Қарға жарайсыңдар балалар
Жалпы мәлімет
Бөлімі
Жоба
Жоба түрі
Аралас
Білім беру саласы
Қатынас, Таным, Шығармашылық
Тақырыбы
Құстар — біздің досымыз
Мақсаты
Балалардың құстар туралы білімін тереңдету, олардың пайдасы мен тіршілігі жайлы түсінік қалыптастыру, үй құстары мен дала құстарын ажырата білуге үйрету.
Міндеттері
-
Білімділік
Құстар туралы білімдерін жетілдіру; құстардың пайдасы мен тіршілігі туралы түсінік беру; үй және дала құстарын ажырату.
-
Дамытушылық
Ойлау қабілетін дамыту; өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру; суреттер бойынша сұрақтарға толық жауап беру арқылы тілдік қорын молайту.
-
Тәрбиелілік
Құстарға қамқорлықпен қарауға, табиғатты қорғауға, жанашырлық сезімін тәрбиелеуге баулу.
Іс-әрекет түрі
Ойын
Технологиялар
Оқыту, дамыта оқыту
Пәнаралық байланыс
Тіл дамыту, қоршаған ортамен танысу
Әдіс-тәсілдер
- Сөздік жұмыс
- Ойын арқылы түсіндіру
- Әңгімелеу
- Сұрақ-жауап
- Топпен жұмыс
Алдын ала жұмыс және көрнекіліктер
- Көрнекіліктерді дайындау
- Топты «Құстар» тақырыбында безендіру
- Табиғат суреттері, бейнетаспа, құстар бейнелері
- Үлестірмелі материалдар, аудиожазба (құстар дауысы)
Билингвизм (қазақша — орысша — ағылшынша)
Құстар
птицы — birds
Торғай
воробей — sparrow
Сауысқан
сорока — magpie
Тоқылдақ
дятел — woodpecker
Қарға
ворона — crow
Көгершін
голубь — pigeon
Тауық
курица — hen
Әтеш
петух — cock
Қыс
зима — winter
Сабақ барысы: «Шаттық шеңбері»
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, төмендегі тілектерді айтады:
Армысың, алтын күн!
Армысың, көк аспан!
Армысың, мейірімді жер!
Армысың, менің достарым!
Сендерді көріп қуанам!
Тәрбиеші: «Бүгінгі күн ананың алақанындай жылулық сыйласын. Баршаңа көтеріңкі көңіл күй тілеймін».
Сұрақ
Балалар, қолдарыңнан ұстасқанда нені сездіңдер?
Жауап
Балалар: «Жылулықты сездік».
Қыс мезгілі туралы әңгіме
Сұрақ-жауап
-
Қазір қандай мезгіл?
Қыс мезгілі.
-
«Қыс» сөзін үш тілде айтып көрейік.
Қыс — зима — winter.
-
Қыста ауа райы қандай болады?
Күн аязды, салқын болады.
-
Қыста қандай өзгерістер болады және қандай ойындар ойнайсыңдар?
Шана тебеміз, мәнерлеп сырғанаймыз.
Өлең: «Шана» (Дария)
Жарыспақшы көп шана,
Жаңа шана — көк шана.
Сен бір жүйрік оқ шана,
Саған жетер жоқ шана.
Сыйласатын кез шана,
Саған айтар сөз шана.
Мені жығып кетсең де,
Барлығынан оз, шана.
Тәрбиеші: «Жарайсыңдар, балалар!»
Құстар және қыс
Жыл құстары және қыстап қалатын құстар
-
Қыста құстар қай жаққа ұшады?
Көп құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Олар «жыл құстары» деп аталады.
-
Қандай құстар қыстап қалады?
Көгершін, сауысқан, қарға, суықторғай, тоқылдақ.
-
Құстардың пайдасы қандай?
Құстар құрт-құмырсқа, зиянды жәндіктерді жеп, табиғатты қорғайды.
Үй құстары және дала құстары
Балалар суреттер арқылы құстарды атап, оларды екі топқа бөледі: үй құстары және дала құстары.
Тыңдалым
Үнтаспадан құстардың дауысы тыңдатылады. Балалар дыбыс арқылы үй құсы мен дала құсын ажыратып көреді.
Ойын элементі: «Данышпан қарға» тапсырмалары
Қарғаның сөзі
«Саламатсыңдар ма, балалар! Мен сендерге құстарымды жібердім. Сендерге тапсырмаларым бар. Егер тапсырмаларды орындасаңдар, сиқырлы ағашымнан сыйлық аласыңдар».
1-тапсырма
Үй құстары мен дала құстарын ажыратып, суреттерді дұрыс топтастыру.
Бағалау
Қарға: «Жарайсыңдар, балалар!»
2-тапсырма
Құстар туралы тақпақ айту.
«Шымшық» (Қ. Мырза Әлі)
Шымшықтың әр тырнағы
Құдды шабақ қармақтай.
Бар тұлғасы, болғаны,
Бармақтай-ақ, бармақтай!
«Кептер» (Қ. Мырза Әлі)
Кептер деген осы құс,
Қиын кезде досымыз.
Әрлі-берлі хат тасып,
Ұшқан талай асығыс.
Қарға: «Өте ақылды, білгір балалар екенсіңдер!»
Қамқорлық туралы әңгіме
Сұрақ
«Егер алақандарыңа кішкентай құс келіп қонса, оны қалай күтер едіңдер?»
Балалардың жауаптары тыңдалады (алақандарына құс балапаны мен тотықұс ойыншықтары қойылады).
Қорытынды ой
Құстарға әрдайым жанашырлықпен қарап, қамқор болу керек. Табиғатты қорғау — ортақ міндет.
Шығармашылық сәт
Топқа «көптеген балапандар келді» деген сюжетпен балалар би билеп, шығармашылық орталыққа өтеді.
Сыйлық сәті: «Сиқырлы ағаш»
Қарға: «Мен сендерге ризамын. Сендер өте білімдісіңдер! Ендеше, сыйлығымды қабыл алыңдар».
Көрініс
Ағаштағы түрлі түсті шамдар жанады. Балалар «сиқырлы жарықтарға» қызыға қарап, сыйлықтарын алады.
Рефлексия
«Балалар, сендерге ұнады ма?» — балалар өз әсерімен бөліседі.
Қайталау
«Біз қандай тапсырмаларды орындадық?» — «Қарғаның тапсырмаларын орындадық».
Қорытынды: Құстарға үнемі қамқорлықпен қарауымыз керек.
Күтілетін нәтиже
Бала біледі
- Құстар туралы білімін тереңдетеді.
- Құстардың пайдасы мен тіршілігі туралы түсінік қалыптастырады.
- Үй құстары мен дала құстарын ажыратады.
Бала игереді
- Өз бетімен жұмыс істеу дағдысын меңгереді.
- Суреттер бойынша сұрақтарға толық жауап береді.
Бала жасай алады
- Құстарға қамқорлықпен қарап, табиғатты қорғауға ұмтылады.
- Берілген тапсырмаларды орындап, топпен жұмыс жасайды.