Ата аналарға арналған жиналыс

Ата-аналарға арналған жиналыс

Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі

Мақсаты

Қазіргі заманның қарқынына сай отбасы құндылықтарын қалыптастыру, ата-ана жауапкершілігін күшейту және тәрбиенің өзектілігін терең түсіндіру.

Міндеттері

  • Әке мен ананың тәрбиедегі орны мен маңызын нақтылау.
  • Бала тәрбиесіндегі ананың рөлін ашып көрсету.
  • Отбасының әлеуметтік міндеттерін талқылап, тәжірибе алмасуға жағдай жасау.

1) Ойын: «Танысу»

Мақсаты

Ата-аналармен жақынырақ танысып, еркін түрде пікір алмасуға орта қалыптастыру.

Шарты

  1. 1 Ата-аналар кезекпен өз атын және баласының атын атайды.
  2. 2 Баланың есімінің алғашқы әрпіне сәйкес мінездеме сөз айтады (мысалы: «Дархан — дана бала», «Мұрат — мұратына жететін бала»).

2) Мини-лекция: Отбасы және оның міндеттері

Қазіргі өмір «космостық жылдамдықпен» зырлап өтіп жатқандай. Осындай қарқынның ішінде әр отбасы тәрбиеге, соның ішінде бала тәрбиесіне уақыт пен назар бөле алып жүр ме деген сұрақ туады.

Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтің «Тәрбие — тал бесіктен» деген ұлағатты сөзі бекер айтылмаған. Отбасы — кішкентай мемлекет. Ол адамның өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі.

Отбасы — байланыс пен жауапкершілік

Отбасындағы туыстық байланыстар — ата-ана, ата-әже, ұл мен қыз — бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста өмір сүреді. Әр отбасы мемлекеттік заңдар мен ережелерді сақтай отырып, тілімізді, салт-дәстүрімізді қадірлеуге де міндетті.

Отбасының негізгі міндеттері

Отбасының қызметі әдетте үш бағытқа бөлінеді:

1) Репродуктивті

Ұрпақ жалғастыру, бала дүниеге әкелу арқылы әулеттің, қоғамның сабақтастығын қамтамасыз ету.

2) Шаруашылық-экономикалық

Отбасының тұрмыс-тіршілігін, материалдық жағдайын жоспарлау және тұрақтандыру.

3) Бос уақытты ұйымдастыру

Демалысты мәнді өткізу, ортақ әрекеттер арқылы тәрбиені күшейту және эмоционалдық жақындықты арттыру.

Тәрбиенің алғашқы қадамы — отбасы

Отбасы құрылған сәттен бастап ата-ана өмірдің ең маңызды борыштарының бірін атқара бастайды: олар — алғашқы тәрбиеші. Бала тәрбиенің ең әуелгі негізін өз үйінен, өз «алтын ұясынан» алады.

«Жақсы сөз — жарым ырыс» дейді халқымыз. Ұлағатты сөз өлмейді: Абайдың «Өлмейтұғын артынан сөз қалдырған» деген ойымен үндес. Баланы жұбату, ойнату, жақсыға баулу — бәрі де әсерлі сөзбен, өлеңмен, жырмен, асыл нақылмен берілгенде баланың жадында терең сақталады.

Ананың орны

Тәрбиедегі алғашқы қадам — ананың сөзі. Ана мейірімі, ана сүті, ананың ыстық алақаны баланың болмысын қалыптастырады. Ана — бала өміріндегі ең маңызды тұлғалардың бірі.

Талқылау сұрағы

Ананың мейіріміне тоймаған баланың бойында қандай психологиялық өзгерістер байқалуы мүмкін?

Үлгілі ата-ана бейнесі

Үлгілі ана мен әкенің бейнесі — отбасындағы бақыт пен берекенің қайнар көзі. Отбасының іргесі нық, «қамалы» берік болса, сол отбасындағы тәрбие де жүйелі әрі нәтижелі болады.

Бала тәрбиесі ата-ананың ықпалымен жүзеге асады. Ұрпақ — болашақ. Дұрыс тәрбие алған бала ертең қоғамына, еліне, жеріне мол пайда әкеледі. Бұл — аса жауапты міндет.

Қатысушылармен жұмыс: бала тәрбиесіне теріс әсер ететін факторлар

  • Ата-ананың ішімдікке бой алдыруы.
  • Өз бетімен бас қосып, көңіл көтеруді әдетке айналдырып, өмірді үнемі «тойға» ұқсату.
  • Баланы жиі жалғыз қалдыру, ата-ананың бір-бірімен ерегісіп, балаға жеткілікті көңіл бөлмеуі.