Оқушылардың шеберліктерін шыңдау

Тақырыбы

«Жеткізсем деймін биікке, қазақтың қара баласын!»

Мақсаты

  • Мектепте өлең шығаруға қабілеті бар оқушыларды таныту.
  • Өзіндік ізденіске баулу.
  • Оқушылардың шеберлігін шыңдау.
  • Ерекше қабілетті бағалай білуге үйрету.

Көрнекілігі

  • Талаптылыққа байланысты мақал-мәтелдер.
  • Шарлар мен әсем гүлдермен безендірілген сахна.
  • Шашу, үнтаспа, домбыра.

Әдісі

Іздендіру, ой қозғау, талдау, салыстыру. Іс-шараның басында күй ойналып тұрады.

Өлең мен өнегенің жалғасы

Тарихтан тағылым

Тарихқа көз салсақ, сан түрлі оқиғаларды танып, бүгінмен салыстырамыз. Тек өз басын ғана емес, халқының болашағын ойлап, сол үшін өлең-жыр арнаған ағаларымыз бен апаларымыз қаншама.

Абайдан арна

Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
«Ондай болмақ қайда?» деп
Айтпа, ғылым сүйсеңіз.

Дүниеде де өзі, мал да өзі —
Ғылымға көңіл бөлсеңіз.

Осы сөздерге сүйене отырып, мектебіміздің жас ақындарын ортаға шақырайық. Қошеметпен қарсы алыңыздар.

Сахналық көрініс және сұхбат

Көрініс

«Саржайлау» әні орындалады. Екінші шумақтан кейін шашу шашылып, сахнаға жас ақындар шығып, орындықтарға жайғасады.

Сұрақ

Мұқағали: «Мені сөзге, жырға үйреткен, тәрбиелеген, халықты сүюге үйреткен — әжем» деген екен. Ендеше, жас ақындарға сауал: өлең жазуға не себеп болды? Отбасыңызда ақындық қасиеті бар адам бар ма? Сол туралы айтып өтсеңіздер.

(Жас ақындардың жауаптары тыңдалады.)

Өлең мен ән — егіз

Ән

«Жүректен кіріп, бойды алар» дегендей, өлең мен ән — егіз. Ендеше, әнге кезек берейік: мектебіміздің жас әнші қыздары Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындайды.

Ғабиден Мұстафиннің сөзі

«Күн жылытпайтын суық көңілді сөз ғана жылыта алады» — дегендей, ақындарымыз өлеңдерінен маржан шашсын. Ендеше, сөз кезегін жас ақындарға берейік.

Жас ақынның арнауы

Арман қуып, желдей есіп келемін,
Ақындыққа жаным жақын білемін.
Жүрекжарды өлеңімді оқысам,
Өзгелерге үлгі болсын дегенім.

7 «Ә» сынып

Ендеше, 7 «Ә» сынып оқушысы Абдуллаева Анараны ортаға шақырайық.

Әзіл-сықаққа жақын көңіл

Әзіл-сықақ өлеңдерді сүйемін,
Жақсылықты досымның бойынан көремін.
Әрбір жанның жүзіне күлкі үйірсем,
Аз да болса, бақытты менің бергенім.

Ақылова Сабираны тыңдайық.

Сазды сәт

Сұлу ән, неткен ғажапсың,
Тұла бойды еріткен.
Көңілім өсті еріксіз,
Сені ғана аңсап ем.

Ұстаз өнері

Мектебімізде дарынды оқушылармен бірге өнері кемел ұстаздар да бар. Ендеше, тарих пәнінің мұғалімі Марат Жұматайұлының орындауындағы әнді тыңдайық.

Махаббат пен ізгілік

Махаббат әлемінің тақырыбы —
Жүрегім жақсылықтың от-жалыны.
Баба-ана, туған жерге өлең арнап,
Осы ғой қыздарыңның пәк тілегі.

