Тіл дамыту сұрақтарын қою

Сабақ туралы жалпы мәлімет

Сынып

1

Мұғалім

Туякова Г. К.

Тақырып

Достық

Мақсаты

  • Оқушыларға достық тақырыбын түсіндіру; достарға қатысты сөздерді меңгерту; суреттер арқылы сөздерді айтқызу; сергіту сәтін үйрету.
  • Суретпен сөйлету арқылы оқушылардың сөйлеу тілін дамыту; сөздік қорын молайту; сөздерді қайталау арқылы тіл дамыту.
  • Табиғатты аялап, қорғауға; үлкенге құрмет көрсетуге; еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

Түсіндіру, баяндау, қайталау, сөздікпен жұмыс, суретпен жұмыс, аударма, сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер

Достық туралы балалардың суреттері, ереже.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалімнің сөзі

  • Сәлеметсіздер ме, оқушылар!
  • Оқушыларды түгендеу.
  • Кітаптарың мен дәптерлерің дайын ба?

Тіл дамыту сұрақтары

  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Қандай жыл мезгілдерін білесіңдер?
  • Бүгін аптаның қай күні?
  • Қазір қандай ай?

Өткен тақырыпты қайталау

  • Хайуанаттар бағы туралы не білесіңдер?
  • Аңдардың атауларын айтыңдар.

2) Жаңа сабақ

Кіріспе

Оқушылар, бүгін біз достық туралы әңгіме қозғаймыз. Оқулықтың 154-бетін ашыңдар.

Түсіндіру

Достық — адамдардың бір-біріне адал болып, әрдайым қолдау көрсетуі. Қазақта: «Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын» деген мақал бар. Осы мақалдың мағынасын бірге талқылайық.

Сабақтың мақсаты

Достық туралы әңгімелеу, жаңа сөздерді қайталау және еркін сөйлеуге дағдылану.

Жаңа сөздер

Қазақша Орысша
Дос Друг
Достық Дружба
Ақылды Умный (-ая, -ое)
Әдемі Красивый (-ая, -ое)

1-тапсырма: монологты тыңда

— Мынау мен.

— Менің атым Нұрлан.

— Менің досым бар.

— Оның аты — ________.

2-тапсырма: сергіту сәті

Қимыл-қозғалыс арқылы сергіп аламыз (мұғалім нұсқауы бойынша).

3-тапсырма: мәтінді түсініп оқы

Мынау мен. Менің атым Нұрлан. Менің досым бар. Аты — Назерке. Ол бірінші сыныпта оқиды. Назерке — ақылды қыз.

3) Бағалау

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалаймыз.

Үй жұмысы

Оқулық: 152-бет, 5-тапсырма.

4) Қорытынды кезеңі

Қайталау сұрақтары

  • Үй жануарлары мен хайуанаттардың айырмашылығын айтып бер.
  • Хайуанаттар туралы тағы не білесіңдер?