Бүгінгі оқитын әңгімеміз жазушы Асқар Алтайдың Дегелеңдегі жарылыс атты шығармасы
Сабақ тақырыбы
А. Алтай — «Дегелеңдегі жарылыс» (слайдтар арқылы)
Сабақтың мақсаты
- А. Алтайдың шығармашылығымен таныстыру; әңгімені оқыту; Семей полигоны және «Невада – Семей» қозғалысы туралы түсінік беру.
- Ой-өрісті кеңейту, сөздік қорды молайту, тілдік дағдыларды дамыту.
- Мәтінді дұрыс түсініп оқуға үйрету; өз еліне, халқына, жеріне деген азаматтық борыш сезімін тәрбиелеу.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Қолданылған технологиялар
- Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
- Денсаулық сақтау технологиясы
- Жергілікті компонентті қолдану
- АКТ (ИКТ)
Қолданылған әдіс-тәсілдер
- Тізбекпен оқу
- Рөлмен оқу
- Іштен оқу
- Теріп оқу
- Шығарманы өз бетіңше аяқтау
- «Авторлық орындық» стратегиясы
- Бейнеролик қолдану
- Оқуды бейнесуреттермен сәйкестендіру
- Мәнерлеп оқудың үлгісін көрсету, сөздік жұмыс жүргізу
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа дайындық, назарды шоғырландыру, оқу мақсатын нақтылау.
II. Үй тапсырмасын тексеру
- Мәтінді оқу.
- Аянға жазған хаттарды оқыту.
III. Жаңа тақырып бойынша жұмыс
Бүгін оқитын әңгімеміз — жазушы Асқар Алтайдың «Дегелеңдегі жарылыс» атты шығармасы. (Слайд 1)
Дәптерлеріңе бүгінгі күнді және сабақтың тақырыбын жазыңдар.
Автор туралы қысқаша мәлімет
Асқар Алтай — қазіргі қазақ әдебиетіндегі ірі қаламгерлердің бірі, Семей өңірінде дүниеге келген. Ол отыз жасында алғашқы романын жазған. Бүгінге дейін 2 романы, бірнеше повесі және 30-ға жуық әңгімесі жарық көрген.
Жазушы өз туған жерінің, елінің қасіреті мен мұңын арқау етіп, тарихи-әлеуметтік мәселелерді көтереді. (Слайд 2)
Оқулықпен жұмыс (98-бет)
Талқылау сұрақтары
- Дегелең деген жер туралы не білесіңдер?
- Оқулықтағы суретке назар аударыңдар: бұл ненің суреті? (бомба, жарылыс)
- Семей ядролық полигоны туралы қандай мәліметтер бар?
Негізгі деректер
Семей полигоны — әлемдегі ең ірі бес полигонның бірі. Қырық жылдан астам уақыт ішінде бұл өңірде 456 жарылыс жасалды. Соның салдарынан қатерлі ісік, қан аурулары және бұрын қазақ арасында сирек кездескен ауыр сырқаттар көбейді.
Дәл осы кезеңде аса ізгі мақсатты көздеген «Невада – Семей» қоғамдық қозғалысы құрылды. (Слайд 3)
Бейнематериал
«Полигонға жол жоқ!» атты бейнеролик арқылы қозғалыстың республикалық деңгейдегі іс-шараларын көруге болады. Ал қарапайым адамдардың, әсіресе балалардың тағдырын біз Асқар Алтайдың әңгімесі арқылы тереңірек түсінеміз.
I бөлім (үзінді) — оқу және талдау
- Мәтіннің басында кімдер туралы әңгімеленеді?
- Бас кейіпкерді атаңдар.
- Неліктен барлық бала оған әрі қызыға, әрі қызғана қарайды?
II бөлім (үзінді) — оқу және талдау
- Бұл үзіндіде не туралы айтылады?
- Ауыл адамдарының күнделікті тіршілігі: мал бағу, шөп жинау, бала тәрбиелеу.
III бөлім — оқу және талдау
- Үлкендер арасында қандай әңгіме тарады?
- Бұл хабарды халық қалай қабылдады?
- Үлкендер — үрейленіп, уайымдады; балалар — онша мән бермеді.
IV бөлім — оқу
Мәтінді мазмұн мен көркемдік детальдарға назар аудара отырып оқу.
V бөлім — оқу және талдау
- Ұлдар Дегелең тауына не үшін барды?
- Дегелең үстінде не жарылды?
- Жарылыстың әсерінен Қажымұрат қандай жағдайға душар болды?
Сергіту сәті: көзге арналған жаттығулар
- Көзді қатты жұмып, 1–3-ке дейін санап, қайта ашыңдар.
- Қолды алға созып, саусақтың ұшына қарап тұрып, саусақты бірде жақындатып, бірде алыстатыңдар.
- Саусақтың ұшына қарап, көзді жоғары-төмен, оңға-солға қозғалтыңдар.
- «Шамшырақ» жаттығуын орындаңдар.