Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Ұлы поляк композиторы Фредерик Шопеннің өмірбаянымен таныстыру.
Тәрбиелік
Эстетикалық тәрбиені іске асырып, өнердегі сұлулыққа баулу; Шопен шығармашылығына қызығушылықты арттыру.
Дамытушылық
Оқушының интеллектуалдық және әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету.
Жүру барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
2 минутОқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
II. Өтілген тақырып бойынша білімді тексеру
10 минутАлдыңғы сабақта меңгерілген материал бойынша сұрақ-жауап және қысқаша талқылау.
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру
35 минут- Кіріспе
- Композитор туралы бейнеролик көру
- Балалық шағы
- Лицейде оқыған жылдары
- 1820-жылдардағы шығармашылығы
- Шығармашылығының кемелденген кезеңі
- Шығармашылығының жандануы
Фредерик Шопен: өмірі мен шығармашылығы
Фредерик Франсуа Шопен (фр. Frédéric François Chopin; пол. Fryderyk Franciszek Szopen) — поляк композиторы, пианиношы, ұлттық классикалық музыканың негізін салушылардың бірі. Ол 1810 жылы (кей деректе 1 наурыз) Варшава маңындағы Желязова-Вола елді мекенінде дүниеге келіп, 1849 жылы Парижде өмірден өтті.
Шығу тегі және алғашқы ықпал
Әкесі — француз, анасы — поляк. Шопен туған әпкесі Людвиканың ықпалымен ерте жастан музыкаға әуес болып, онымен бірге фортепианолық дуэттер орындаған.
Музыкалық білім
7 жасында фортепианода ойнауды чех музыканты В. Живныйдан, 12 жасында композицияны поляк композиторы Ю. Эльснерден үйренді.
Ерте жетістіктері және оқу жылдары
Ол лицейде (1823–1826), кейін Жоғары музыка мектебінде (1826–1829) оқыды. Жеті жасында алғашқы туындысы — фортепианоға арналған соль минор полонезін жазып, ол 1817 жылы жарық көрді. 1818 жылдан бастап пианиношы ретінде таныла бастады.
Гастрольдер және Париж кезеңі
1829 жылдан алғашқы гастрольдік сапары басталып, алдымен Венада, кейін Мюнхенде концерт берді. 1830–1831 жылдары Венада, ал 1831 жылдан Парижде тұрды. Парижде ол әдебиет пен өнердің көрнекті өкілдерімен танысты: Г. Гейне, Ж. Санд, Э. Делакруа, сондай-ақ композиторлар В. Беллини, Г. Берлиоз, Ф. Лист, Ф. Мендельсон және т.б.
Шопен музыкасының мәні
Шопен шығармалары поляк ұлттық музыкасының ірі жетістігі ғана емес, дүниежүзілік классиканың таңдаулы үлгілері саналады. Музыкадағы реализмнің ірі өкілі ретінде оның терең мазмұнды туындыларында поляк халқының азаттық үшін күресі мен қаһармандық идеялар айқын көрініс тапты.
Денсаулығы және өмірінің соңы
1835 жылы композитор ауыр науқасқа шалдығып, дәрігер кеңесімен Мальорка аралына барып, 1838–1839 жылдардың қысын сонда өткізді. Кейін жағдайы уақытша жақсарғанымен, 1847 жылы Ж. Сандпен қарым-қатынасты үзуі және 1848 жылы Англияға гастрольдік сапары денсаулығын күрт әлсіретті. Ол көп ұзамай өкпе туберкулезінен қайтыс болды.
Мәйіті Парижде жерленді, ал жүрегі өз өтініші бойынша Варшаваға жеткізіліп, бүгінге дейін сонда сақтаулы.
Мұрасы және ықпалы
- Варшавада концерттік және ғылыми-зерттеу бағытындағы жұмыстарды жүргізетін Шопен атындағы қоғам құрылған.
- 1927 жылдан бері Варшавада пианинoшылардың Шопен атындағы халықаралық байқауы өткізіледі.
- 1923 жылы Алматыда музыкалық-драма үйірмесінің күшімен Шопен шығармаларына арналған алғашқы концерт ұйымдастырылды.
- Содан бері Қазақстанда композитордың вальс, мазурка, ноктюрн, полонез және басқа да фортепианолық туындылары тұрақты орындалып келеді.
Негізгі шығармалары (қысқаша шолу)
Шопен — фортепиано мен оркестрге арналған 2 концерттің және 4 пьесаның; фортепианолық трионың, виолончель мен фортепианоға арналған сонатаның; 4 баллада, 4 скерцо, 4 экспромт; 16 полонез, 58 мазурка, 17 вальс, 21 ноктюрн, 26 прелюдия, 27 этюд, сондай-ақ көптеген әндер, рондо, вариациялар және өзге де шығармалардың авторы.
IV. Студенттің өзіндік жұмысы
30 минутФ. Шопен тақырыбы бойынша топтастыру стратегиясымен жұмыс.
V. Жаңа тақырыпты бекіту
7 минут- Ф. Шопен кім?
- Композитор қай елден шыққан?
- Қандай шығармаларымен таныстың?
- Отбасы туралы не айта аласың?
- Ф. Шопен шығармашылығын қай аспаппен көбірек байланыстырды?
- Композитор шығармашылығы қандай жанрларды қамтиды?
- Шопен музыкасының негізі не болып табылады?
VI. Қорытындылау
3 минутЖұмысты қорытындылау, бағалау.
VII. Үй тапсырмасы
3 минут- Шуберт пен Шопеннің өмірі мен шығармашылығы бойынша Венн диаграммасын жасау.
- Оқулықтың 478–486-беттерін оқып, түсінгенін айту.
Оқытушы
С. А. Ғинаятова