Жамбыл аталуы

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Жамбыл Жабаевтың өмір жолына шолу жасап, шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі орны мен маңызын түсіндіру. «Аттандыру» өлеңінің идеялық мәнін ашу.

Тәрбиелік

Ақынның өмірбаяны мен өлеңі арқылы оқушылардың өз еліне, тіліне сүйіспеншілігін күшейтіп, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Дамытушылық

Өлеңді талдау арқылы шығармашылық жұмысқа ынталандыру, ойлау шеберлігін, сөйлеу және жазу мәдениетін дамыту.

Сабақ форматы

  • Сабақтың түрі: аралас
  • Пәнаралық байланыс: тарих

Әдістер мен құралдар

  • Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру
  • Мәнерлеп оқу, талдау
  • Көрнекілік: слайдтар, қосымша әдебиеттер

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Ұйымдастыру.
  • Психологиялық дайындық: «Көңіл-күйің қандай?»

II. Үй тапсырмасын тексеру

Тақырып: халық поэзиясының шағын түрлері. Жұмыс форматы: «Кубизм» стратегиясы.

Тапсырмалар

  • Баянда: шағын түрлер туралы.
  • Салыстыр: тұрмыс-салт жырлары мен мұң-шер өлеңдерін.
  • Үзінді айт: өзің таңдаған жанрдан.

Еске түсіру және қолдану

  • Есіңе түсір: «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырындағы қоштасу өлеңі.
  • Мысал келтір: естірту өлеңі және қысқаша мәлімет.
  • Жатқа оқы: бата.

III. Жаңа сабақ: Жамбыл Жабаев және «Аттандыру»

Ой шақыру: «Жамбыл туралы не білеміз?»

  1. 1«Жамбыл» аталуына қатысты деректер.
  2. 2«Қобызшы бала» туралы дерек.
  3. 3«Бөлтірік ақын осы екен» деген тану сәті.
  4. 4Алғашқы дәріс, алғашқы тәлім.
  5. 5«Менің пірім – Сүйінбай» ұстанымы.
«Жамбылдың туған халқының өмірін жүз жыл талмай жырлауының өзі де – ерлік».
Родригес Роман, Куба қайраткері
«Жамбыл халық поэзиясының ғасыр жасаған емені, ақындық еңбектің батыры, халқының мақтанышы».
М. Рыльский, А. Малышко, украин ақындары

«Жуан және жіңішке сұрақтар» стратегиясы

Негізгі сұрақтар

  • Жамбыл кім?
  • Қай жылы дүниеге келді?
  • Әкесі мен анасының есімі кім?
  • Өзіне пір тұтқан ұстазы кім?
  • Кімдермен айтысқан?

Қысқаша жауап-бағдар

  • Жамбыл — ақын, айтыскер, дастаншы, жыршы, ұстаз.
  • Туған жылы: 1846.
  • Ұстазы: Сүйінбай Аронұлы.
  • Айтыстары: Құлмамбет, Досмағамбет, Сарыбас, Айкүміс, Бақтыбай, Шашубай.
  • Туған жері: қазіргі Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Хантау бөктері.

Өлеңнен үзінді: «Күн толғауы» (1938)

Үзінді бейбіт кезеңде жазылған. Кейін Ұлы Отан соғысы басталды.

Көктей түс Отанымның шаттық бағы,
Кел ұшып, сайрай түсші бұлбұл тағы.
Бұлбұлдай шаттық жырын ақтарыңдар,
От жүрек еркіндіктің адамдары.

Жамбыл. «Күн толғауы»

Жамбыл поэзиясындағы негізгі арқау

Отанға, халыққа деген сүйіспеншілік, ынтымақ пен бірлік — Жамбыл шығармаларының өзегі. Ақын Отан қорғау тақырыбын жырлағанда халық батырларын үлгі етіп, кейінгі ұрпаққа өнеге ұсынады.

Соғыс жылдарындағы жырлар

  • «Ленинградтық өренім» (1941)
  • «Мәскеу»
  • «Патша әмірі тарылды»
  • «Зілді бұйрық»
  • «Ұлы көш толғауы»

Дастандары мен жыршылық дәстүрі

  • Дастандары: «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр», «Замана ағымы», т.б.
  • Жырлаған эпостары: «Манас», «Ләйлі – Мәжнүн», «Жүсіп – Зылиха», т.б.
  • Кейбір жырларды тәулік бойы талмай айтуымен танылған.
«“Ленинградтық өренім” жарияланған тұс — ең ауыр кезең еді. Халықтың рухын көтеру үшін бұл жыр радиодан күн сайын оқылды. Бомбадан тығылудың орнына Жамбыл өлеңі басылған газетті алу үшін кезекке тұрғанын талай көрдік».
Прокофьевтің естелігінен

Тұжырымдама кестесі: соғыстың сипаты

Сұрақ Жауап-бағдар
Соғыс адамзатқа қандай зардап әкелді? Бомба тасталды, оқ атылды, халық еріксіз әскерге аттанды; ел ер-азаматсыз қалды; қала мен ауыл қирады, қырғын болды.
Соғысқа қарсы қандай күштер жасақталды? Әскер қатары күшейтілді, білікті мамандар жинастырылды; оқ-дәрі, киім-кешек, мініс ат және өзге қажет-жарақ майданға жіберілді.
Жауынгерлер қандай ерліктер көрсетті? Қажырлық, табандылық, достық, бірлік, отансүйгіштік, әдіс-айла мен ерлік.

