Тіл білу - өнер

Сабақтың барысы

Бұл сабақ жоспары қазақ тілін меңгертуге бағытталған. Сабақ кезең-кезеңімен ұйымдастырылып, тыңдалым, оқылым, жазылым, тілдесім және бағалау әрекеттері жүйелі түрде жүргізіледі.

1) Ұйымдастыру кезеңі

Жетелеуші сұрақтар

  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Күз айларын атаңдар.
  • Қазір күздің қай айы?
  • Бұл айда қандай мерекелер бар?
  • Тіл мерекесі қай күні тойланады?
  • Неліктен бұл күн Тіл мерекесі күні болып белгіленген?

Күзгі мерекелер:

Білім күні, Тіл мерекесі күні, Ұстаздар күні.

1-топ

Білім

Жұлдызшалар арқылы топтарға бөліну, топ басшысын сайлау, бағалау парақшаларын алу.

2-топ

Ұстаздар

Топ ережесін еске түсіру және бірлескен жұмысқа дайындық.

3-топ

Тіл

Сабақ мақсатына сай белсенді қатысуға бағыттау.

2) Ой түрткі (тыңдалым)

Бейнеролик көрсетіледі. Бейнематериал бойынша оқушылардың пікірін білу үшін төмен және жоғары деңгейлі сұрақтар қойылады.

Талқылау сұрақтары

  1. «Полиглот» сөзін қалай түсінесіңдер?
  2. Көп тілде сөйлейтін адамдарды білесіңдер ме?
  3. Көп тіл білу — өнер ме?
  4. Сендер бірнеше тілде сөйлегілерің келе ме?
  5. Қазір сендер неше тіл үйреніп жүрсіңдер?

Қорытынды: қазақ тілін үйренуді жалғастырамыз.

3) Білімді өз бетінше меңгеру (оқылым)

Оқулықпен жұмыс кезінде INSERT әдісі қолданылады. Әр топ мәтіннің бір абзацын оқып, белгі қою арқылы түсінігін анықтайды және бір-біріне түсіндіреді.

+

Түсінікті

Толықтыру қажет

?

Түсініксіз

4) Біліктілік дағдыларын қалыптастыру

Әр топ «Тіл білу — өнер» мәтіні бойынша постер құрастырады.

Қажетті жабдықтар

  • A3 форматтағы қағаз
  • Маркерлер мен фломастерлер
  • Кітаптар

5) Жазылым

Интерактивті тақтамен жұмыс. 2-тапсырма: шылауларды қатыстырып, жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемге айналдыру.

Жұмысқа арналған сөйлемдер

  • Қазақ тілін жақсы білу үшін үнемі сөйлеу керек.
  • Отбасында ана тілінде және қазақ тілінде сөйлеуге тырысу керек.
  • Сөйлеу ортасы тіл үйренуді жеңілдетеді.
  • Отбасыммен және достарыммен қазақ тілінде сөйлесемін.
  • Тіл өлмесін десең, ол үшін күрес.

Сергіту сәті

Бейнетаспадағы жаттығулар көрсетіліп, оқушылар бірге қайталайды.

Жабдықтар: интерактивті тақта, слайдтар, үлестірмелі қағаздар.

6) Тілдесім (диалог, пікірталас)

Жаңа тақырып: «Тіл білу — өнер»

Кіріспе әңгіме: Біз үйде қай тілде сөйлейміз? Ертеректе қазақ отбасылары көбіне қазақ тілінде сөйлеген. Қазір жағдай қалай? Үйде қай тілде сөйлейтініңді айтып көр.

Сөздік жұмысы (30-бет)

  • Сөздерді мәнерлеп оқу: хормен және жекеше.
  • Аудару және түсіндіру.
  • Сөз тіркестерін және шағын сөйлемдер құрастыру.

Оқулықпен жұмыс (30-бет)

Жеке жұмыс

Мәтінді мұғалім оқиды, мәселе қояды: кім туралы? не туралы?

Топтық жұмыс

Әр топ өз бөлігін оқып, аударады; сұрақ қояды; мәтін бөлігіне ат қояды.

Жұптық жұмыс

Диалог құрастыру және рөлге бөліп айту.

Грамматикалық тақырып

  • Кесте арқылы түсіндіру жұмысы.
  • Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтарымен танысу, сөйлемдер құрастыру.

Жазбаша жұмыс

  • Сөздікпен жұмыс (31-бет): танысу, меңгеру.
  • 31-беттегі 3-тапсырманы орындау.

Бекіту

  • Пікірлесу (оқушылар құрған сұхбат негізінде).
  • Сызба бойынша салалас құрмалас сөйлемдер құру (30-бет, 1-тапсырма).

7) Сабақты бағалау

Бағалау парақшалары смайлик әдісі арқылы толтырылады. Әр оқушы өз жұмысына және топ жұмысына кері байланыс береді.

8) Үй тапсырмасы

  • Сөздерді жаттау.
  • 3-тапсырманы орындау.

9) Рефлексия

Ой қозғау сұрақтары

  • Бүгінгі сабақта не ұнады?
  • Бүгін не үйрендік?
  • Қазақ тілін үйренуге әрі қарай да тырысамыз ба?