Білімді оқушылар
Сабақтың мақсаты
- а) Өткен сөз таптарын еске түсіріп, алған білімдерін кеңейту; сөз таптарын сөйлем ішінен тауып, сұрақ қоя білуге үйрету; сауатты жазуға дағдыландыру.
- ә) Тапсырмалар арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын, дербес жұмыс істеуін және алған білімін қолдана білуін дамыту.
- б) Оқушыларды ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа және шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі
«Ойнайық та, ойлайық»
Сабақтың типі
Қайталау
Сабақтың әдістері
Ой қозғау, топпен жұмыс, көрнекілік, деңгейлік тапсырмалар, жұмбақ шешу
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Кіріспе (өлең жолдары)
Қазақ тілі — атаң, анаң,
Қуат алар Отан содан.
Дүниеде ешбір асыл
Тең келмейді қатар оған.
Дұшпаның да бас иетін —
Тілің ұлттық қасиетің.
Тартқан талай ұлыстар бар
Тілсіздіктің қасіретін.
Ө. Ақыпбеков
Осы ойды негізге алып, бүгінгі қазақ тілі сабағында тіліміздің қыр-сырын танып, ұлттық қадір-қасиетімізді арттыруға бағытталған тапсырмалар орындаймыз.
Сынып 3 қатар бойынша топқа бөлінеді.
I топ: «Жігер»
ТопҰраны: «Жігерлі жасымас.»
II топ: «Әділ»
ТопҰраны: «Әділ істің арты игі.»
III топ: «Білгіштер»
ТопҰраны: «Білемін деп мақтанба — сенен де білгіш табылар.»
II. Негізгі бөлім
I кезең: Ой қозғау
1-тапсырма: «Кім жылдам?» (жұмбақ)
Білесіңдер «кім?», «не?» сұрағын —
Сөйлемдегі ой иесі боламын.
«Не істеді?» сұрағымен көркейемін, толамын.
Жауабы: зат есім.
2-тапсырма: Топтық жұмыс
Сөз таптарын ажырату және мысал келтіру
I топ
Зат есімнің сұрақтарын толықтырып, жауап бер және мысал келтір.
Сұрақтар:
Кімдер? Кімнің? Нелер? Ненің? Кімге? Неге? Кімім? Кімді? Нем? Нені? Кімде? Неде?
Мысал: білімді оқушылар.
II топ
Зат есімдерді қатыстырып сындық ұғымды білдіретін сөз ойла. Ол қай сөз табы?
Үлгі: ұзын сызғыш.
Қорытынды: сын есім.
III топ
Зат есімдерді «не істеді?» сұрағына жауап беретін сөздермен байланыстырып жаз. Ол қай сөз табы?
Үлгі: Гүлжан оқыды. Оқушы оқыды. Мен ән айттым.
Қорытынды: етістік.
3-тапсырма: «Ойлан, тап»
A) Конверттегі жұмбақ
Мен шегінсем, шегініп,
Мен керілсем, керіліп,
Кетпей қойды жыраққа,
Сөйлемейді бірақ та.
- Жұмбақтың шешуін қалай тапқаныңды айт.
- Шешуін сөз құрамына талда.
Ә) Жұмбақ
Қиналмай тауларды, орманды,
Теңізді, дарияны, топтарды,
Ауылды, қаланы, халықты
Ойлап тап көтерген алыпты.
- Шешуін қалай тапқаныңды айт.
- Септік жалғаулары жалғанған сөздерді тап.
Б) Дәптермен жұмыс
Көктемде көгереді,
Жазда жайқалады.
Күзде сарғаяды,
Қыста тамырлайды.
Тапсырма: «Өсімдік» сөзін 3-жақта тәуелдеп, септе.
Ескерту: Жұмбақтың шешуін тауып қана қоймай, мағынасын ашып, дәлелдеп айту ұсынылады.
4-тапсырма: «Мақал — сөздің мәйегі»
Сан есім кездесетін 3 мақал-мәтел айт.
Мақсат: сан есімді табу және оның сөйлемдегі қызметін байқау.
5-тапсырма: «Ұйқасын тап» (өлең құрастыру)
Дәптермен жұмыс
Берілген сұрақтар бойынша сөйлем құрап, сөйлем мүшелеріне талдау жаса. Әр сөйлем мүшесінің қай сөз табынан екенін ажырат.
Сұрақтар
Үлгі сөйлем
Айгүл қызық кітапты оқып бітірді.
Талдау: бастауыш, анықтауыш, толықтауыш, баяндауыш және олардың сөз таптары.
6-тапсырма: «Ой толғау»
Әдебиеттік оқу пәнінен өткен, жаттаған өлең жолдары ауыстырылып беріледі.
- Өлеңнің авторын анықта.
- Өлең жолдарын ретімен жаз.
Қорытынды
Тест жұмысы
Жалпы 6 тест сұрағы слайд түрінде көрсетіледі. Оқушылар жауапты сигналдық карточкадағы әріптік белгі арқылы көтеріп, білім деңгейін көрсетеді.
Бағалау
Оқушылардың жинаған ұпайы мен тапсырмалар орындау сапасына қарай білімдері бағаланады.
Үй тапсырмасы
Өтілген тақырыптарды қайталау және берілген үлгілер бойынша қосымша сөйлемдер құрастыру.