Менің арманым инженер болу

Кездесу форматы: Сыр сұхбат

Құрметті оқушылар

Абай атамыздың «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар, қалан» деген өсиетіндей, санаулы күндерден кейін мектеппен қоштасып, жаңа өмірге қадам басқалы отырсыңдар. Арман таусылмайды — сол армандарға қол созыңдар. Еңбекпен келген терең білімнің арқасында биік белестерді бағындырыңдар.

Бүгінгі кездесудің мақсаты

  • ҰБТ-ға дайындық тәжірибесімен бөлісу арқылы бағыт беру
  • Пән таңдауда қиналып жүрген жоғары сынып оқушыларына ой салу
  • Өмірлік ұстаным қалыптастыруға және өз орнын табуға ықпал ету

Қонақтармен танысу

Бүгін арман қуған, «Алтын белгіге» үміткер, физика пәнін таңдаған 11Б сынып оқушылары — Ерболатова Асыл Ерболатқызы мен Құрманов Мейрамбек Таурбекұлы — өз тәжірибесімен бөлісу үшін шақырылды. Бұл кездесуде олардың ҰБТ-ға дайындалу жолы, өмірлік ұстанымы және болашақ жоспарлары туралы білеміз. Оқушылар, өздеріңді толғандырған сұрақтарың болса, еркін қоюға болады.

Ерболатова Асыл Ерболатқызы

«Мен қарапайым отбасынан шықтым. Әкемнің шаруа қожалығы бар. Үйде үш баламыз. Физика пәнін 7-сыныптан бастап жақсы көрдім. 2011 жылы аудандық олимпиадада 2-орын алдым».

Физикаға қызығушылық: 7-сыныптан Олимпиада: 2-орын (2011)

Құрманов Мейрамбек Таурбекұлы

«Анам — мұғалім, әкем — мал дәрігері. Арманым — инженер болу. Бос уақытымда ән айтамын, кейде өзім де өлең жазамын».

Мақсат: инженер Қызығушылық: ән, өлең

Сұрақ-жауап бөлімі

Төмендегі сұрақтар қонақтардың пән таңдауы, дайындық дағдысы, қызығушылығы және өмірлік көзқарасын ашуға бағытталған.

  1. 1. Физика пәнін неге таңдадың?
  2. 2. ҰБТ-ға қалай дайындалып жүрсің?
  3. 3. Теледидардан қандай бағдарламалар көресің?
  4. 4. Мына есепті ауызша шығарып берші.
  5. 5. Қандай мамандықты қалайсың?
  6. 6. Қандай өнерің бар?
  7. 7. Физикадағы ең қиын тақырып қайсы?
  8. 8. Физикадан бір тәжірибе жасап көрсет.
  9. 9. Пір тұтатын адамың бар ма?
  10. 10. Ситуациялық сұрақ: егер сен физика мұғалімі болсаң, сабағыңда балалар тыныш отырмай қойса, не істер едің?
  11. 11. Физиканың бір тақырыбын оқу үшін қанша минут керек?
  12. 12. Жақсы оқушы жан-жақты болуы керек. Әсіресе физика сабағы барлық пәнмен байланысты. Олай болса, мына өлеңдерден қандай физикалық құбылыстарды көруге болады: «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай».
  13. 13. «Физиктер әзілді де, лириканы да жақсы көреді» деп естиміз. Физиктерге байланысты бір әзіл айтып берсеңдер.
  14. 14. Қазіргі жастар туралы көзқарасың қандай?
  15. 15. Жақында жарияланған Елбасының Жолдауын оқыдың ба? Осы Жолдауға көзқарасың қандай?
  16. 16. Смайликтердің ішінен біреуін таңдап, осы кездесуден алған көңіл күйіңді көрсет.
  17. 17. Қойылған сұрақтардың ішінен өздеріңе ой салған, ұнаған сұрақ болса, сұрақ иесіне қолтаңбаларыңды жазып, блокнотқа қалдырып берулеріңді сұраймыз.

Қорытынды ой

Бүгінгі кездесуіміз де мәресіне жетті. Кездесуден үлкен әсер алып, өздеріңе пайдалы ой түйдіңдер деп сенеміз.

Мағжан Жұмабаевтың сөзі

«Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты… Мен жастарға сенемін».

Егеменді еліміздің көк байрағын биік ұстайтын да, елдің өсіп-өркендеуі мен гүлденуіне үлес қосатын да — жастар. Сондықтан терең білім алып, өмірден өз орнымызды таба білуіміз керек.

Асыл мен Мейрамбек бірнеше жылдан кейін осы білім ордасына профессор не ғалым болып қайта оралып, дәл сендер сияқты оқушылармен тәжірибе алмасатын кездесулер өткізеді деп сенеміз.

Ақжол тілейміз Алға қойған мақсаттарыңа нық қадам бас!