Қариялар өмірдің ақыл - көзі

Іс-шара туралы мәлімет

Ұйымдастырушы

С. А. Кушербаева

Тобы

ОДНиГ – 33

Өтетін жері

Қарттар үйі

Тәрбиелік шара тақырыбы

«Аман жүрші, Қарттарым!»

Бағыты

Құрмет, ізгілік, адамгершілік

Мақсаты

Даму

Ой-өрісті кеңейту және тіл байлығын дамыту.

Тәрбие

Үлкенді, қарттарды, ата-ананы құрметтеуге, сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу; қариялардың үлгі-өнегесін кейінгі ұрпаққа насихаттау.

Барысы

Жүргізушілердің құттықтауы

1-жүргізуші

Армысыздар, құрметті ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар мен ақ жаулықты аналар!

2-жүргізуші

Дүниеге келер бір рет,
Дария кеуде, тау мүсін.
Құрыштан құйған құдірет —
Қарттарым, аман-саумысың!

1-жүргізуші

Жүректері мейірімге толы, алақандары жылы шуақ шашқан асыл қарттарымыз, бүгінгі әсем ән де, әсерлі күй де өздеріңізге арналады!

Би қойылымы

2-жүргізуші

Мың бұралған бишілер аңдап басып,
Келеді, міне, ортаға толқып-тасып.
Бишілерін сыйлаған халқым менің —
Көңілді жүзімізбен қарсы алайық!

Нөмір

«Қазақ биі»

Орындайтын: Көбейсінова Гүлнұр

Қарияға құрмет — ұрпаққа міндет

1-жүргізуші

«Ақылды қария — ағып жатқан дария» деп халқымыз бекер айтпаған. Сіздер тамыры тереңге тартқан бәйтерек болсаңыздар, біз — сол бәйтеректің жайылған жапырағымыз. Өздеріңізге мейірім мен сүйіспеншілік таныту — біз секілді жастардың парызы.

2-жүргізуші

Күй жатыр көк орманда буырқанған,
Күй жатыр найзағайда бұлтты жарған.
Күй жатыр толқынында теңіздердің,
Күй жатыр шертушісін күтіп алған.

Күй

«Көңілашар»

Орындайтын: Қалиханов Шәкәрім

Ән — жүрек үні

1-жүргізуші

Аталатын құрметпенен аттарың,
Сіздерсіздер алтын қазық, қарттарым.
Ұрпақтардың керегесін кең жайған —
Ғанибет қой осынау бір шақтарың!

2-жүргізуші

Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар —
Әнді сүйсең, менше сүй!

Ән

«Ана»

Орындайтын: Мақсотов Ануар

Ізгі тілек

1-жүргізуші

Өмір сынағында ақылын дариядай тұнықтырған, ұрпағына өмір мәнін ұғындырған, көңілі көлдей көгілдір, ізгі тілегі таудан аққан бұлақтай мөп-мөлдір ата-әжелеріміз — өмірдің шырағы.

2-жүргізуші

Иә, өмірдің мәні де, сәні де — сіздер! Біз Алладан өздеріңізге ұзақ ғұмыр, амандық пен саулық тілейміз.

Терме

«Қазақ осы»

Орындайтын: Көбейсінова Гүлнұр

Халық әні

«Ақжайнақ»

Орындайтын: Қабдығалиева Альфия

2-жүргізуші

«Екі шектің бірін артық, бірін сәл-пәл кем бұра — нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра», — деген дана сөз бар. Домбыраның күмбірлеген үні жүректі жібітетіні сөзсіз.

Күй

«Еркесылқым»

Орындайтын: Жұмажан Руслан

Қорытынды

Поэтикалық түйін

Бабаларым, рақмет сендерге!
Балаларым болмасын деп бос кеуде,
Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,
Өмірге мен мылқау болып енгенде.

Мұқағали Мақатаевтың ойымен үндес бұл жолдар — ұрпаққа аманат.

Жастарға аманат

Іс-шара соңында қариялар ақ батасын беріп, ризашылықтарын білдірді. Біз өз ата-әжелеріміздің алдында әрдайым қарыздармыз.

Бұл парызды біз жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол әрі мейірімді болу арқылы, үлкенді көрген жерде құрметтеп, ізет көрсету арқылы ғана өтей аламыз.

Қарттарымызды ардақтайық. Аман болсын, ақ тілек арнасын!