Жабайы аңдар және құстар туралы түсініктерін кеңейту
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Сарыбұлақ ауылы
Мамыт негізгі мектебі, «Шапағат» шағын орталығы
Тәрбиеші: Куандыкова Мөлдір Алтаевна
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Оқу іс-әрекет түрі: Экология
Тақырыбы: Қысқы орман
Мақсаты
- Жабайы аңдар мен құстар туралы түсініктерін кеңейту.
- Жабайы аңдарды ажыратып, атауға үйрету.
- Жануарлар мен құстардың қысқы тіршілігі туралы мәлімет беру.
Сөздік жұмыс
Қойылған сұрақтарға толық әрі нақты жауап беруге дағдыландыру.
Қосымша тақырыптар
- Қысқы орман
- Алдаркөсе мен Шығайбай
Мотивациялық-қозғаушы кезең
Балаларды ортақ әрекетке жұмылдырып, көңіл күйін көтеру.
Шеңберге тұру және амандасу
Балалар, шеңбер бойына тұрайық.
Күннің көзі шашылып,
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу — үлкен тәрбиенің басы ғой.
Ал, қанекей, бәріміз
Үлкенге «Сәлем!» дейміз.
Күтілетін көңіл күй
- Бір-бірін тыңдау мәдениетін қалыптастыру.
- Сөйлеу белсенділігін арттыру.
- Табиғатқа қызығушылық ояту.
Іздену-ұйымдастырушы кезең
Сұрақ-жауап, жұмбақтар және өлеңдер арқылы тақырыпты ашу.
Сұрақ-жауап
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыста ауа райы қандай болады?
- Қыста орманда қандай аңдар мекендейді?
Жұмбақтар
Өзі қу жүрген жері — айғай-шу.
Жауабы: Түлкі
Қорбаң-қорбаң етеді,
Орман — оның мекені.
Тәтті балға тойып ап,
Қыста ұйқыға кетеді.
Жауабы: Аю
Қоян туралы тақпақ
Ақ қоян-ау, ақ қоян,
Ұзын құлақ, сақ қоян.
Қаша берсең орманға,
«Қорқақсың» деп ат қоям.
Құстар туралы тақпақтар
Қарға
Қарға, қарға, қарғалар,
Қар үстінде жорғалар.
Боран соқса, қор болар,
Бұтаға келіп қорғанар.
Торғай
Торғай, торғай, торғайсың,
Жақын келіп қонғайсың.
Жем шашайын, тойып ал —
Сонда торғай тоңбайсың.
Нан қиқымы туралы
Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып, қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
Қамқорлық
Жапалақтап қар жауып,
Аяз қатты қысқанда,
Жем шашайық қамқор боп —
Бақтағы біздің құстарға.
Практикалық жұмыс
Жемсауытқа жем салып, ағаш басына ілу. Қыста құстарға тұрақты түрде жем беру — табиғатқа жасаған кішігірім, бірақ маңызды көмектің бірі.
Тыйым сөздер
- Құсты атпа, жұмыртқасына тиме!
- Саңырауқұлақты баспа!
- Құмырсқаның илеуін бұзба!
Қыста қыстап қалатын құстар
Қарға, сауысқан, торғай, көгершін, шымшық, тоқылдақ және т.б.
Неге құстарды қорғау керек?
Құстар — орманның көмекшілері. Олар ағаштарды құрт-құмырсқадан, шыбын-шіркейден тазартып, табиғатқа пайдасын тигізеді. Сондықтан біз де құстарға қамқор болып жүруіміз керек.
Рефлексивті-түзетуші кезең
Кері байланыс
Қысқы орманға жасаған саяхатымыз ұнады ма?
Күтілетін нәтиже
Нені біледі
Жабайы аңдар мен құстар туралы түсінігі кеңейіп, жануарлардың төлдерінің атауларын айтуға үйренеді.
Қандай түсініктерді игереді
Аңдардың қыста немен қоректенетінін атап, түсіндіреді.
Меңгерген дағдылары
Жануарлар мен құстарға қамқорлықпен қарау керектігін түсінеді.