Үнді дауыссыздарды ата

Сабақтың тақырыбы: «Мәтін деген не?»

Бұл сабақта оқушылар мәтіннің құрылымын, сөйлемдердің өзара байланысын, тақырып пен негізгі ойды анықтауды үйренеді. Сонымен қатар мәтін түрлерін ажыратып, берілген сөйлемдерден жүйелі мәтін құрастыруға машықтанады.

Мақсаты (білімділік)

  • Мәтін бөліктері туралы түсінік беру.
  • Дұрыс құрылмаған мәтінді қайта құру арқылы сөйлемдердің байланысын көрсету.
  • Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау.

Мақсаты (дамытушылық)

  • Өз бетімен жұмыс арқылы теориялық ойлауды дамыту.
  • Сөйлеу тілін жетілдіру.

Мақсаты (тәрбиелік)

  • Ұйымшылдыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
  • Көше тәртібін сақтауға баулу.

Сабақ түрі

Жаңа сабақты меңгерту.

Әдіс-тәсілдер

Түрлендіру, талдау, жинақтау, ой қозғау, мағынасын ашу, жұптық жұмыс, ойын әдістері.

Көрнекілігі

Интерактивті тақта.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, назарын сабақ мақсатына бағыттау.

II. Ой қозғау

Өткен тақырыпты еске түсіруге арналған сұрақтар:

  1. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
  2. Үнді дауыссыздарды ата.
  3. Ұяң дауыссыздарды ата.
  4. Қатаң дауыссыздарды ата.
  5. Сөздерді талдау.

III–IV. Жаңа сабақ және қызығушылықты ояту

Сандарды өсу ретімен орналастырғанда бүгінгі сабақтың тақырыбы шығады:

Берілген жұмбақ сөз

Нәтімегденен?

Сандар қатары

5 2 3 4 1 7 8 6 9 10 12 11 13

V. Проблемалық әдіс: мәтінді талдау

Мәтін

Бақытжан мен Қазбек әңгімелесіп отыр еді.

Бір кезде түтіннің иісін сезді.

Орындарынан тұрып, жан-жағына қарады.

Көрші үйдің қорасы өртене бастағанын көрді.

Екеуі солай қарай жүгірді.

Өртке кінәлі кішкентай балалар болып шықты.

Екі бала өртті сөндіруге кірісті.

Екі баланың ісіне ел риза болды.

Талдауға арналған сұрақтар

  1. Бұл тыңдағандарың не?
  2. Мәтінде неше сөйлем бар?
  3. Әр бөлік неден басталған?
  4. Сөйлемдер бір-бірімен байланысып тұр ма?
  5. Мәтінге қандай ат қоюға болады?
  6. Мәтіндегі негізгі ой қандай?

Негізгі ереже

Мәтін — мағына жағынан өзара байланысты екі немесе одан да көп сөйлемнен құралады.

Мәтінге ат қоюға болады, ал мәтінде негізгі ой болады.

Мәтіннің үш бөлімі бар: басы, негізгі бөлімі, соңы.

VI. Кітаппен жұмыс: 190-жаттығу

Бірінші және екінші бағандағы сөйлемдерді салыстырып оқы.

1-баған

  • Ара — жәндік.
  • Оқушы құстың суретін салды.
  • Апам тон тікті.

2-баған

  • Ара — бал беретін қанатты жәндік.
  • Ол гүл шырынымен қоректенеді.
  • Балды омартаға жинайды.

Талқылау сұрақтары

  1. Бірінші бағандағы сөйлемдерде не туралы айтылған?
  2. Екінші бағанда ше?
  3. Қандай айырмашылық байқадың?
  4. Қай бағандағы сөйлемдердің орнын ауыстырып айтуға болмайды? Неліктен?

VII. Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

VIII. «Адасқан сөйлемдер» ойыны: 191-жаттығу

Орны ауыстырылып берілген сөйлемдерден мәтін құрастыр.

Берілген сөйлемдер

  • Бөлменің ауасы таза.
  • Оның терезелері үлкен.
  • Мынау — менің бөлмем.
  • Оң жақта менің төсегім тұр.
  • Сол жақта үстел мен орындықтар қойылған.

IX. Ой қозғау: өз бөлмеңді сипатта

Әңгімелеу

Сұрағы: не істеді?

Сипаттау

Сұрағы: қандай?

Пайымдау

Сұрағы: неліктен?

X. Тіл дамыту: 192-жаттығу

Мәтінді оқып, оған ат қой.

Мәтін

Бұғы — сиырға ұқсас мал.

Оның мүйізі бұтақша тармақтанып өседі.

Олар суыққа төзімді.

Қыс кезінде қарға батпай жүру қиын.

Ал солтүстік бұғылары қарға батпай жүре алады.

Сондықтан олар көлік ретінде пайдаланылады.

Бұғылар мүк пен қынаны жейді.

Қыста қуатты, жалпақ тұяғымен қарды теуіп жайылады.

XI. Шығармашылық тапсырма

  1. Бұғы қандай жануар?
  2. Бұғының қандай ерекшелігі бар?
  3. Солтүстік бұғысы немен қоректенеді?

XII. Тіл дамыту: 193-жаттығу

Берілген тақырып пен тірек сөздерді пайдаланып мәтін құра.

Тақырып

Көше тәртібі

Жол тәртібін білейік,
Аман-есен жүрейік!

Тірек сөздер

  • көше қиылысы
  • көлік
  • бағдаршам
  • оң жақ
  • сол жақ
  • жаяулар жүретін жол

Үй тапсырмасы

  • 193-жаттығу.
  • 194-жаттығу (ауызша): қайсысы мәтін екенін дәлелде.

194-жаттығу үшін материал

Сөйлемдер (аралас)

Сейіт пен Досан — аңшылар. Аңшылар кеш оралды. Екеуінің де бүркіті және тазысы бар. Қынаның жапырақтары болады. Олар қыста болмайды. Құрылысшылар аң аулайды. Үй салды.

Ойын

«Сөз ойла, тез ойла»: бір сөзден көп сөз құрастыр.
Берілген сөз: Бесбармақ

XIII. Қорытынды

Қайталау сұрақтары

  1. Мәтін дегеніміз не?
  2. Мәтін неше бөліктен тұрады?
  3. Әр жол қалай жазылады?
  4. Мәтін неше түрге бөлінеді?

XIV. Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы, мәтінді талдауы, тапсырмаларды орындауы және өз ойын жүйелі жеткізуі бойынша бағаланады.