Деп сайысымыздың бірінші кезеңі
«Жас тарихшы» танымдық білім сайысы
Бұл сайыс оқушылардың білімін жүйелеуге, ойлау мәдениетін дамытуға және пікірін нақты әрі әсерлі жеткізуіне мүмкіндік беретін танымдық ойын форматында өтеді.
Білімділік
Оқушыларды өз ойларын шапшаң, тұжырымды, жинақы және ашық айтуға, ұтымды сөйлей білуге, білімдерін тиімді пайдалануға баулу.
Дамытушылық
Ой әрекетін дұрыс талдай отырып топтастыруға, жинақтап нақтылай білуге үйрету; есте сақтау, шапшаң және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту; өз ойын сауатты жеткізу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік
Бір-бірін құрметтеуге, сын көтере білуге баулу; өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын, бәсекеге қабілетті, ұжымшыл әрі зерделі тұлға тәрбиелеу.
Ұйымдастыру форматы
- Түрі
- Танымдық ойын
- Әдіс-тәсілі
- Сұрақ-жауап, пікірталас
- Көрнекілігі
- Нақыл сөздер
Жүргізуші сөзі (кіріспе)
Адамзат тарихында қай кезеңде болмасын ғұламалар ғылым мен білім мәселелеріне ерекше көңіл бөлген. Қазіргі жаһандану дәуірінде дамыған елдер қатарына қосылу үшін білімнің маңызы айрықша.
Құрметті көрермендер, білімнен сусындаған жас өрендер! Қош келдіңіздер! Бүгінгі «Жас тарихшы» атты білім сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.
Әділқазы алқасы
Әділет болмаса — мықтылардың мерейі өспейді. Сондықтан сайыс нәтижесі әділ бағалануы үшін төрелік жасайтын әділқазы алқасымен танысамыз:
- ____________________________
- ____________________________
Сайыскерлер
Сайысқа 6 оқушы қатысады. Әр сайыскер өзін таныстырып, ұранын айтады және білімін көрсетеді.
Сайыскер 1
Таныстыру / Ұран
Сайыскер 2
Таныстыру / Ұран
Сайыскер 3
Таныстыру / Ұран
Сайыскер 4
Таныстыру / Ұран
Сайыскер 5
Таныстыру / Ұран
Сайыскер 6
Таныстыру / Ұран
Сайыс кезеңдері
Әр екі кезеңнен кейін ұпайы төмен екі оқушымен қоштасамыз.
-
1-кезең: Бәйге
Жедел сұрақтар арқылы бастапқы білім деңгейін анықтау.
-
2-кезең: Жеті жұрттың тілін біл
Тілдік-танымдық тапсырмалар.
-
3-кезең: Ғажайып әлем
Тарих пен мәдениетке қатысты қызықты сұрақтар.
-
4-кезең: Маңызды сегіз сұрақ
Негізгі фактілер мен ұғымдарды тексеру.
-
5-кезең: Шешендік өнер
Ойды дәлелдеп, көркем жеткізу шеберлігі.
-
6-кезең: Жорға
Шапшаңдық пен тапқырлық кезеңі.
1-кезең: Бәйге
Бәйгеге түсіп жарыспай, жүйріктің бағы жана ма?
Білім мен өнер жарысса, тәрбие-тағылым табар мән.
Бұл бәйге — ойдың бәйгесі: кім жүйрік ойға, сол алда!
Шарты
- Әр сайыскерге жеке-жеке 5 сұрақ қойылады.
- Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
Сайыскер 1 — сұрақтар
- Еліміздің оңтүстік астанасы: Алматы.
- Астана қаласының символы: Бәйтерек.
- 1993 жылғы 15 қарашада болған оқиға: ұлттық валюта енгізілді.
- «Тарихтың атасы»: Геродот.
- Қазақстан Республикасының рәміздері: Елтаңба, Ту, Әнұран.
Сайыскер 2 — сұрақтар
- «Мен қазақпын» поэмасының авторы: Ж. Молдағалиев.
- Елбасымыздың мамандығы: инженер-металлург.
- Қазақтың соңғы ханы: Кенесары.
- Алтын адам қайдан табылды?: Есік қорғанынан.
- Күйші, сазгер, дирижер, домбырашы: Н. Тілендиев.
Сайыскер 3 — сұрақтар
- Жоғарғы заң шығарушы орган: Парламент.
- Қазақстанды алғаш тәуелсіз деп таныған мемлекет: Түркия.
- «Екінші ұстаз» атанған ғұлама: Әл-Фараби.
- Қожа Ахмет Ясауи кесенесі кімнің бұйрығымен салынды?: Әмір Темір.
- Қазақстанда отарлау саясатын жүргізген мемлекет: Ресей.