Алтын өнерлі қызымыз

Мектепішілік байқау 5–9 сынып Қыз сыны • 2017

Байқаудың мақсаты

«Қыз сыны – 2017» байқауының мақсаты — қыз балаларға адамгершілік пен адалдықты, әсемдік пен мәдениетті мінез-құлықты, жүріс-тұрыс әдебін терең түсіндіру. Сонымен қатар қатысушылардың өнерін, ұшқыр ойын, іс-әрекетке икемділігін анықтап, әділ бағалап, әрі қарай дамытуға ықпал ету.

Қош келдіңіздер!

Жүргізушілердің құттықтауы

Бүгін мектебімізде 5–9 сынып оқушылары арасында өтетін «Қыз сыны – 2017» байқауына қош келдіңіздер! Қазақ халқы ерте заманнан-ақ ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген. Әсіресе қыз бала тәрбиесіне айрықша көңіл бөліп, оны ақылды әрі ибалы, сұлу әрі әдепті, мейірімді әрі қайырымды етіп тәрбиелеуді мақсат еткен.

Байқаудың ашылуы

«Қыз сыны – 2017» байқауын ашу үшін мектебіміздің тәрбие ісі меңгерушісі Айнұр Ғарифоллақызына сөз беріледі.

Олай болса, бүгінгі «Қыз сыны» қыздар байқауын ашық деп жариялаймыз!

Жүректен шыққан жыр

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе — елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

Қатысушылар таныстырылымы

Гүлназ

Аққу құстай қанат қағып самғаған,
Адал жолмен арам іске бармаған.
Адамдықты жаны сүйген қашаннан —
Гүлназ да қатарынан қалмаған.

Аружан

Атыңнан айналайын, Аружан деген,
Ісіңе әрдайым жақсы баға берем.
Жеңіс туын тігерсің болашақта —
Мектептің үміті зор саған деген.

Аида

Білімді, оқу озаты сыныптағы,
Талай қиын істерді құрықтады.
Алдында талай асу тұр әлі —
Болашақта үміт отын жандырмақты.

8-сынып оқушысы

Өрнектеп тоқыма тоқитын,
Ән айтып, би де билейтін —
Өнері алтын қызымыз.

Айсәуле

Ажары да әдемі,
Ибалы да өнерлі.
Айсәулемен күн нұры
Төгіліп тұр үнемі.

Әділқазылар алқасы

Шалқытып мерекеде ән салайық, өнерпаз өрендерге тамсанайық. Әділдік пен шындықты арқа тұтқан әділқазы алқасымен танысайық:

  • Эльмира Қуанышбайқызы
  • Лайла Серікқалиқызы
  • Айнұр Қуанышкерейқызы

Ұйымдастыру ережесі

Сайыс шарты бойынша қыздар өз нөмірлерін алып, кезекпен дайындалады.

Сайыс кезеңдері

Пір тұтқан махаббатты, адалдықты, көркімен таң қалдырған талай жұртты. Қыздардың қылығымен өмір қызық, қыздардың ғұмырымен заман тәтті. Төменде байқау кезеңдері ұсынылады:

1) Сәлемдесу

Қатысушылар өзін таныстырады. Бұл кезеңде тіл көркемдігі мен сыртқы сымбат, сахна мәдениеті бағаланады.

2) Өз өнері

Қатысушылар өнерін көрсетеді: анасына арнау ән айту, би билеу, өлең оқу немесе сыйлық (қолдан жасалған бұйым) ұсыну.

3) Жас аспаз

Қыздар өз қолымен қазақтың ұлттық тағамы — бешбармаққа арналған нан жаюды көрсетеді.

Тағам сырын түсінем, тәтті тағам пісірем. Бәрі қуат алады — дәмді асымның күшінен.

4) Сұрақ-жауап

Қатысушылар билет таңдап, сұрақтарға жауап береді. Бұл кезеңде білім мен парасат, ой ұшқырлығы сыналады.

Ақылдылық қыздарға жарасады, көзі ашықпен бәрі де санасады.

5) Шебер қолдар

Қатысушылар алдын ала дайындаған қолөнер бұйымдарын таныстырады. Мұнда ұқыптылық, креативтілік және эстетика бағаланады.

Он саусағы майысқан — шебер болар ұрпақпыз. Тұла бойы тұнған бір, өнер қуған ұрпақпыз.

Анаға құрмет

Ана — біздің жарқыраған нұрымыз. «Ана» деген — бұл өмірдің сәні. Ән-жырымен дүниені тербеткен, ана деген — бұл өмірдің жаны.

Кедеймін деп қысылма, өнерің болса қолыңда. Өнерлінің ырысы — жарқырап жатыр жолында. Сайыста ән салайық, би билейік, өнермен өрге басып, кідірмейік.

Қорытынды

Құрметті көрермендер! «Қыз сыны – 2017» байқауы өз мәресіне жетті. Әрқашанда құшақтарыңыз гүлге, көңілдеріңіз шаттыққа толы болсын.

Дереккөз

Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Социализм жалпы орта білім беретін мектебі.
Технология пәні мұғалімі: Әбильдиева Назгүл Мұратовна.