Оқушылардың өзендер туралы білімдерін қалыптастыру, толықтыру және шыңдау
Сабақ тақырыбы: Өзендер
Бұл сабақта оқушылар өзендер туралы негізгі ұғымдарды меңгеріп, дүниежүзіндегі және Қазақстандағы кейбір ірі өзендермен танысады. Сонымен қатар оқулық, карта және қосымша материалдармен өз бетінше жұмыс істеу дағдылары дамытылады.
Сабақтың түрі
Аралас
Әдіс-тәсілдер
- Дамыта оқыту
- Ойын әдістері
- Интерактивті оқыту
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушылардың өзендер туралы білімін қалыптастыру, толықтыру және жүйелеу. Дүниежүзінің және Қазақстанның кейбір өзендерімен таныстыру.
Дамытушылық
Оқулық, карта және қосымша материалдарды пайдаланып, жеке жұмыс жасай білуге үйрету; ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік
Су көздерін ластамауға, суды таза сақтауға және үнемдеуге тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім сабақтың кіріспесін Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың мына сөзімен бастайды:
«Қазақстан 2030 жылы таза ауалы, мөлдір сулы, жасыл өлкеге айналуы тиіс».
— Н. Ә. Назарбаев
II. Жаңа сабақ
Судың қадір-қасиетін тереңірек түсіну үшін төмендегі өлең шумағы оқылады:
Су деген тіршіліктің қаны емес пе,
Су деген табиғаттың жаны емес пе,
Су жоқ жерде өмір жоқ — ол ақиқат,
Күміс су қара жердің сәні емес пе?!
Жұмбақ
Қашан да ырысқа толы,
Көктемнің келетін жолы.
Ол не?
Өзен