Конверттің ішіндегі қиындылардан құралған сөздерді тауып құрастыру

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы Формат: Географиялық кеш Атауы: «Жас географ»

Сабақтың мақсаты (білімділік)

Оқушылардың пән бойынша алған білімін тексеру, ойлау дағдыларын дамыту, топпен жұмыс істеуді қалыптастыру және білімін одан әрі жетілдіру.

Сабақтың мақсаты (дамытушылық)

Білім, білік, дағдыларын арттыру; ғылыми көзқарасын қалыптастыру; ізденушілікке баулу және дүниетанымын кеңейту.

Сабақтың мақсаты (тәрбиелік)

Қоршаған ортаны аялауға, ұжымшылдыққа, бір-бірін сыйлауға және адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

  • Дүниежүзінің саяси картасы
  • Атлас
  • Кескін карта
  • Интерактивті тақта
  • PowerPoint презентациясы

Ұйымдастыру кезеңі

Кіріспе

Мұғалім оқушылармен амандасып, кештің өту тәртібімен таныстырады. Оқушылар екі топқа бөлінеді. Әр топ өз атауын және капитанын таныстырады.

Ереже және ұпайлау

  • Әр кезеңде уақыт беріледі; жылдамдық пен дәлдік маңызды.
  • Сұрақ оқылғаннан кейін жауап дайын болса, топ жалаушасын көтереді.
  • Егер жауап қате болса, екінші топ жалаушасын көтеріп, жауапты толықтыруына немесе түзетуіне болады.

Кеш құрылымы: 6 кезең

  1. I тур — Брейн-ринг (Не? Қайда? Қашан?)
  2. II тур — «Жорға»
  3. III тур — «Тапқыр болсаң, тауып көр»
  4. IV тур — «Карталар әлеміне саяхат»
  5. V тур — Көрермендер сайысы
  6. VI тур — Капитандар сайысы

I тур — Брейн-ринг (Не? Қайда? Қашан?)

Әр дұрыс жауап: 5 ұпай

10 сұрақ
  1. Жер шарындағы барлық 4 мұхиттың сулары шайып жатқан материк: Еуразия
  2. Оңтүстік Америка мен Солтүстік Американы бөліп тұрған нысан: Панама каналы
  3. Ф. Магеллан Жер шарын айналып шыққан жылдар: 1519–1522 жж.
  4. Азия мен Еуропаны бөліп тұрған таулар: Орал таулары
  5. Атауы мыс рудасына байлығын аңғартатын тау: Анд таулары
  6. Оңтүстік Американың байырғы тұрғындары: Үндістер
  7. Солтүстік Америка ертеде қай материктің бөлігі болған: Лавразия
  8. Ұлы көлдер орналасқан құрлық: Солтүстік Америка
  9. Еуразия мен Солтүстік Американы бөліп тұрған бұғаз: Беринг бұғазы
  10. Екі дүние бөлігінен тұратын материк: Еуразия

II тур — «Жорға»

Ұпай: ұяшық деңгейіне қарай 15 / 20 / 30

6 тапсырма

Жоғарғы қатар

  • 15 ұпай Көл

    Жер шарындағы ең үлкен көл. Еуропа мен Азия аралығында орналасқан. Ауданы 390 мың км².

    Жауабы: Каспий теңізі

  • 20 ұпай Көл

    Жер шарындағы ең терең көл. Еуразияның азиялық бөлігінде орналасқан. Тереңдігі 1620 м.

    Жауабы: Байкал көлі

  • 30 ұпай Мұздық

    Дүние жүзіндегі ең үлкен тау мұздығы. Аляска жотасында орналасқан, ұзындығы 145 км.

    Жауабы: Хабборт мұздығы

Төменгі қатар

  • 15 ұпай Шың

    Солтүстік Американың теңіз деңгейінен ең биік нүктесін атаңыз. Биіктігі 6193 м.

    Жауабы: Кордильердегі Мак-Кинли шыңы

  • 20 ұпай Ойыс

    Жер шарындағы теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан жер. Арабия түбегінің солтүстік-батысында, −403 м.

    Жауабы: Өлі теңіз

  • 30 ұпай Климат

    Солтүстік Америкада жылдық жауын-шашын ең аз (100 мм-ден кем) түсетін аймақ.

    Жауабы: Калифорния шығанағының солтүстігі мен Үлкен Алап

III тур — «Тапқыр болсаң, тауып көр»

Конверттегі қиынды сөздерді құрастыру

10 ұпай — дұрыс құрастырса
−5 ұпай — сөз орындары ауысса

«Жүйріктер» тобына келген хат

  1. Материктің жазық жерлері ежелгі Солтүстік Америка платформасында орналасқан.
  2. Еуразияның солтүстіктегі шеткі нүктесі — Челюскин мүйісі.

«Алғырлар» тобына келген хат

  1. Еуразия материгінің батыстағы шеткі нүктесі — Рока мүйісі.
  2. Солтүстік Американың Атлант мұхиты алабының басты өзені — Миссисипи.

IV тур — «Карталар әлеміне саяхат»

Берілген нысандарды картадан тауып көрсету

Әр нысан: 5 ұпай

1-топ тапсырмасы

  • Батыс Сібір жазығы
  • Босфор бұғазы
  • Сары теңіз
  • Чукот түбегі
  • Гоби шөлі
  • Пиреней түбегі
  • Памир тауы

2-топ тапсырмасы

  • Ұлы Қытай жазығы
  • Малакка бұғазы
  • Жапон теңізі
  • Камчатка түбегі
  • Тар шөлі
  • Үндіқытай түбегі
  • Орал таулары

V тур — Көрермендер сайысы

Жанкүйерлерге арналған қысқа сұрақтар

5 сұрақ
  1. Солтүстік Америкадағы биік шөпті дала: Прерий
  2. Ең биік 25 шыңның 19-ы кездесетін Еуразиядағы тау жүйесі: Гималай
  3. Жер шарындағы ең ылғалды әрі ең жасыл материк: Оңтүстік Америка
  4. Жағалауын барлық 4 мұхиттың сулары шайып жатқан материк: Еуразия
  5. Қазақстан қай материкте орналасқан? Еуразия

VI тур — Капитандар сайысы

Нысанның атауы беріледі — оның түрін атаңыз

Әр жауап: 5 ұпай

Мысал: Андтау.

Сахара — шөл
АҚШ — мемлекет
Гималай — тау
Танганьика — көл
Амазонка — өзен
Отты Жер — арал
Гвинея — шығанақ
Скандинавия — түбек
Гибралтар — бұғаз
Суэц — канал
Сомали — түбек
Лондон — қала
Игуасу — сарқырама
Мадагаскар — арал

Қорытынды

Нәтиже

Ойын соңында әділқазы мүшелері қорытындыны жариялап, жеңімпаздарды марапаттайды.

Алғыс

«Жас географ» географиялық кешіне қатысқандарыңызға рахмет!