Өлеңді мәнерлеп оқушыларға оқыту

Сабақ тақырыбы

Әдебиеттік оқу: «Алғашқы қоңырау» (Ғ. Қайырбеков).

Сабақтың типі

Жаңа білімді меңгерту сабағы.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ.

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Оқушыларды Ғ. Қайырбековтің «Алғашқы қоңырау» өлеңімен таныстыру, өлеңнің мазмұны мен идеясын меңгерту.

Дамытушылық

Сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу; шығармашылық жұмысты қолдау; ойлау дағдысы мен сөйлеу мәдениетін дамыту.

Тәрбиелік

Өнер мен білімге сүйіспеншілікті арттыру, оқуға ынталандыру және адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер мен көрнекілік

Әдіс-тәсілдер

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Көрнекілік арқылы түсіндіру
  • Жарыс элементтері

Көрнекілік

Суреттер, интерактивті тақта материалдары.

Қосымша: «Жазушылар топтамасы» бөлімі бойынша тыңдалым және топтастыру тапсырмалары.

Сабақ жоспары

  1. I. Ұйымдастыру кезеңі
  2. II. Үй тапсырмасын тексеру
  3. III. Жаңа сабақ
  4. IV. Жаңа сабақты бекіту
  5. V. Қорытындылау, бағалау
  6. VI. Үйге тапсырма

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
  • Сабаққа дайындықты тексеру, оқу құралдарын әзірлеу.

Үй тапсырмасымен жұмыс

Мәтінді мәнерлеп оқу.

Түсінік айтуға дайындалу.

Белсенді меңгеруге дайындық

Интерактивті тақтамен жұмыс

«Жазушылар топтамасы»: Ы. Алтынсарин туралы тыңдалым.

Топтастыру (кластер)

  • Ұстаз
  • Мектеп ашты
  • Жазушы
  • Білімге шақырды
  • «Қазақ хрестоматиясы» оқулығын жазды

Жаңа сабақ

Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

Ғ. Қайырбековтің «Алғашқы қоңырау» өлеңімен таныстыру.

Оқулықпен жұмыс

  • Өлеңді мәнерлеп оқыту.
  • Әр шумақты оқи отырып, мазмұнын талдату.

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы тынығу.

Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Торғай даласында алғашқы қоңырауды соққан кім?
  2. «Қазақ даласына білім келді» дегенді қалай түсінесің?
  3. Ыбырайдың ел қамын ойлағаны қай жолдардан байқалады? Ақын Ыбырайдың есімі ұмытылмайтыны туралы не айтады?
  4. Ыбырайдың қандай өлеңдерін білесің?
  5. Ыбырай туралы мәтінді оқып бер.

Мәтін: «Дала жұлдызы — Ыбырай»

Ыбырай Алтынсарин Орынбордағы оқуын аяқтап, ұстаз болды. Торғай қаласына келісімен мектеп салдырды. Діншілдердің ықпалына ерген, қараңғы халық алғашқы кезде балаларын оқуға бере қоймады.

Сондықтан балаларды оқуға тарту үшін Ыбырай ел аралауға шықты. Ол қазақ даласының жарық жұлдызы еді: қазақ балалары үшін тұңғыш рет мектеп ашып, оқулық жазды.

Сабақты қорытындылау

«Біз не білдік?» сұрағы бойынша талқылау.

Оқушылардың жауаптарын жинақтау, негізгі ойды түйіндеу.

Бағалау

Оқушының білімі мен белсенділігі (мәнерлеп оқуы, талдауы, жауап беруі) бойынша бағалау.

Үйге тапсырма

  • Ы. Алтынсарин туралы қосымша мәлімет жинау.
  • «Алғашқы қоңырау» өлеңін мәнерлеп оқу.