Жазылуы өзгерген түбір сөздер

Қазақ тілі · 3-сынып

Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымшаның жазылуы

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі, ғаламтор желісі.

Сабақтың жабдығы

Үлестірмелі парақшалар.

Сабақ типі

Жаңа сабақ.

Жалпы мақсаты

  • Түбір мен қосымшаның жазылу заңдылықтарын меңгерту.
  • Түбір сөзден қосымшаны ажырата отырып, байланыстырып және жүйелі сөйлеу дағдыларын дамыту.
  • Шығармашылық қиялды дамыту.

Күтілетін нәтиже

  • Түбір мен қосымшаның жазылу заңдылықтарын біледі.
  • Жаттығулар орындау барысында түбір сөзден қосымшаны ажырата алады.

Әдістері

Миға шабуыл Жұптас — ойлан — бөліс Сын тұрғысынан ойлау Түсіндіру Сұрақ-жауап

Сабақтың барысы

Топқа бөлу

Оқушылар қима қағаздар арқылы екі топқа бөлінеді: «Түбір» тобы және «Қосымша» тобы.

Ынтымақтастық атмосферасы

Әрбір адам — досым, сыныптасым,
Әрбір ісің — тірлік, тірек, адамдық.
Әрбір сөзің — шындық, бірлік, адалдық,
Әрбір сабақ — үйрену, оқу, іздену.

Ұран айтылып, оқушылардың психологиялық көңіл күйі байқалғаннан кейін сабақ басталады.

Үй тапсырмасын тексеру

Сөзжұмбақ шешу арқылы өткенді қайталау:

  1. 1.Зат атауы.
  2. 2.Сөздің бөлінбейтін мағыналы бөлігі.
  3. 3.Сөздің түбірге жалғанған бөлігі.
  4. 4.Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөз.
  5. 5.Сөз мағынасын өзгертетін қосымша.
  6. 6.Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша.

Қызығушылықты ояту

«Жұбын тап» ойыны және өзіндік жұмыс арқылы салыстыру жүргізіледі:

ерік — еркі
ауыл — аулы
орын — орны
бөрік — бөркі
халық — халқы
көрік — көркі

Мағынаны тану (жаңа сабақ)

Ереже

Түбір сөзге жалғанатын қосымша дауысты дыбыстан басталса, түбірдің соңындағы к, қ, п дыбыстары г, ғ, б (кейде у) дыбыстарына өзгеруі мүмкін.

күрек → күрегі
сабақ → сабағы
тап → табады
сеп → сеуіп / себеді

1-жаттығу

Екі бағандағы сөздерді салыстыр. Қандай өзгеріс болды?

жарық — жарғы
көлік — көлігі
тарақ — тарағы
байлық — байлығы

2-жаттығу

Мәтінді оқы. Қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын тауып, өзгерген дыбыстарды ата:

сұрағына ұзындығы жағына аумағы көкірегіңді

3-жаттығу

Өлеңді оқы. Қосымша жалғанғанда түбірінде өзгеріс болатын сөздерді теріп жаз.

Жалған айтып құтылса, __________
Жүре алмайды жөнімен,
Қызармайды Жұмәлі.
__________
Серігіне сенбейді,
Шайы қалса төгіліп, __________
Сондықтан да онымен
Шыны, қасық кінәлі.
__________
Ойнағымыз келмейді.

4-жаттығу

Сөздерге үлгі бойынша қосымша қосып жаз.

Үлгілер

лақлағы
сепсебу
қапқауып

Орындау

өсімдік → өсімдігі
кеп → кебу
тап → тауып
арғымақ → арғымағы
теп → тебу
жап → жабу

Сергіту сәті

Көзге арналған жаттығулар орындалады.

Ой толғаныс

Сәйкестендіру тесті:

Терминдер

  1. 1.Түбір сөз
  2. 2.Туынды сөз
  3. 3.Түбірлес сөздер
  4. 4.Жуан айтылатын сөздер
  5. 5.Жіңішке айтылатын сөздер
  6. 6.Жазылуы өзгерген түбір сөздер

Нұсқалар

  1. 1.оқу, оқушы, оқулық
  2. 2.қалалар
  3. 3.жауып
  4. 4.мерекеңізбен
  5. 5.бала
  6. 6.жазушы

Үй тапсырмасы

5-жаттығу. Оқушылар күнделіктеріне жазады.

Бағалау

Бағалау парақшалары таратылады. Оқушылар өз жұмыстарын толтырып тапсырады.