіні бойынша түсінігін айту.
- «Цирк» мәтінін талдау.
- Өздері білетін мәтінді жатқа айту.
Ит көмекке мысықты шақырады.
5) Мысықтың тапсырмасы
Сергіту сәті және жұмбақтар
Жұмбақ шешу: аңдар мен үй жануарлары тақырыбы бойынша.
Мысық көмекке тышқанды шақырады.
6) Тышқанның тапсырмасы
Электрондық оқулықпен жұмыс және сөз оқу
Оқылатын сөздер
ата, аға, доға, дала, ұшқыш, кіші, түлкі, вагон, жиһаз
Қорытынды
Үйге тапсырма
Өтілген әріптерді қайталап келу.
Бағалау
Оқушылардың тапсырмаларды орындауына қарай бағалау жүргізіледі.