Бастауышты көрсет

Атырау облысы • Жылыой ауданы • Тұрғызба ауылы

№4 мектеп • Бастауыш сынып мұғалімі: Байсеуова Жанаргүл Таңжарқызы

Пән

Қазақ тілі

Сабақ тақырыбы

Тұрлаулы мүшелер

Сабақ түрі

Жаңа сабақ

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Тұрлаулы мүшелер туралы ұғым қалыптастыру, сөйлемде атқаратын қызметін түсіндіру.

Дамытушылық

Таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру; оқушылардың ой-өрісін және сөйлеу тілін дамыту.

Тәрбиелік

Ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Ой қозғау
  • Ойын элементтері

Көрнекілігі және байланысы

Көрнекілігі

Интерактивті тақта, семантикалық карта, сауалнама.

Пәнаралық байланыс

Ана тілі, дүниетану.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық

Қазақ тілім — өз тілім, дана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызым мәңгі сені,

Болашағым, бақытым — қазақ тілім.

II. Өткенді қайталау

Мақал: «Қына тасқа бітеді. Білім басқа бітеді.»

  1. 1.Сөйлем нені білдіреді?
  2. 2.Сөйлем неден құралады?
  3. 3.Сөйлемнің қандай түрлері бар?
  4. 4.Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
  5. 5.Сөйлем мүшелерін ата.
  6. 6.Бастауыш дегеніміз не?
  7. 7.Баяндауыш дегеніміз не?
  8. 8.Қандай жағдайда бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қойылады?

III. Көркем жазу

Әріп үлгісі

ЛЛЛЛ лллл

Кітап — білім бұлағы.

Білім — өмір шырағы.

IV. Жаңа сабақ

1) Қызығушылықты ояту

«Сөз қуаласпақ» ойыны: 1-топ — бастауыш, 2-топ — баяндауыш. Шарты: 1-топ бастауыш сөз ойлайды, 2-топ сөйлемді баяндауышпен аяқтайды.

2) Мағынаны тану

Тұрлаулы мүшелер сөйлемнің негізгі тірегі екенін еске түсіреміз: бастауыш — кім? не?; баяндауыш — не істеді? қайтті? қандай? т.б.

V. Оқулықпен жұмыс

1) Ой шақыру (суретпен жұмыс)

Сурет бойынша сөйлем құрап, бастауыш пен баяндауышты анықтау.

2) Ауызша талдау

  • Қар жауды.
  • Бүгін қар жапалақтап жауды.

3) «Кім тапқыр?» — 61-жаттығу

Тұрлаулы мүшелерді табу:

  • Мектепте асхана бар.
  • Аспазшы тамақты дәмді пісіреді.
  • Балалар үзілісте асханаға келді.

VI. Тақтамен жұмыс — 62-жаттығу

  1. A)Мәтінді тиісті тыныс белгілерін қойып, көшіріп жазу.
  2. Ә)Тұрлаулы мүшелердің астын сызу.
  3. Б)Мәтінге ат қою.

Мәтін

Балалар Ақлима әжейге қонаққа келді.

Қыздар үй тазалады.

Ұлдар отын жарды.

Ақлима әжей балаларға риза болды.

Көмекші сөз: «Балалар» (мәтінге тақырып таңдауға бағыт).

VII. Сергіту сәті

1) Қимыл-қозғалыс жаттығулары

Қысқа сергіту жаттығуларын орындау арқылы назарды жинақтау.

2) Қызықты сұрақтар

  1. 1.Қар жана ма?
  2. 2.«Көрдім» деген неше сөз, «көрмедім» деген неше сөз?
  3. 3.Сары доп Қызыл теңізге түсіп кетсе, қандай болады?
  4. 4.Сиырдың сүті қай жерінде?
  5. 5.Әдетте адам бас киімін кімнің алдында шешеді?
  6. 6.Тауық түс көре ме?
  7. 7.Оңынан оқысаң да, солынан оқысаң да бірдей болатын сан.
  8. 8.«Сенбі» сөзі аптасына неше рет кездеседі?
  9. 9.Үш түйеқұс ұшып келе жатқанда аңшы біреуін атып алды. Неше түйеқұс қалды?
  10. 10.Сиыр төрт аяғымен тұрса 150 кг тартады. Екі аяғымен тұрса неше кг тартады?

Жұмбақтар

Ізден, ойлан, тап!

Аспанда жүзеді, қанатын қақпайды. Жерде де жүреді, бауырлап жатпайды.

Жауабы: Ұшақ

Далада жүр шапқылап, керемет бір саққұлақ.

Жауабы: Қоян

VIII–XII. Бекіту тапсырмалары

VIII. Топтық жұмыс — дыбыстық талдау

  • 1-топ: «Ұшақ»
  • 2-топ: «Қоян»

IX. Жатқа жазу — мақалдар

Тұрлаулы мүшелердің астын сызу.

  • Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі.
  • Жаман жолдас жолда қалдырады.

X. Шығармашылық жұмыс — 64-жаттығу

Тырна түлкіге тамақ беріпті.

Құмыра түлкінің басына сыймапты.

Тырна түлкіні қонаққа шақырыпты.

Бұл үзінді қай ертегіден алынған? Ертегінің қай түріне жатады?

XI. Ой қозғау — сауалнама

  1. 1) Заттың түсін білдіретін сөзді көрсет.

    A) Сарғылт Ә) Жүзді Б) Ақын

  2. 2) Мәтіннің түрін тап.

    A) Мазмұндау Ә) Сипаттау Б) Ойлау

  3. 3) У дыбысы дауысты болатын сөзді көрсет.

    A) Саулық Ә) Сурет Б) Бауыржан

  4. 4) Баяндауышты көрсет.

    A) Қышқыл Ә) Айтты Б) Бала

  5. 5) Бастауышты көрсет.

    A) Қышқыл Ә) Айтты Б) Бала

Кілті

1 — A, 2 — Ә, 3 — Ә, 4 — Ә, 5 — Б.

XII. Теру диктанты

Торы бие құлындады.

Құлыншақ аяғын әрең басады.

Ол біраз жүрді.

Құлынның қасында енесі тұр.

Құлыншақ ақырындап енесіне жақындады.

Ол енесін емді.

Тапсырма: мәтін ішінен 1-топ — бастауыштарды, 2-топ — баяндауыштарды теріп жазады.

XIII. Қорытындылау

1) «Біліміңді нықта!»

Семантикалық картамен жұмыс жүргізу.

2) Қайталау сұрағы

Тұрлаулы мүшелер дегеніміз не?

XIV–XV. Үй тапсырмасы және бағалау

Үйге тапсырма

65-жаттығу.

Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы мен тапсырмаларды орындауына қарай бағалау жүргізіледі.