Сабақтың құралдары

Сабақ тақырыбы

Ж. Жабаевтың өмірі мен өлеңдері

Сабақтың мақсаты (білімділік)

Жамбыл шығармашылығын терең зерттеп оқып, ұлы жыраудың мұрасы туралы оқығандарын ортаға салып талдауға үйрету.

«Жамбыл деген жай атым,
Халық менің шын атым!»

Сабақтың мақсаты (дамытушылық)

Өткен ғасырға үңілдіре отырып, оқушылардың Жамбыл өмірі мен поэзиясы туралы түсінігін кеңейту. Көркем дүниеге құрметпен қарауға, ойлануға жетелеу.

Сабақтың мақсаты (тәрбиелік)

Жамбыл шығармашылығы арқылы оқушыларды ата мекенін сүюге, ардақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі

  • Жаңа сабақты түсіндіру
  • Баяндау
  • Топтастыру

Құрал-жабдықтар

Кадаскоп, маркер.

Көрнекіліктер

  • Ребус
  • Сөзжұмбақ
  • Ақын суреттері мен кітаптары туралы слайдтар

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Амандасу, оқушыларды түгелдеу.
  • Оқу құралдарын тексеру.
  • Назарын сабаққа аудару.

2) Жаңа сабақ

Бұл бөлімде Ж. Жабаевтың өмір жолы мен поэзиялық әлемі таныстырылып, шығармаларының мәні талданады.

Ж. Жабаев: өмірі мен шығармашылық бастауы

Ж. Жабаев 1846 жылы 28 ақпанда Жамбыл тауының етегінде дүниеге келген. Сол себепті де оған Жамбыл есімі берілген.

Әкесі Жапа — шоқпыт шапанды, көшпелі кедей адам болған. Жамбыл киіз үйде өсіп, сол кездегі қазақ балалары сияқты көш кезінде бесігімен бірге алып жүрілген. Оның балалық шағы жоқшылықпен өтіп, ерте жастан мал бағып еңбекке араласқан.

Алайда жас жүректе үміт отын жаққан нәрсе — домбыраның күмбірлеген үні еді. Жапаның інісі домбырашы болғандықтан, Жамбыл домбыраға екі жасынан-ақ ден қояды. Ақынның сөзімен айтқанда: «Қолыма домбыра тигенде, бүкіл жан-дүнием елжірегендей болатын еді.»

Ол 14 жасында әкесінің қамқорлығынан шығып, өз бетінше күн көруге бел буады. Ел аралап, үй-үйді кезіп жарапазан айтып, өлең-жырын жұртшылыққа жеткізеді. Өлеңдері халыққа ұнап, оның өнеріне құрмет арта түседі.

Сүйінбай мектебі: ұстаз бен шәкірт

Ұстаз тұлғасы

Жамбыл 15 жасында Сүйінбайдың даусына, ақындық шеберлігіне бас иіп, оны ұстаз тұтады. Сүйінбай Аронұлы — Жамбылдың алғашқы ұстазы ғана емес, Жетісудың елге танымал, ардақталған ақындарының бірі.

Жамбылдың бағыштауы

Менің пірім — Сүйінбай,
Сөз сөйлеймін сыйынбай!
Сырлы, сұлу сөздері —
Маған тартқан сыйындай.
Сүйінбай деп сөйлесем,
Сөз келеді бұрқырап,
Қара дауыл құйындай!

Бұл жолдардан шәкірттің ұстазға деген шексіз құрметі мен рухани сабақтастық анық сезіледі.

Мұра және бүгінгі сабақ өзегі

Артында аса құнды әрі бай мұра қалдырған Жамбыл жыраудың әлі де зерттелмей жатқан қырлары көп. Ақынның кітаптары жаңартылып басылып, өлеңдері мен дастандары ұрпаққа өшпес қазына болып жетіп келеді.

Бүгінгі сабақта жыраудың «Аттандыру» өлеңі қарастырылады. Бұл туындыны атаның балаға арналған ақ тілегі, батасы, жүректің түбінен жарып шыққан әкелік сезімі деуге болады. Өлеңде әкенің баласын майданға аттандырған сәтіндегі ақжол тілегімен қатар, қоштасу сарыны да аңғарылады.

Тарихи ескертпе

Алғадай — Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан ақынның ұлы.