Сайыскерлерді таныстыру

Сабақтың тақырыбы

«ХХІ ғасыр көшбасшысы»

Сабақтың мақсаты

1) Білімділік

  • Оқушылардың математикалық және тілдік білім-біліктерін тексеру.
  • Ұмытылған тақырыптарды еске түсіру.
  • Қызықты сұрақтар арқылы білімдерін толықтыру.

2) Дамытушылық

  • Ой-өрісін кеңейту, ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
  • Логикалық ойлауды жетілдіру.
  • Оқуға, білімге қызығушылықты арттыру.
  • Еркін сөйлеу және терең ойлау дағдыларын нығайту.

3) Тәрбиелік

  • Жолдастыққа, еңбексүйгіштікке және білімқұмарлыққа тәрбиелеу.
  • Шапшаңдыққа және ұқыптылыққа баулу.

Көрнекілігі

Нақыл сөздер Жұмбақтар Карточкалар Кеспе сандар Қызыл түсті дөңгелектер Турлар жазылған плакат

Сайыстың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Уа, халайық, халайық!

Бәріне жар салайық.

Бүгінгі кеш төрінде,

Математика елінде,

Есеп шешіп жарысып,

Жұмбақ шешіп аңдысып,

Шабыт тасып, шалқысып,

Көңілді кеш жасайық.

Жұмбақ шеру шашайық:

Мұнда қызық табылады,

Жұмбақ пен есеп бәрі бар.

Ал, сайыскер балалар, білімдеріңді сынайық — ХХІ ғасырдың көшбасшысын табайық!

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді бастауыш сынып оқушылары арасында өткізілетін «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты сайыс сағатын тамашалауға шақырамыз.

Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар,
Бәрінен де ең бастысы — барлығының
Қатты істейтін миы бар!

Әділқазылар алқасы сайланады. Одан кейін сайыскерлер таныстырылады: әр сыныптан 2 озат оқушыдан қатысады.

Сайыскерлерге тілек

Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына!

Ұқыптылық пен зеректік

Жеткізер сіздей өренді

Математика сырына.

Қадамдарың оң болсын — сәт сапар тілейміз!

Ереже

  • Ойын 5 турдан тұрады.
  • Әр дұрыс жауап үшін қатысушыға 5 ұпай беріледі.
  • ІІ турдан кейін ұпайы төмен оқушылар сайыстан шығып отырады.
  • Соңында бір оқушы — көшбасшы — қалуы тиіс.

Негізгі бөлім

І тур — «Бәйге»

Ауызша сұрақтарға жауап беріледі. Бұл кезеңде жылдамдық пен дәлдік бағаланады.

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар —

Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз.

4-сынып оқушысына (I нұсқа)

  1. 1 метрде неше миллиметр бар?
  2. Шаршының периметрі мен ауданы қандай формулалар арқылы есептеледі?
  3. 10 000 саны қандай санның квадраты?

4-сынып оқушысына (II нұсқа)

  1. 1 км-де неше метр бар?
  2. Тік төртбұрыштың периметрі мен ауданы қалай есептеледі?
  3. 125 саны қай санның кубы?

3-сынып оқушысына

  1. 1 метрде неше сантиметр бар?
  2. Кесінді дегеніміз не?