8 «А» сынып

8 «А» сынып оқушысы Дарханова Нұризаға сөз кезегін берейік.

Әнге кезек

Өздеріңіз білесіздер, біздің мектеп — өнер ордасы. Ендеше, әнге кезек берейік.

(Ән орындалады.)

Ұстаз — бағыт, шәкірт — үміт

Ұстаздың орны

Ұстаз — шәкіртін үнемі қадағалаушы ғана емес, баланың жан дүниесіне үңіліп, ішкі сырын, ойын, өмірге көзқарасын байқап отыратын тұлға. Ұстаз — шебер ұйымдастырушы, жетелеуші, алға ұмтылдырушы. Дарынды оқушыны биіктен көрсету жолында аянбай еңбек етеді.

Арнау

Бойыңдағы талантыңды ерте байқаппын,
Соны көріп қуанамын, шаттанам.
Әсиялар — болашақтың ақыны,
Шәкірттерім, алдарыңнан атсын таң!

Осы сөздермен 11-сынып оқушысы Әсияның жырларын тамашалауға шақырайық.

Шығармашылық тапсырма

Нұсқау

Құрметті жас ақындар, қазір сіздерге тапсырма беріледі. Мен бірнеше өлең жолын оқимын. Сіздер сол шумақты өз сөздеріңізбен, ұйқас сақтай отырып жалғастырып берулеріңіз керек.

1-тапсырма

Шәкірттерге өзіңсің ғой пана болған,
Ұстаздардың еңбегі аңыз болған.
__________________________________
__________________________________

2-тапсырма

Мектебім бар асылын иіп берген,
Жасап бірге келеміз сүйікті елмен.
__________________________________
__________________________________

3-тапсырма

Мектебім, қымбат асылсың,
Ырысың көп шашылсын.
__________________________________
__________________________________

4-тапсырма

19-шы мектебім — менің тірегім,
Шәкірттің міндеті — биік, білемін.
__________________________________
__________________________________

(Тапсырмалар қағазға жазылып, оқушыларға үлестіріледі.)

Мәнерлеп оқу және кері байланыс

Лаураның мәнерлеп оқуы

Жас ақындар өлеңдерді жалғастырып дайындалғанша, келесі кезекте мектебіміздің талантты шәкірттерінің бірі — Лаураның мәнерлеп оқуын тамашалайық.

Жұлдыздай жарық жарқырап,
Көптен озып келесің.
Жылы жүзің балбырап,
Көп шәкіртті жеңесің.

Осы сөздермен Лаураны ортаға шақырамыз. (Лаура өзі қалаған өлеңін мәнерлеп орындайды.)

Сұрақ-жауап

Лаураның жетістікке қалай жетіп жүргені жайлы білгілеріңіз келсе, сұрақтарыңызды қоя отырыңыздар.

Тапсырма нәтижесі

Енді жас ақындарымыздың өлеңді қалай жалғастырғандарын тыңдайық. Мен өлеңнің екі жолын оқимын, сіздер кезектеп жалғастырасыздар. Біз жазып алып отырамыз.

Мүмкін, мектебімізде жақсы өлең шығара алатын ақындармен қатар, жақсы сазгерлер де бар шығар?

(Өлең оқылады.)

Қорытынды және бата

Даналық сөздер

«Балалардың бойында ұлы мүмкіншіліктердің бәрі бар» — деген данышпан Фуллердің сөзі ойға оралады. Ал Жамбыл: «Ақын деген бір бұлақ, көмілер көзін ашпаса» — деп жырлаған.

Мұқағалидің сөзімен айтсақ: «Адам өміріндегі ең бақытты кез — балалық шақ».

Түйін

Бүгін жас өркен өз жүректерінен шыққан өлеңдерін оқып, ақындық өмірге тұңғыш қанат қақты. Ендеше, сол қанаттарың талмай, сіздерді алысқа — ақындық өнерге жетелесін деген ақ батамен сыныптан тыс іс-шарамызды аяқтаймыз.