Негізгі мәтін: «Аттандыру» өлеңінің контексі

Соғыс жылдарындағы ең әсерлі туындыларының бірі — Жамбылдың ұлы Алғадайды майданға аттандырғанда және Алғадай ерлікпен қаза тапқанда айтқан өлеңдері. Бұл шығармалар ауыз әдебиеті дәстүріне жақын, бата-тілек сарынында, көркем бейнемен әрі терең философиялық оймен өрілген.

Алғадай туралы қысқаша дерек

  • Алғадай — ақынның ең сүйікті ұлдарының бірі.
  • Майданға әке батасымен аттанады.
  • Жамбыл ұлының ерлігін естіген сайын қуанып, жауап хат жазып, алғыс айтқан.
  • Алғадай 1943 жылы дүниеден өткен.

Естірту дерегі

1943 жылы Алғадайдың қаза болғанын ақынға Ғали Орманов (сол кездегі хатшысы) және Әбділда Тәжібаев естірткен.

Өлең толғау секілді әуенмен айтылады, сондықтан мәтіндік талдауда ырғақ пен интонацияға ерекше назар аударылады.

Өлең құрылысына талдау (үлгі)

Автор
Ж. Жабаев
Жанр
Өлең
Тақырып
Алғадайға бата, тілек айту
Мазмұн
Әке үмітін және ел үмітін ақтау идеясы
Шумақ
5
Тармақ
4–6
Ұйқас
Қара өлең ұйқасы
Бунақ
2

Шығармашылық жұмыс

Тақырып: «Жамбыл ата». Тірек сөздер: әлемге, бата, асқақтата, Жамбыл ата.

Бастама-үлгі (толықтыруға)

Жүз жасаған …
Сүйінбайдан алдың …
Қалықтаттың кең …
Қазағымның даңқын.

IV. Бекіту

Топтастыру

Жамбыл кім?

Айтыс

Кімдермен айтысқан?

Идея

Өлеңдерінің негізгі идеясы қандай?

V. Үй тапсырмасы

  • «Аттандыру» өлеңін жаттау.
  • «Біз соғысты көрген жоқпыз. Соғыс болмасын» тақырыптарының біріне шығарма жазу.

VI. Бағалау: блиц-тест

1) Жамбыл Жабаев қай жерде дүниеге келді?

  • A) Мойынқұм ауданына қарасты Хантау баурайында
  • Ә) Шыңғыстау бөктерінде
  • Б) Көкшетау облысының Қызылту ауданында
  • В) Баянауыл ауданы, Қызылтау ауылында

2) Жамбылдың атасының есімі кім?

  • A) Жабай
  • Ә) Қанадан
  • Б) Ыстыбай
  • В) Ұлдан

3) Алғадай Жамбылұлы қай жылы дүниеден өтті?

  • A) 1936
  • Ә) 1941
  • Б) 1948
  • В) 1943

4) Жамбылдың «қобызшы» атанған нағашысы кім?

  • A) Жабай
  • Ә) Қанадан
  • Б) Ыстыбай
  • В) Ұлдан

5) Алғадайдың қаза болғанын кімдер естіртті?

  • A) Ғали Орманов, Әбділда Тәжібаев
  • Ә) Мұхтар Әуезов
  • Б) Абай Құнанбаев
  • В) Мұқағали Мақатаев

6) Соғыс кезінде халықтың рухын көтеру үшін радиодан күн сайын Жамбылдың қай өлеңі оқылды?

  • A) «Ленинградтық өренім»
  • Ә) «Шағым»
  • Б) «Кәдірбайдың төбеті»
  • В) «Сәт сайланарда»

7) «Сұраншы батыр», «Өтеген батыр» дастандарының авторы кім?

  • A) С. Аронұлы
  • Ә) Ж. Жабаев
  • Б) С. Сейфуллин
  • В) І. Жансүгіров

8) Жамбыл айтыста кімді жеңіп, өз өлкесінің ең жүйрік ақыны атанды?

  • A) Құлмамбетті
  • Ә) Айкүмісті
  • Б) Бақтыбайды
  • В) Досмағанбетті

9) Жамбыл шығармалары дүние жүзінде қанша тілге аударылған?

  • A) 15 тілге
  • Ә) 10 тілге
  • Б) 7 тілге
  • В) 40-тан астам тілге

10) Жамбылды «жаңа адамзаттың жыршысы» деп кім атады?

  • A) Ромен Роллан
  • Ә) Родригес Роман
  • Б) М. Әуезов
  • В) А. Малышко