Тұрлаусыз мүшелерден басқа сөйлем мүшелері

Сыныптан тыс жұмыс: «Тапқырлар тартысы»

Бұл материал 3 «Г» сыныбы оқушылары арасында өткізілетін интеллектуалдық сайыстың толық сценарийі ретінде құрастырылды. Мазмұны оқушылардың білімін тексеріп қана қоймай, тәуелсіз Қазақстан тарихына қызығушылығын арттыруға, тіл мәдениетін, есте сақтауын, шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған.

Мақсаты

  • Тәуелсіз еліміздің тарихын білуге қызығушылықты арттыру.
  • Ой-өрісті іс жүзінде шыңдау, есте сақтау мен сөйлеу мәнерін жетілдіру.
  • Шығармашылық қабілетті дамыту, достық пен ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
  • Отанды сүюге, құрмет тұтуға баулу.

Көрнекілігі

  • Компьютер
  • Интерактивті тақта
  • Компьютерлік презентация
  • Кестелер

Кіріспе (жүргізушілер сөзі)

Жүргізуші

Қадірлі ұстаздар, әділқазылар және оқушылар! 3 «Г» сыныбы оқушылары арасында өтетін «Тапқырлар тартысы» атты интеллектуалдық сайысқа қош келдіңіздер!

І жүргізуші

«Жер бетінде адам өмір өткізер, бар нәрсеге біліммен қол жеткізер. Бар ізгілік тек білімнен алынар, білімменен аспанға жол салынар», — деген Жүсіп Баласағұн.

Бүгін біз алған білімімізді көрсетіп, өнерімізді саралап, сөз байлығымыздың молайғанын дәлелдейік.

ІІ жүргізуші

Сәлемдесу — игі дәстүр. Жақсы сөзге жан семіреді. Ендеше сайыскерлер өз сәлемдерін жолдайды.

Топтардың сәлемдесуі

І топ

Қыран

Ұран

Біздің топ — Қыран. Қайтпас қайсар ерлігі,
Ұлан болғым келеді.
Самғап ұшар биікке,
Қыран болғым келеді.

ІІ топ

Тұлпар

Ұран

Біздің топ — Тұлпар. Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал барынды.
Болашақтың ұрпағымыз сенімді,
Көрсетпекпіз мектепте алған білімді.

Жүргізуші

Біреу озса сайыста, біреу артта қалады. Ренжімей тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден — жеңімпазды анықтау; озат болу шарты — еңбектену, жалықпау.

Сайыс кезеңдері

І кезең

Бәйге

ІІ кезең

Дода

ІІІ кезең

Тіл-өнер (3 тіл)

IV кезең

Кім тапқыр?

V кезең

Тәуелсіздікке тарту

Бағалау үшін әділқазылар алқасы құрылады, қорытынды ұпайлар соңында жарияланады.

І кезең — Бәйге

Әр топ нөмірленген кубикті таңдайды. Таңдалған нөмір бойынша сұрақтар беріледі.

Тұлпар тобына сұрақтар

  1. 1. Еліміз қашан тәуелсіздік алды? 1991 ж. 16 желтоқсан.
  2. 2. Соңғы Президент сайлауы қай жылы өтті? 2011 ж. 3 сәуір.
  3. 3. Мемлекеттік Әнұран қашан қабылданды? 2006 ж. 6 қаңтар («Менің Қазақстаным»).
  4. 4. Мемлекеттік тудың авторы кім? Шәкен Ниязбеков.
  5. 5. Тұңғыш Президент күні қашан? 1 желтоқсан.
  6. 6. Жер көлемі бойынша Қазақстан әлемде нешінші орында? 9-орында.
  7. 7. Бастауыш пен баяндауыш сөйлемнің қандай мүшелері? Тұрлаулы мүшелер.
  8. 8. Тек тұрлаулы мүшеден тұратын сөйлем? Жалаң сөйлем.
  9. 9. Сөздің түбірге жалғанған бөлігі? Қосымша.
  10. 10. Дауысты дыбыс түрлері нешеу? 2.
  11. 11. Шаршы қабырғасы 7 см. Периметрі? 28 см.
  12. 12. 8-дің квадраты? 64.
  13. 13. Бағасы мен саны белгілі болса, құнын қалай табамыз? Б × С.

