Біздің балалар мектепке дайын

Сахнаның басталуы

Музыка әуенімен сахнаға екі тәрбиеші шығады.

1-тәрбиеші

Бесіктегі баланың күлгенін көрген — бір мұрат.
Алдына түсіп ананың жүргенін көрген — бір мұрат.

2-тәрбиеші

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да —
Мұндай күй болған шығар қаншаңызда!
Қол соғып, қошеметпен шығарайық
Балдырған бүлдіршін түлектерді!

Қоштасу кешіне кіріспе (орыс тілінде)

1-тәрбиеші: Ну что ж, друзья, настал тот час,
Которого мы ждали!
Мы собрались в последний раз
В уютном, светлом зале.

2-тәрбиеші: Сюда, проститься с детским садом,
Спешат дошкольники с утра.
Мы их улыбками встречаем,
Аплодисментами, друзья!

Қатысушыларды таныстыру

Каманов Багустар

Кожимова Диана

Диана

Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Қоштасатын кешімізді бастайық.
Жүздеріңнен көркем шаттық арайлы —
Болсын солай әрбір күннің, әр айдың.

Лиза

Самый лучший праздник —
Грустный и веселый.
Нас сегодня детский сад
Провожает в школу.

Марина

К нам на праздник пришли родители
И с волненьем глядят на нас,
Будто все впервые увидели
Повзрослевших детей сейчас.

Багустар

Қуанышымыз — біздің мол,
Мектепке біз тарттық жол!
Ұмытпаймыз өзіңді,
Балабақшам, қош сау бол!

Ира

Солнце лучикам веселым
В окна радостно стучит.
И гордимся мы сегодня
Словом важным — «Выпускник».

Мектепке қадам

1-тәрбиеші: Мектеп ана шақырады бізді алдан —
Алдымызда талай сан арман.
Қоштассақ та, балабақшам, сенімен,
Санамызда өзің берген өнегең.

Осы сөзден кейін балалар «Мектепке енді барайық» әнін орындайды.

2-тәрбиеші: Қоштасамын бүгін балалықпен,
Қоштасамын сиқырлы балабақпен.
Танысып мектеп деген әлеммен,
Достасамын біліммен, даналықпен.

Ертегі кейіпкерлері: Білім ханшайымы мен Хан

1-тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы: сендерге Білім ханшайымы көп сыйлық алып келе жатыр. Ең бастысы — «Ертегілер» атты кітап.

Музыка ойнайды. Ханшайым сахнаға кіреді.

Ханшайымның сөзі

Мен бәрібір мектепке барамын. Маған алтын керек емес — мен оқығым келеді!

Танысу

2-тәрбиеші: Ханшайым, сен бізге қайдан келдің?
Ханшайым: Ертегілер әлемінен.
2-тәрбиеші: Сен кіммен келдің?
Ханшайым: Ханмен.

Хан сахнаға кіреді.

Ханның күдігі және тәрбиешілердің жауабы

Хан: Мектепте білім алу — қиын жұмыс.

2-тәрбиеші: Хан тақсыр, мектепте бәрін үйретеді.

1-тәрбиеші: Біздің балалар мектепке дайын. Тапсырмаларды орындау қиын емес: аздап ойлансаң — жауабы дайын.

Логикалық жұмбақтар және санау

Хан: Қазір мен логикалық жұмбақтар оқимын, сендердің білімдеріңді тексеремін.

  1. Төрт баланың неше қолы бар?
  2. Қақпаның әр жағында 8 құлақ көрініп тұр. Неше мысық тығылып отыр?
  3. Көгалда 7 қоян отыр. Аңшы атқанда олар қашып кетті. Көгалда неше қоян қалды?
  4. Екі аюдың неше аяғы бар?
  5. Үш қоянның неше құлағы бар?

Қосымша тапсырма: 1-ден 10-ға дейін тура және кері санау.

1-тәрбиеші: Хан тақсыр, көрдіңіз бе? Біздің балалар қандай ақылды!

Хан: Сонда менің қызым қазынадағы ақшамды да санай алады ғой?

2-тәрбиеші: Әрине!

Ханның есебі: Менде 5 қап алтын бар, қызымда 5 қап алтын бар. Барлығы неше қап алтын болады?

Хан: Тамаша, бәрекелді! Егер қызым қазынамды осылай санап отырса — қандай керемет!

Мектепке дайындық ойыны

1-тәрбиеші: Сонымен, қызыңызды мектепке беретін болдыңыз ба?

Хан: Иә, әрине, берем.

2-тәрбиеші: Балалар, сендер мектепке барғанда қандай баға алуларың керек? Ендеше «Мектепке дайындық» атты ойынды ойнайық.

Құрал-жабдық: 2 портфель

Ақпарат

Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ертіс ауылы.

«Раиса» балабақшасы, тәрбиеші: Қабытаева Хадиша Барбасқызы.