Жаса қазақ тілі
Кіріспе
Армысыздар, құрметті оқушылар! Қазақстан — көпдиаспоралы, көптілді ел. «Жеті түрлі білім біл, жеті жұрттың тілін біл» деген дана халқымыздың өсиетін ескере отырып, өз ана тілімізбен қатар мемлекеттік тіл — қазақ тілін де жетік меңгеруіміз қажет.
Қазақ халқы «Ақыл — жастан, асыл — тастан» деп бекер айтпаған. Ендеше ұшқыр қиял мен терең ойды талап ететін «Тіл жүйрікте кім жүйрік?» атты сайыс сабағына қош келдіңіздер!
Мұғалімнің арнауы
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар ма?
Бұл бәйге — ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға — сол алда.
Топтар
I топ — «Достық»
Ұраны
Жауап беріп сұрақтарға дәл, анық —
Достықтың жеңетіні дәл, анық.
II топ — «Жұлдыз»
Ұраны
Бірігіп жарысамыз топта,
Жеңімпаз атанамыз бұл сайыста.
Сайыстың өту барысы мен шарттары
- Сайыс 5 кезеңнен тұрады.
- Тапсырмалар әртүрлі болады: жауаптарды топта талқылап, қорытынды жасап, жариялайсыздар.
- Топ мүшелерінің барлығы сайысқа белсенді қатысуы керек.
Сайыс кезеңдері мен тапсырмалар
1-кезең: «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
Әр топқа бір әріп беріледі: «Достық» тобына — А, «Жұлдыз» тобына — Ж. Топтар 1 минут ішінде берілген әріптен басталатын, әр сөз табына қатысты сөздер жазады. Кейін қойылған сұрақтарға тек сол әріптен басталатын, өздері жазған сөздермен жауап береді.
Бағалау
Әр дұрыс жауап — 1 ұпай.
Достық тобы (А)
- Сен кімсің?
- Бірінші септік?
- Ең жақын адам?
- Еліміздің бас қаласы?
- Әкеңнің әкесі?
- Сүттен жасалған сусын?
- Ең әдемі құс?
- Саған ертегі айтатын кім?
- Бал жинайтын жәндік?
- Ең тәтті жеміс?
Жұлдыз тобы (Ж)
- Сен қалай оқисың?
- Қазақтың киелі саны?
- Қазақ тілінде неше септік бар?
- Әжең қайда тұрады?
- Гүл қайда өседі?
- 1 қаңтар қандай мейрам?
- «Кімде? Неде?» — қай септіктің сұрақтары?
- Диванда отырып әке не оқып отыр?
- Сиыр, қой, түйе — нелер?
- Ең ыстық мезгіл?
2-кезең: «Шешендік өнер»
Берілген мақал-мәтелдердің жалғасын табыңыз.
- Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.
- Тіл — тас жарады, тас жармаса — бас жарады.
- Отан — отбасынан басталады.
- Мектеп — кеме, білім — теңіз.
- Күш — білімде, білім — кітапта.
- Өнер алды — қызыл тіл.
- Ақыл азбайды, білім тозбайды.
- Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын.
- Кітап — алтын қазына.
- Піл көтермегенді тіл көтереді.
3-кезең: «Шешуін тап»
Жұмбақтың шешуін тапқаннан кейін орысша аудармасын айтыңыз.
1) Қақпақты тарс-тарс жабады, терезені қағады. Уілдейді ысқырып, қорқытады баланы.
Жауабы: жел — ветер
2) Тілі бар, үні жоқ, өзін адам түсінген. Жүрегі бар, қаны жоқ, сөйлеп тұрған ішінен.
Жауабы: кітап — книга
3) Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама.
Жауабы: кітап — книга
4) Қимылдаса көп шебер, қыруар-қыруар іс бітірер.
Жауабы: қол — рука
5) Жүз мүйізі бар, үстінде киізі бар.
Жауабы: киіз үй — юрта
6) Дауысы бар, жаны жоқ. Шертсең, күйі де, әні де көп. Құлағын он бұра — ол не?
Жауабы: домбыра — домбра
7) Өзі ащы, бірақ астың дәмін келтіреді.
Жауабы: тұз — соль
8) Қара сиырым қарап тұр, қызыл сиырым жалап тұр.
Жауабы: қазан — казанок
9) Жылт-жылт етеді, жылғадан өтеді.
Жауабы: су — вода
10) Қолы жоқ сурет салады, тісі жоқ тістеп алады.
Жауабы: аяз — мороз
4-кезең: «Жаңылтпаш» сайысы
Мақсаты — жаңылтпашты тез әрі анық айту.
-
Тақпақ жаттап айтсақ жақсы-ақ.
Жатқа тақпақ жатта, тақ-тақ. -
Ата мен әже, ана да
Алма мен алмұрт тереді.
Ауылға Арман бала да,
Арбамен тасып береді. -
Баланың жаман баға алмағаны,
Мұғалім ағаның жаман болмағаны. -
Бар, май шайқа,
Байқа, жай шайқа.
5-кезең: Капитандар сайысы — «Сиқырлы жетілік»
Сұрақтарға қысқа әрі нақты жауап беріңіз.
1) Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар?
Жауап: Қазақ тіліне тән 9 дыбыс бар.
2) Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Жауап: Дыбыстар екіге бөлінеді: дауысты, дауыссыз.
3) Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
Жауап: Дауысты дыбыстар екіге бөлінеді: жуан және жіңішке.
4) Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
Жауап: Дауыссыз дыбыстар үшке бөлінеді: ұяң, үнді, қатаң.
5) Қазақ тілінде неше әріп бар?
Жауап: Қазақ тілінде 42 әріп бар.
6) Әдепті бала дегеніміз кім?
Жауап: Үлкендердің сөзіне араласпайды, автобуста орын береді.
7) Көптік жалғауларды атаңыз.
Жауап: -лар, -лер, -тар, -тер, -дар, -дер.
Қорытынды
Міне, бүгінгі «Тіл жүйрікте кім жүйрік?» атты білім сайысымыз өз мәресіне жетті. Сайыс болған жерде жеңіс те, жеңіліс те болады. Енді әділқазылар алқасы әр топтың қоржындағы ұпай санын шығарып, жеңімпаз топты анықтайды.
Музыкалық үзіліс
«Жаса, қазақ тілі!» әні.
Осымен ойынымыз аяқталды. Әділқазылар алқасына сөз береміз.