Қыран тобына сұрақтар

  1. 1. Тұңғыш Президент сайлауы қашан өтті? 1991 ж. 1 желтоқсан.
  2. 2. Н. Ә. Назарбаевтың анасының аты кім? Әлжан.
  3. 3. Мемлекеттік рәміздер қашан бекітілді? 1992 ж. 4 маусым.
  4. 4. Елтаңбаның авторлары кімдер? Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов.
  5. 5. Әнұран авторлары? Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, Шәмші Қалдаяқов.
  6. 6. Астана қаласының символы? Бәйтерек.
  7. 7. Заттың атын білдіретін сөздер? Зат есім.
  8. 8. Тұрлаусыз мүшелерден басқа сөйлем мүшелері? Тұрлаулы.
  9. 9. Дауыссыз дыбыс түрлері нешеу? 3.
  10. 10. 6-ның квадраты? 36.
  11. 11. 100 – 35 = 65.
  12. 12. 25-тің 5-тен 1 бөлігі? 5.
  13. 13. 16-ның жартысы? 8.

ІІ кезең — Дода

Әр топ тақырып пен ұпай санын таңдайды. Әр топқа 4 ұяшық таңдауға мүмкіндік беріледі.

Тәуелсіз Қазақстан

20 ұпай
Желтоқсан оқиғасына байланысты қандай кинолар бар? «Аллажар», «Қызғыш құс».
30 ұпай
Желтоқсан оқиғасының құрбандарын ата. Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Сабира Мұхаметжанова, Ләззат Асанова.
40 ұпай
Н. Ә. Назарбаев қандай кітаптардың авторы? «Ғасырлар тоғысында», «Тарих толқынында», «Сындарлы он жыл» және т.б.
50 ұпай
Еліміздің тәуелсіздік алуына себеп болған оқиға қашан, қай қалада болды? 1986 ж., Алматы.

Әдебиеттік оқу

20 ұпай
«Халық кегінің күйшісі» атанған кім? Құрманғазы.
30 ұпай
Жасында Төле бидің түйесін баққан хан кім? Абылай хан.
40 ұпай
«Бала Тұрар» мәтінінде Тұрар дәптеріне қандай сөздер жазды? Аспара, Қызыл жебе, көке.
50 ұпай
Үзінді қай жырдан алынған? «Қобыланды батыр» жыры.

Қазақ тілі

20 ұпай
Қаратпа сөзді қатыстырып сөйлем құра.
30 ұпай
«Мереке тойланды» сөйлемін жайылма сөйлемге айналдыр.
40 ұпай
«Саған» сөзінің түбірін тап.
50 ұпай
«Торғай тоғайды ұнатады, ...» жаңылтпашты жалғастыр. Сөйлем мүшесіне талда: Тоғай — бастауыш, торғайды — тұрлаусыз мүше, қуантады — баяндауыш.

Қызықты математика

20 ұпай
Ауданы 36 см² шаршының периметрі? 24 см.
30 ұпай
Төртбұрышты үстелдің бір бұрышын кессе, неше бұрыш қалады? 5.
40 ұпай
Екі қолда қанша саусақ бар, ал он қолда ше? 10 және 50.
50 ұпай
Өлең-есеп: үй иесінің тапқырлығына сенген ұрылар «үй толы кісі» деп ойлап қашады. Сонда үйде неше адам, ұры қанша? 10 адам, 5 ұры.

ІІІ кезең — Тіл-өнер (3 тіл)

Жұмбақтар мен тұрақты тіркестердегі көп нүктенің орнына тиісті сөзді тауып, оны орыс және ағылшын тілдеріне аударамыз.

  • Дұрыс жауап — 10 ұпай
  • Орысша аударма — 20 ұпай
  • Ағылшынша аударма — 30 ұпай
Тапсырма Қазақша Орысша Ағылшынша
1 Жұт ... ағайынды жеті семь seven
2 Өзі сөйлей білмейді, салған ізі сөйлейді қалам ручка pen
3 Екі қолға ... күрек бір один one
4 Кімнің баласы болма, Адамның баласы бол атаң дедушка grandfather
5 Өнер алды — ... тіл қызыл красный red
6 Мысыққа ойын керек, ... өлім керек тышқан мышь mouse
7 Тілі бар, үні жоқ... Сөйлеп тұрған ішінен кітап книга book
8 Жылт-жылт етеді, жылғадан өтеді су вода water
9 Батыр туса — ел ырысы, ... жауса — жер ырысы жаңбыр дождь rain
10 ... — оттан да ыстық Отан родина country
11 Отансыз ... — ормансыз бұлбұл адам человек people
12 Туған жердің ... де ыстық, түні де ыстық күні солнце sun

IV кезең — Кім тапқыр?

