Туған елге деген сүйіспеншіліктерін арттыру
Тәуелсіз Қазақстан
Бұл мәтіннің мақсаты — еліміздің тарихы туралы түсінік беру, Отанды сүюге тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге үйрету және туған елге деген сүйіспеншілікті арттыру. Сонымен қатар ана тілімізді, әдет-ғұрпымызды, салт-дәстүрімізді сақтауға баулу.
Негізгі құндылықтар
- Отанға адалдық пен жауапкершілік
- Тәуелсіздікті қадірлеу
- Рәміздерге құрмет: Ту, Елтаңба, Әнұран
- Тіл мен дәстүр сабақтастығы
Тарихи бағдар
1991 жылғы 16 желтоқсанда Тәуелсіз Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң қабылданды. Бұл күн — ел тарихындағы ең қастерлі белестердің бірі.
Тәуелсіздік — ұлттың рухын көтерген, болашаққа жол ашқан ең биік құндылық.
Мұғалім сөзі
Еліміздің тәуелсіздігі — ата-бабаларымыз армандаған қасиетті мұрат. Тәуелсіздік жолында талай боздақ жанкештілікке барды.
Ел қорғаны болған ерлердің есімі ұрпақ жадында: Ағыбай батыр, Қанжығалы Бөгенбай батыр, беріректе Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова сияқты қаһармандар елді қорғауды өмірлік ұран етті.
Кеңестік езгі күшейіп, тіліміз бен дінімізге қауіп төнген шақта Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұхамеджанова, Рүстембек Қасенов сынды қыршын жастардың ерлігі тәуелсіздікке бастар жолдың бір белесіне айналды.
Жүргізуші сөзі
Қазақстан Республикасы — біздің туып-өскен жеріміз, біздің Отанымыз. Бұл өлкеде қазақ халқы ертеден мекендеп келеді. Ата-бабамыз мал өсіріп, жер игеріп, Отанын жаудан қорғап, туған жерді кейінгі ұрпаққа аманат етті.
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған.
Әнұран туралы
«Әнұраным — жан ұраным, айтар әнім — сөйлер сөзім. Туған жерім — сағынарым. Мәңгі бақи шырқалады Республика әнұраны».
(Осы тұста Әнұран орындалады.)
Ой қозғау сұрақтары
- Қазақстан қандай ел?
- Мемлекеттік рәміздерімізді кім атайды?
- Елордамыз қалай аталады?
- Қазақстанды кім басқарады?
- Қазақстанда қанша ұлт өкілі тұрады?
Тәуелсіздік — біздің бас ұранымыз. Көгілдір Ту — болашақ бағымыз, нұрлы таңымыз.
Өлеңдер: Тәуелсіздік рухы
Анель
Он алтыншы желтоқсан — Тәуелсіздік алған күн.
Ерекше боп мәңгілік ел жадында қалған күн.
Адильхан
Он алтыншы желтоқсан — қазақ деген қалың жұрт,
Ел мерейі тасыған, бәрін кешті басынан.
Анель
Туымыз көгілдір — бір қарамай өтпейміз.
Сол көк Тудың астында көгереміз, көктейміз.
Исмайл
Мереке бүгін — ұлы күн, бабалар рухы көксеген.
Азат елдің ұлымын, теңескен төбем көкпенен.
Назар
Дүбірлетсін өңірді, дүбірлесін дүлділі.
Қазақ деген елімнің құтты болсын бұл күні!
Хор
Иә, солай.
Отан туралы өлең шумақтары
Аймерей
Көп аузынан түспейтін «Отан» деген немене?
Оның тұлға-түс кейпін, достым, білгің келе ме?
Отан — сенің ата-анаң,
Отан — досың, бауырың.
Отан — өлкең, астанаң,
Отан — аудан, ауылың.
Аружан
Отан — тарих, Отан — тіл,
Жазған елің, ер халқың.
Отан — өлең, Отан — жыр,
Көтерген көкке ел даңқын.
Алихан
Отан — туған еліміз,
Отан — туған жеріміз,
Отан — ортақ үйіміз,
Көңілді ән-күйіміз.
Отан осы, достарым, көңілге оны түйе біл!
Отан деп өсіп жас жаның, оны ардақтап сүйе біл!
Анель
Отан деген — атамекен,
Отан деген — туған ел.
Отан — ана, Отан — үлкен,
Қазақстан — туған жер!
Назар
Енді міне біз тәуелсіз ел болдық,
Басқалармен терезесі тең болдық.
Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай,
Отан үшін болуға да құрбандық!
Алихан
Ана тілім — ұраным,
Ана тілім — құралым.
Ана тілім болмаса,
Болмас еді жыр-әнім.
Мақал-мәтелдер: Отанға құрмет
Айдана
Алтын ұяң — Отан қымбат,
Құт-берекең — атаң қымбат,
Аймалайтын — анаң қымбат,
Асқар тауың — әкең қымбат. (Қазыбек би)
Исмайл
Бұлбұл гүлзарын сүйеді,
Адал адам Отанын сүйеді.
Анель
Жауда қалған бұлбұлдан
Отанға қайтқан ит артық.
Адильхан
Орағың өткір болса, қолың талмайды;
Отаның берік болса, жауың алмайды.
Аймерей
Отан — елдің анасы,
Ел — ердің анасы.
Алихан
Отан қадіріне жетпеген — өз қадіріне жетпейді.
Сахналық көрініс
1-оқушы
«Сағынған ер елін аңсайды, сарала қаз көлін аңсайды» демекші, ауылыма жеттім-ау!
2-оқушы
«Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деп бекер айтылмаған ғой, құрдас.
3-оқушы
«Ел іші — алтын бесік». Ауылдан алыстап қайда барамыз? Пәлен жерде пайда бар, өз еліңдей қайда бар — кіндік қанымыз тамған жер қашанда ыстық қой!
1-оқушы
Туған жердің жуасы да тәтті ғой, шіркін!
2-оқушы
Айтпа, құрдас! Әркімнің өз жері — жұмақ.
3-оқушы
«Туған жердің жері де көрікті, елі де сүйікті» деген рас-ау! Әркімнің өз жері — алтын бесік екенін ұмытпайық.
Ойындар мен тапсырмалар
«Әріптер сөйлейді»
Оқушы өзі таңдаған әріпті алады. Сол әріптен басталатын сұрақ қойылады.
«Кім жылдам?» (Сандар сөйлейді)
Сандардың орнына әріптерді қойып, Отан туралы мақал-мәтелді оқиды.
Әріп–сан кілті
Шифрланған мақал-мәтелдер
1-тапсырма
20, 25, 1, 18, 7, 37 24, 28, 41 20, 25, 3, 1, 24, 37, 18, 1, 18, 3, 1, 24, 25, 1, 16, 1, 7, 37
Жауабы: Отанды сүю отбасынан басталады.
2-тапсырма
20, 25, 1, 18 — 20, 25, 25, 1, 18 7, 1, 37, 24, 25, 37, 15
Жауабы: Отан — оттан да ыстық.
Негізгі ой: Отанға сүйіспеншілік — күнделікті әрекеттен, отбасыдан және тәрбие мен құрметтен басталады.
Ән
Хор: «Көк тудың желбірегені»
Қорытынды тілек
Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын,
Алдымызда барлық үміт ақталсын.
Тату-тәтті бірлік болып қашанда,
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.