Бұл кезеңде топ жетекшілері жарысады: «Тәуелсіздік» сөзінен жаңа сөздер құрастырады. Кім көп сөз жасаса, сол оқушының тобына 10 ұпай қосылады.

Қосымша тапсырма

Жетекшілер тапсырманы орындағанша, әр топқа ертегі беріледі. Ертегінің мазмұнына сай мақал-мәтел айтып, қорытынды ой түйінделеді.

І топ

«Алты түлкі»

Ертеде алты түлкі дос болыпты. Біреуінің құйрығы шолақ екен. Құйрығы ұзын бес түлкі оны мазақтап күле береді. Шолақ түлкі оларды алдап, қарағайға байлап қояды да «бүркіттер келе жатыр» деп қашады. Бес түлкі қашамын деп құйрықтарын үзіп алып, бәрі де шолақ болып қалады.

Мақал: «Күлме досқа, келер басқа».

ІІ топ

«Атасы мен немересі»

Ата қартайып, көзі нашар көріп, құлағы нашар естиді, қол-аяғы дірілдейді. Баласы мен келіні оны бөлек отырғызып, нашар ыдысқа тамақ құйып береді. Немересі ағаш жонып отырып: «Сендер қартайғанда тамақты осы ыдысқа құйып беремін», — дейді. Мұны естіген әкесі ұялып, атасына құрметін қайтарады.

Мақал: «Әкеңе не қылсаң, алдыңа сол келер».

ІІІ топ

«Шибұт, Қылмойын, Қарынбас»

Үшеуі бір тоқты ұрлап сойыпты. Қарынбас қарынды сыртқа шығарып, шыбын қақпақ болып жүріп басын жарып өледі. Оны көрген Шибұт санын ұрып жіберіп, ши бұты сынып, өзі де қаза табады. Соңынан жүгіріп шыққан Қылмойын да қатты айқайлағаннан қыл кеңірдегінен ажал құшады.

Мақал: «Ұрлық түбі — қорлық».

V кезең — Тәуелсіздікке тарту

Әр топ өз өнерін көрсетеді (ән, өлең, көрініс, мәнерлеп оқу және т.б.). Сонымен қатар көрермендерге арналған сұрақтар қойылады.

Көрермендерге сұрақтар

  1. 1. Астана Ақмолаға қай жылы көшірілді? 1997 ж.
  2. 2. Конституция қашан қабылданды? 1995 ж. 30 тамыз.
  3. 3. Н. Ә. Назарбаев қашан дүниеге келген? 1940 ж. 6 шілде (Алматы облысы, Шамалған ауылы).
  4. 4. Еліміздің тәуелсіздік алуына себеп болған қандай оқиға? 1986 ж. Алматыдағы Желтоқсан оқиғасы.
  5. 5. Тәуелсіздік күні қай күні тойланады? 16 желтоқсан.
  6. 6. 1 желтоқсан қандай мереке? Тұңғыш Президент күні.
  7. 7. Желтоқсан құрбандарын ата. Қ. Рысқұлбеков, Е. Сыпатаев, С. Мұхаметжанова, Л. Асанова.
  8. 8. Қазақстан жер көлемі бойынша әлемде нешінші орында? 9-орында.
  9. 9. Әнұранның авторлары кімдер? Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев, Ш. Қалдаяқов.
  10. 10. Мемлекеттік тудың авторы кім? Шәкен Ниязбеков.

Болашақтың іргесін қалайтын, Қазақстанның мерейін көтеретін азаматтар — сендерсіңдер. Еліміз сендердің болашақтарыңнан зор үміт күтеді. Әрдайым биіктен көрінулеріңе тілектеспіз.

Қорытынды және марапаттау

Қорытынды ұпай

Соңғы кезеңнің ұпайы мен жалпы нәтижені жариялау үшін сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.

Концерттік номер

Әділқазылар шешімін шығарғанша, концерттік номер ұсынылады.

Білімділік пен ізгілікті бойымызға сіңіре берейік. Сендерге әрдайым биік белестер тілейміз!

Марапаттау рәсімі